ҚАЗАҚТЫҢ СӨЗІ НЕГЕ ҰЗЫН?

Қазақтың сөзі ұзын, деп Абай атамыз астарлағанда, сана түгіл жетеден ажырап қалғандар; қазақтың сөзі көп, деп түсініп, орыстан сөз ене берсе мүлде көбейіп кетеді деген қорқыныштан, латын таңбасымен қысқартпақ болып жатқандарында да мән бар.


Ұзын сөз, деген Адам атадан бері жалғасып келе жатқан ойдың қуаты ұғымын айтқанды. Арап ұлтының тұрмыстық ұғымдылық сөзі қазақтан қысқа, себебі олардың тарихы жаһилет дәуірінен Ысмайл пайғамбардың өмір сүрген уақытымен байланысты. Сондықтан араптарды орта топ дін ісіне қойдық деген. Ал қазақта тарихат, мағрипат ұғымдары ежелгі сөздерге ой қуатына жалғанып тарихты түгел меңгерумен байланысты еді.

Бұндай амалға құранның түскен тілі ғұндардың таңбасы да қазақтың жерінен басталып, ал қазіргі керилица деген Руно, Орхей-Енсей жазуларының жетілген түрі Кер бабадан басталады. Бірақ ақылы қысқа ел билікке білімді қауымға бұл тиімсіз, және іштей қорқыныш, іштарлықпен, өздерінен ақылдылар ұрлатқан, тартып алған екі күнін сұраушылар бұқара халықтың арасынан шығуы қауіпті болғасын, қалайда қысқартумен, әбден тозған бір таңбаның өзі әр елді әртүрлі бейнелеген жүйеге қысқа сөзді елдерге қосылуға мүделі болудың артында өздерінің тексіздіктерін жасыру ғана тұрған хақ.

Бұл сөзімізге дәлел қазақтың елдігін, рухани өрісін кеңіту, ғылымды меңгеру емес, керісінше дүние байлығын өнер-білімін меңгеру деген бағдарларынан да аңғаруға болады. Сондықтан ар-ұяттан жұрдай болғаны соншалық, Абайдың даналығын мүлде оқымаған, білмегендей болып, бүткіл білімді қауымдар, үлкендердің де сананы зердеден, ғылымды үш тілден шығармақ болудың өзі есі түзу пендесіне күлкілі және мұндай зұлымдықтан жүректе қорқып дірілдейді.

Жалпы ар-ұят, ынсап, ұждан деген не деген сауалға ел басымыздың өзі жауап бере алмайтыны да хақ. Себебі әрбір сауалға жауап беру үшін сол жақсы нәрсе өзінде болу керек, жаманы сыртта болуы шартты. Сондықтан да мұны кім іздеп, патшалықпен қорғалған ата заңымыз бар, елдік ішкі саясатымен, ұлттық сыртқы саясаты бар тәуелсіз ел құрдық, деп айтуға әлі ертерек болар. (Қараша 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.