Бие қысырама

      Бие қысырамас (ырым). Жаңа түскен келіннің беті ашылғаннан кеиін енесі келіп, келіннің бетінен тағы сүйіп, жақсы тілек тілеп, сол жерде отырған әйелдердің ортасына «биелерің қысыр қалмасын» деп ақ мата тастайды. Бұл «бие қысырамас» деген кәде. Әйелдер бұл матаны жыртып, бөліпалып үйлеріндегі сабаның аузына «бием қысыр қалмасын, біссімілда» деп байлайды. Бұл кәде бәріне де жетуі керек. Жетпей қалғандардың өкпелеуге хақы жоқ. Соңғы жылдары халқымыздың мал шаруашылығынан қол үзе бастауына сәйкес бұл ырым ұмытылып бара жатыр.
     Мұндай жақсы салттардың ұмытылуы әрине, жақсылық емес.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.