II-Ажырасқан әйелді немесе үлкен жаста тоқал алудың қияметтік сыры

Ата жолының қазақтың дәстүрін рухани жаңғырытумен бірге қазіргі заманға сай жоғалуға айналған, азғындыққа түскен қандық тектілікті қайта қалыптастыру және жетілдірумен де байланысты құпия сырлары бар. Ата жолында,Ақ ұлдың кезінде, бұл рухани жаңғыруға аруақтар тарапынан жобасы берілгенмен, оны дұрыс меңгеріп, тәжрибеден өткізіп, жаны ғылымын түсіндіруге де ешқандай мүмкіндік болған жоқ. Бірақ қазіргі таңда аз ғана топтың бұл құпияны зертеумен тәжірибеден өткізіп жатқанымызда сөзсіз.

 

Түбінде жан ғылымынан тектілікті жетілдірудің, қазақтың ғана ұлтына тән, әлемде теңдесі жоқ, жандық психология білімі болып жазылатыны да хақ. Қазіргі таңда еркектердің тоқал алуына үкімет тарапынан заңмен қолдау болмаса да, негізнде тиым да жоқ. Сайттардың ақпараттық басылымдар беттерінде талқыланып, әйелдер қауымы тарапынан көпшілк жағдайда қарсылықпен қызғаныш тағы басқа да білімен жалған дүниенің салтымен байланысты ой жорыған пікірлер көп кездеседі. Және кейде өмірден алынған мысалдар да жазылып жатқаны бар. Сондай бір мақалада анасы қайтыс болып, әкесіне енді кемпір ал, деп оған лайықты кемпірді іздегенмен табылмай соңында әкесінің қайтыс болғаны және тағы бір жігіттің жолда бір кемпірді көлігіне отырғызып, әкесі жесір қалған, өзіне ана керегін айтып, сол кемпірдің уәдесін алып үйіне бірден түсіріп әкесіне қосқан екен.

 

Шынында бізге  ажырасқандарды былай қойғанда, еріксіз жесірленгендер, бұл заманың талабына сәйкес бола алмай, үлкен жасқа келгесін қайта жұбын таба алмаған жағдайлар ата жолында көп кездеседі.  Негізгі себепші бүгінгі таңда әйелзаттарының өте төмендеп жан, ақирет құдайдың алдында сұрау, сауап дегеннен мақұрым және үлкен жастағы әйелдердің көшеде қызша қылмаңдап, азғындап, алжып жатқанын көріп, ақырзаманың бұл жағдайына қайғыру ғана қалды. Енді қазіргі жалаңаш жаулықсыз, шалбарланған, етексіз аяғы арамданған әйелеріміздің жаны жетілмей, жасы 61-63-65 тен аспайды. Жесір еркектер де көбейе береді.

 

Ия бұл шынында қазіргі қоғамдағы әйелдеріміздің жаны жетілмей азғындауынан, бұл мәселенің шешімі де өте қиын екені сөзсіз. Жиі кездесіп жүрген бір мысалды баяндай кетейін; Осыдан он шақты жыл бұрын Бекет атаның басына зиярттап Жаңөзеннен бір таксиге отырдық Шетпеге қарай. Жүргізушіміз үлкен жасқа келген кісі екен, жұма күні болғасын, әр жерге тоқтап, сол жердегі жерленген аруақтардың тарихын айтып, маған құран оқытып арасында талай әңгіменің де басын шалдық.
Сонымен бұрын қызмет істеген, зейнетақсы да бар бірақ кемпірі қайтыс болып балалары, келіндері инабатты болса да, жалғызсырап жүрген екен. Мен; неге үйленбейсіз жесірлер көп қой?- десем. «Бірі қартайдың төсекке жармайсың десе, бірі зейнетақың аз мені асырайтын», деп мазақ қылады деген. Мен; « олай болса, сіз Бекет атаның басына үш күн түнеп тілек тілеңіз, қолыңыз бос, сосын аруақтар бір иманды әйелді жолықтырады» деп аруақтар атынан уәде мен бата беріп кетіп едім. Енді ата жолындағы біздің меңгеріп жатқан тәжірибемізден, жаның ахуалын, тектілікті сақтаудың жолынан мысал беріп көрейін.
Сонымен тақуалықсыз еркектің үлкен жаста жас әйелге үйленуі мүлде қауіпті де, тегін жоғалтуға соқтырады ұрпақтарына да зияны тиеді. Ауқаттылар дүние байлықпен сауда қылып, жас әйелді тоқал қылуды мақтан қылумен ата дәстүрі деп, әдет қылып жатқанымен, шынында шайтаны көп жастан мүйзі өсіп, қарғайдай болып, малдық қуаты артып, жаны жоғалып өз тектерін аздырып жатқандарын да білсін. Жас кезінде де діншілердің екі үш әйел алып жүргенмен өздерінің бел қуаттары әлсіз немесе тазармағандықтанда  жас әйелдердің көңілдерінің тоқтығы да жетілмей,жанына толық азық болмай, рухани егіндері де жетімді болуы мүмкін емес. Сондықтан ақыл толмай қырыққа жетіп ердің жасына ілікпей, мұндай істі мақтан қылған да дұрыс емес. Текті де әлсіретіп жібереді.

 

Сондықтанда қазіргі көптеген қыздарымыздың қан тегі әлсірген, күйеуге шығып өмірге әкелген ұрпақтары да тектілікте жетілген болуы мүмкін емес. Керісінше рұқтық тұрғыда еркектердің жындылықтары шектен де асып жатыр. Мұндай еркетерден бауырына алған қуаты қыздарына да толық тектілігін қалыптастыра алмайды, нағашылық қызметі де әлсіз болмақ.  Олай болса, мұндай рұқтық қуаттарды тазартып қорыта алатын ұлттық жанды жетілдірудің маңызы да зор. Мұны әркім өз бетемен атқарып, өз қалаумен қосылғанмен ақиреттік жағдайды тағдырлардың өз ара сәйкестігін қалыптастыруда мүмкін емес. Демек ата жолында аруақтар батасымен Құдайдың жобасымен ғана аян арқылы некелесудің жүйесін меңгерумен қазақтың ұлттын мұндай құлдыраудан алып шыға алады. Тектілігі де өсіп өркендеп әлемге үлгі болуға мүмкіндік бар.

 

Негізінде тектілікті қайта қалыптастыруға, ақ  бақсылықты меңгерген үлкен жастағы еркекпен тақуа жас әйелді қосса, онда өмірге номадтық текті ұрпақ келудің мүмкіндігі зор болмақ. Еркектерді де мұндай іске тәрбибелеуге де әйелдер қауымының рухани батырлары Алла жолында жанымен соғысқа шығуға бел байлатындары керек. Онсыз еркектер өз бетімен ұлттың тегін қайта жетілдіре алмайды да.  Қазіргі таңда рухани қуатты білімді, ілімді үлке жасқа келген, жұбайы қартайып бала тумақ түгіл, күйеуінен ұрығын қорытып тазарта алмайтын жағдайға жеткенменде, тоқал алуға келсім бермей жүргендер көп. Осындай қылық шығарумен, ерінің ұрығын бойына жинап, түрлі ауруларды көбейтуге ғана себепші болып жатқаны да бар. Яғни үлкен жасқа келіп, етек қайызы тоқтаған әйелдердің жастық шақтағыдай жыныстық қатынасақа түсуіде қауіпті бола береді және өмір жасын қысқартуға, жанының әлсіреуіне соқтырады.

 

Ал үлкендікке жеткенменде, қырықтағы еркектердей рұқтық қуатын сақтай алған, өмірге текті ұрпақ әкелуге жарайтын белі тазарған еркектер бар, бірақ оған лайық жас әйелдерде жоқ. Және бірінші орында күн көріс от басын асырау тұрғаны да кедергі болмақ.  Бірақ әрбір қауымның өз тегін қалайда қарғыс жүктерден арашалап, жеті атаға болса да тамырын жайып, бәйбішеден туылған балалардың да қан тегін қосымша жандық жүйемен жалғап, қуттандыруға мұнан басқа жол да жоқ. Бұл жан ғылымын меңгеруге, рухани тегін түзеп, жаңғыртуға шығатындар рухани батырлар, Алла жолында мал жанымен соғыса алатындар өте аз ғана қазақ ұлтында қазіргі таңда. Құдай түбінде қазақ халқының есін жиғызады, бірақ талайлар қазақ нәсілі болудан ажырап жоғалады да. Ал ойланайық енді…. (жалғасы бар шілде айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.