II. Ата жолы және ел билеу саясаты. Ел билеушілерге аруақтар аманаты.

Қазақ дәстүрінің бүгінгі таңда Ата жолы болып тек қана шариғатты масһабты ғана меңгерумен емес адамзат тіршілігінің туылу мен өлімнің арасындағы барлық өмірінің қызметтерін, тағдырын дұрыс меңгеруді, мәңгілік ұждандық жанды көбейтіп өсіруді үйретеді және бақылап шектен шыққанда жазлауға құдайға ұсынып отыратынын да біле жүріңіздер.

Сонымен ата жолын ел билеушілер, діншілер тарапынан соттап, қудалап мүлде жойдық дегенмен, керісінше біз сияқтылар мұндай қара түнек қызметшілермен, дінсіздермен күресте шыңдалып, тәжірибе жинап, әрбір қазақ ұлты ғана емес, жалпы адамзаттың тағдырына Құдайдың хабарын, аруақтардың ескертуін және басына түскен азаптардан сауықтыруға да маманданып төселіп қалдық.

Толық оқу

Қазақтың тектілігі- ақылдың екі күні туралы бір сөз

Жас баланы кісілік таза ақылмен өсіру мүмкін бе? Жоқ әрине. Жас баламен ақылдың ойынын ойнап, шамасына қарай ғана өмірді тануға ақпарат беріп, баланың өзі еркін өсіп, біреулерден алданып, ақымақтарды алдап, өмірден тәжірибе жасап өссе ғана есті болып қалыптасады. Естіліктің де екі сипаты болуы керек.

Мұны сезімдік және қаракеттік деп атап, бір естілікті қалыптастыруға жете және сана қуатын қазақ дәстүріне, сопылықтың негізінде қалыптасқан салттық ерекшелік болмақ. Дін тәрбиесі де осы екі естіліктің төрт көздің түгелдігімен, масһабтық дін ұстанымының бес жалғандыққа яғни бес сезімдік, түйсіктік ақылға қарсылықты меңгеруге, екі естіліктің бірлігін жетелік ақылмен меңгеру болуы керек.

Толық оқу

Кім ақылды, кімнің ақылын алып, кімдерді жастар тыңдау керек?

Адам-тән мен жан деген Абай атамыз. «Жындар мен адам баласы» ескертеді Раббымыз. Олай болса адамзаттың екі түрлі рухани сипаты бар. Қайратылығымыз, тіршілік ету тұрғысында аман болуға жер бетінің өмірінің барлық саласын қамтуға байланысты нәпсілік әрекетеміз жындық, малдық, жануарлық сипатымыз болады. Ал жандық сипатмыз құдайлық байланыста бастапқы нұрлы жаратылысмызды меңгеруге махаббатқа сәйкесті өмір сүру үшін күресумен, дін тазасын меңгерумен, тура жолда болуымен байланысты болмақ. Толық оқу

Ел тағдыры қалай болады деген алаңдаушыларға

Қазақ елінде көп ұзамай Құдай патшалығы орнайды. Қазақты аруақтары басқаратын арсыздықтан тиылып жаппай рухани оянатын күнде жақын қалды. Бүгінгі мәңгүт болып бастың , үлкендіктің қадірінде білмейтін, дәстүрін ескіліктің салтына балайтындар сынақтан көз ашпай амалсыз құдайға мойынсұнады. «Қозылар қасқырға шабады».   Толық оқу

Сағадиев мырзаға ғибаратты мысал! БІЛІМ МИНИСТРІ БАҚЫТЖАН МЫРЗАҒА ҚҰДАЙДАН УАХИ.

Бақытжан мырза! Сіздің бір жылдан бері мектептің алғашқы сыныбынан бастап үш тілді меңгеру керек деген бастамаңызғы әулие аруақтары тарапынан берілген ескертуді жазып, сайт бетерінде жариялап, сіздің бұл бастамадан бас таруыңызды қалап едік. Өкінішке орай сіз өз мақсатыңыздан қайтпайтыныңызды кешегі күні ашық жарияладыңыз. Толық оқу

Қиямет мезгілінің сынақтары. СЫН-САҒАТЫ, КҮН ШУАҒЫ ӨРІСІНІҢ ЖЕР ЖҮЗІНЕ ӘСЕРЛЕРІ.

Тарихқа жүгінсек 1640-1710 жылдар арасында күн бетнің қара дақтары жоғалып кетіп, жер бетінде қыс қатты, қарлы болып және жер магнитінің құйынды толқындары жүргені мәлім болған. Және сол кезеңдерде жер бетінде түрлі аурулардың, аштық, жаздың ерекше ыстық болуымен бірге қуаңшылық пен жұтыңда болғаны белгілі. Осыдан 3-4 жыл шамасында да күн бетінің дақтары жоғалып және жер өз осінен ауытқығаны да ғылымда белгілі жағдай.
Соған байланысты күн бетінде ерекше жарылыстар болып, күн шуағынан толқынды өрістердің жер бетіне жеткен және түрлі әсерлермен белгілі болып та жатқаны да белгілі. Өткен жұмада осындай толқынды күн шуағының жерге жететінін мәлім болған еді.

Сонымен сол күні менің бір жақыны танысым, өзі онколгия саласының білікті маманы, ғалым дәрігер қолы бос болып, өзі тіркеуде тұрған ауданның емханасына барып, өзін толық тексеруден өткізбек болып шешкен екен. Сонан емхана дәрігерлері мұндай атақты, қадірлі кісінің келгенін қуана қарсы алып, алдына түсіп, құрдай жорғалап, барлық керекті тексеру құрылғыларынан, ең мықты деген тексеру саймандарынан түгел өткізіп, өздерінің білікті маман екендерін дәлелдеп және 20-түрлі аурудың нышанын тапқан көрінеді. Сонымен ғалым дәрігерміздің, қан қысымынан бастап жалпы бүкіл ағзасының сау жері жоқ екен.

Толық оқу

Жер нарықтық бола ма?

Жер ұлттың денсаулығының, ақ жаулық байлығының кепілі. Жерді ауыртса жер нәсілі азып, өнбей ұлт жоғалады. Жер нәсілін көбейту табиғаттың өзін-өзі емдеп тыныс алуына кедергі болмаумен байланысты. Әрбір жерден өскен біз үшін арам шөп болса, ол нәсілдік қуатты тазартушы жердің туған баласы деп білген жөн. Ал жерін тек дүние байлығы құралы ретінде танған елдердің бәрі жаны жоғалып семіздікпен дертеніп жатқанына қарамай Ел басшымыз соларды үлгі қылады. Демек ИМАНЫ әлсіз. Иман бар жерде сандан хабар келеді. Санадан хабар алғандар қуануы керек. Жерді қорғауды, ластамауды, дем алдырып тоздырмай арттағы ұрпақтарға өткізуді міндетті түрде уайым қылулары да керек. (Ойға түрткі ақылға дем тарауында бұл жағдайдың ғылымдық сырын баяндап жатырмыз)

Қазақ дәстүрінің масһабпен шектелуі және рухани дағдарыс нәтижесі

Ата жолының 2007 жылы бұқара халық арасында әулие аруақтарының батасымен жалғану арқылы қазақ дәстүріне де жан енген еді. Яғни қазақ ұлтының дүниемен, біліммен негізделіп қалған ойлау жүйесіне өзгеріс келген еді. Бірақ бұл ұлттық рухани ақталудан өтумен, дін исламды меңгеруге деген бұқара халықтың талабын, ел билікті масһаб діншілерінің , білімді қауымның азғыруымен зерттеліп, ақ –қарасын ажыртып халыққа білімін түсіндіру, әулиелік тақуалық үлгісін көрсету түгіл, керісінше жойып жіберуге заңдар шығарылды. Сонымен қазақ дәстүрінің мұндай әлем діндеріне ортақ болатын рухани құндылықтарын ислам дінімен тұтастығын қалыптастыру үшін, шариғат дін ісімен бірлену білім жүйесі болуы керек еді. Расында ол кезеңдерде ата жолы білімнің негізі Ясаауи бабамыздан бастау алып, Абай-Шәкәрімдер ғибратымен нәтижеленетінін түсініп, түсіндіре алатын философиялық мектебіміз қалыптаса алмағанды.

Сондықтан да ислам дін ғалымдары қазақ дәстүрінің 8-дінінің негізінен 9-шы тұрғыда «тоғыз жолдың» торабында болуды түсінетін ой қуатына жалғана аламай және ата жолы ғұрпынан намаздарын орындаудан өздері бас тартуымен қоймай, бұқара халық арасында бұл істердің ешқандай діндік құндылығы жоқ, керісінше адамзатты шайтандық жолға түсіру, жанды шерік қосып аздыру, дінде алты ауыз араздықты тудырады, деген пәтуалар шығарылып, қараусыз қалдыруға себепші болды. Сонан ата жолының бұқра халықтың арасынан шыққан қасиеттілердің, ал шынында шайтаннан болған жындылардың яғни кез келген жындылық қасиетті меңгере алған арсыз пенделердің ықпалында кетуіне себеп болды.

Толық оқу

ҚАЗАҚ, ЕСІҢ ЖИ!? (тақырыбына естіліктен сауал)

 

Осы ширек ғасыр — 25 ішінде мемлекетті құрушы ұлт – Қазақ — мына тексіз, дінсіз, тілсіз биліктің қолындағы ойыншығы болды.

Осы уақыт аралығында біздің Қазақ қорланудың не түрін көрді, басынан кешті. Мыналар ойдан жасаған 140 ұлттың немесе 130 ұлттың ішіндегі ең сорлысы — Қазақ болды.

Қазақты мүлдем құрту үшін «үш тіл» дегенді ойлап тапты! Қазақтың жер асты, жер үсті байлығын тонап, офшорларға тықты!

Бұлар енді Қазақтың қасиетті Жерін сатпақ! Уақытша «мораторий» дегені ойыншық!

Алдау!

Көз бояу!….

… (Ж.Көкбөрі)

Біздерден сауал?

Қазақты сорлы қылған кім? Шынында дүниенің бәрін тең бөліп байлықпен өмір сүргенде қазақ иманды болып құдайға жағар ма еді? Шет елдің салтына ермей, жастарың әншіл, сауықшыл, үлкендерің нарықшыл, ақын, жазушы, үлкендерің науқаншыл, халқың бай болуға жарысып, несие алып той тойлап арсыздығын артырмай қанағатпен қарын тойғызар деп бір-бірін ағай туыстай көріп тапқанымен бөлісер ме еді? Қызын, қатынын көшеге көтін ашып жалаңаш шығармай, жандарын өлтіртпей арлы елге айналар ма еді? Жетімін тастап, нәрестесін көшеге туып лақтырып тастауда да кедейліктен шығып жатыр ма? Әлде жұмысы бар, тамағы тоқтар шетінен иманды болып азғындыққа түспей жатыр ма?

Толық оқу

Зайырлы болу ішкі сырыңды дініңді түсіну

Зайырлы- деген ұғым адамзаттың және барлық жанды жаратылыс егелерінің, адамзат қолынан пайда болған туындыларының ішкі жасырын қасиетін білдіреді. Сонымен біздер неге зайыр сөзін мемлекеттің дін ұстанымына пайдаланып, ел билігі діннен бейтарап деп түсіндіреміз? Бір нәрсені ұғыну үшін, бейтарап болмай, сол нәрсемен бірге өмір сүріп, оның ішкі сырын жан-тәніңмен сезінбей, оның жалпы мазмұнын, құрлымын және қозғалысын, әсер-әрекетін зайырын білу мүмкін емес. Толық оқу