I. Ата жолы және ел билеу саясаты Құдайсыз қурай сынбайдының себебі

Дін білімі және  жалпы іргелі білімдердің бәрі; белгілі бір шектердің ішіндегі қозғалыс, құбылыстардың тәрбін, метафизикалық пайдалы қуаттардың басқару тетіктерін меңгеру заңдылығы. Іргелі білім жүйесін; өмірге, тұрмысқа, шаруашылық істерін меңгеруге қажетті қуаттық жүйелерді меңгеріп, пайдалы әрекеттерге, құрылғыларға, құрал, қаруларға айналдырумен байланысты және тылсымдық қуаттарды адамзаттың білімі арқылы басқаруға қызмет етеді. Сондықтан білімнің қайсысы болса да, адамзаттың өмірі, жер бетіндегі бақытты өмір сүруіне байланысты белгілі бір шектері болғандықтан шартты болып табылады. Себебі нақты істермен шектеліп, бейнелумен ғана пайдалы, зияны анықталады. Шариғат адамзатқа ортақ шартты тұрғыдағы дін ісінің білімінен, амалға айналған әрекеттердің ғибратты үлгілерінен ғана туындайтыны да сөзсіз.

Олай болса шариғат, масһаб сияқты дүние тіршілігіне байланысты білімдердің, ірігелі білімдермен келісімді түрде адамзаттың тіршілік өмірінің жақсылықтармен, ізгіліктерге айналған қажетін ғана өтеуге қызмет етуі тиіс. Енді адамзаттың болашағындағы белгісіз, бүгінгі тұрмысытық, дүниелік істерінің жақсылықтарымен өлшеніп, бейнеленіп көрнісі болмайтын және кітаптық білім тұрғысындағы да ақиретік біліммен көп, аздығымен анықталмайтын, өлшенбейтін, адам баласының белгілі бір құпия тағдырына, қаситілік жағдайына ғана байланысты құлшылық әрекеттерімен, даналықта жетілумен, рухани кемелденумен байланысты ғана анықталатын, түсіндірілетін ілімдік сипатын; дін ісі және іргелі білімдерді меңгеру дәрежесінен бөліп қарастыруды қажет етеді.

Толық оқу