I-ЗІКІРДЕ КЕЛГЕН ХАБАРЛАР

Қазір діншінің бәрі Алланы еске алғыш болып; зікірдің түр-түрін меңгеріп алып мақтанып жүргендері жеткілікті. Бірақ мұны халық неге сезіне алмайды. Әлде Алла өзін еске алғандарға жауап бермейді ме? Жоқ әрине ата жолында әулие-әмилердің аруақтары арқылы үйретумен зікір оқылып халдық жағдайға еніп, Алланың хабарын күніне екі рет тыңдап, көріп кейбіреулерін халыққа да жариялап, шынға айналып жатқаны қанша десеңші..

Сонымен енді зікірдің хикметінен келген хабарлардың халыққа керегін арнаулы тақырыппен жариялап отырғанды жөн көрдік. Олай болса Раббымыздың сансыз көркем есімдері құрметінен; 1.Үкі көрінді, сол көзінде ер адамның қол өнермен байланысты бейне отырады екен. Ал оң көзін көрсетпепті, себебі оң көзінде әйелзатына көруге болмайтын, тиым салынған белгі бар екен. Мұны еркектерге ғана көрсететін жұмбақ әлемнен хабарлар екен. Бұл құс тілмен байланысты жағдай.

2.Үш саны анық көкте бейнеленді. Әли-Ғымыранға жалғану басталғаны. 3. Суда жүзген үйрек көрінді. үйрек адамзаттың ауызмен яғни әйелдердің сөз мінезімен байланысты. Суда жүзген үйрекпен құрылықтағы үйректің айырмашылыға бар екен. Сөздің екі түрлі жағдаймен байланысты пайда болуын білдіреді. «Бір сөзің су, бір сөзің от» 4. Құрандағы араның мысалы адамзаттың тілімен байланысты екен. Ащы тілің у-мен, тәтті тіліміз балымен байланыста болмақ.

5.Тал іштегі жанның бейнесі екен. «Байталды» әйелзатын жандық ерекшелігімен байланысты. Адамның жанының дүниесі жақсы көзқарасымен су екен. Көбірек жақсы сөз сөйлегенде ішкі жан дүниемізге қуат болып таза және бай болады екен. Жаман сөз -от болып, яғни жаман сөз сөйлегенде талымыз күйіп, жан дүниеміз азып, тоқтап өспей қалады екен.

6.Әйелге ашуланғанда да айғалап сөйлеуге болмайды дейді. Айқайына әйел үніні улы жәндіктер жиналып от басына , маңына шабау жасап берекетін қашырады екен. 7.Ақылды әйелде-ыстық жүрекпен жылы шырайлы болады екен. Қызды шырайлы қылудың маңызы ақылмен байланысты болмақ. 8.Брилиант тасынан маржан тал жарық болып бөлініп шығып, ол шарға айналып мөлдір, ашық түспен жатырға қарай еніп бара жатты. Әлемнің бастапқы жарық бөлшегі деген ұғым келді.

9.5 таңбалы мөр түсті жерге. Без жұлдыз да көрінді. 10. Ақан Сері ата домырасымен сөлемей, тілі шықпай жүрген балалардың тіліндегі кедергісін кесті. Енді тез сөйлейтін болады деген үн келді. 11. Хат жазуға қолайлы сәт түсті. Үкіметке басқа да жерлерге хат жазылса тиісті орнына жетеді де Алла тағаланың қалауымен орындалады екен. 12. Қасқа бастар, жалаңабастар сертке алынады екен де халық арасында толқу басталады.

13.Алла тағала қазақтың аруақтарның тілегін қабыл қылып әйел бақытын сыйлады. Бірақ ақылды жылы шырайлы әйел және ыстық жүректі әйелдер ғана ұстап қала алады екен. 14. Кәлиманың таңбасы көрінді. Антымен бірге жазылған екен. 15. Теңге өзгеріске ұшырайды деген үн келді. 16. Күнің кенеттен суығаны, пенделердің құдайға деген көңілінің суығанына, хабарларын елусіз қалдырып жатқанына жауап болып, жүректерге діріл енеді екен. Бұл Мұса пайғамбар дәуіріндегі уақиғалардың қайталануы екен. Ауа райын тұрақтандырып жайлылық болу шін ақ бақсылық қасиеттілерді көбейтумен байланысты деген үн келді. (өзіміздің жеке сауалдарға жауап берілді…) (Тамыз айы 2017 жыл)

****  ***

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.