Ата жолы

Бабалар салған ізбенен...


Ата жолымен Рухани жаңаруға

Ата жолының сайттары

Басқы сайт

Бұл сайтта Елбиліктің бүгінгі саясаты, ел басында отырған шенділерге аманаттар, кітаптан көшірілген салт-дәстүрлер жарияланған

Тоқберген Байтасовтың блогы

Бұл сайтта Тоқберген Байтасовтың аруақтар аманатымен жазып жатқан кітаптары, мақалалары және зікір өлеңдері жарияланған.

Жеке блогтар

Бұл сайтта Ата жолында ізденушілердің пайымдаулары мен көрген хиқметтері жарияланған

Кітаптар

Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабаларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.

Жалпы аманат бойынша 49 кітап жазылып, сол кітаптармен тылсымның 1001 есігі ашылады екен. Кітаптар ілім арқылы Құран үнімен жазылғандықтан белгілі бір тазалықты, тақуалықты талап етеді.

Ата жолы түсінігі

Ата және жол ұғымдарының қосарлана аталуынан-ақ түсінікті. Ата –бабаларымыздың меңгерген ғылымы – Ілім мен Білім ортасымен байланысты екені. Салт-дәстүрдің дінмен байланыса, қабаттаса құбылуынан болған дүние. Тылсым дүниемен, Аруақ ұғымымен тікелей байланысты.

Ата жолының бүгінгі мақсаты, үкімі – өзіңді таны, түбіңді таны, тегіңді таны, тарихыңды көтер дегені. Кімнен тудың, кім боласың, кім туады (қандай ұрпақ қалады) дегенді түсіндіреді. Ата жолының бүгінгі даму кезеңі – екінші отызжылдыққа қадам басуы. Бірінші отызжылдықта біздер зиярат етуді, тазарыну жолдарын, әдептерін үйрендік. Қаншама халық тазарынды, әруақтарын көтерді, қасиет көздері ашылды.

Ал екінші отызжылдықта біздер тақуалықты меңгеру, ғылымын (ілім мен білім ортасын) меңгеру, Ұлы бабалар кітаптарына жалғану арқылы бойдағы, текте тұрған қасиеттерді меңгеру шарты болмақ. Сонымен қатар, бойдағы қаралыққа қарсы тұру арқылы жетені қалыптастырып, сананы ашу. Бұл амалдың бәрі өз әруақтарың арқылы жүзеге асады, олардың тылсымдағы жағдайы, олардың басын көтеруі маңызды болмақ.

Ата жолының тарихы Ақ Ұл - Қыдырәлі Тарыбаев Момбайұлының атымен қатар жүреді

Ақ Ұл - Қыдырәлі Тарыбаев Момбайұлы

Бұған дейінгі тылсым төрінен жеткен бата-ақпараттарды зерттеп, зерделесек Ата жолының тарихы – тылсымдағы Аруақтардығң ұрпағы үшін шырылдап, Алладан араша сұрай біріге артындағы ұрпақтарын жетелеуге рұқсат алуы 1986 жылдан бастау алады. Тылсымдағы Аруақтың, яғни Рухтың қозғалуы жер бетіндегі ұрпақтарына әсер етіп, сол жылғы қантөгістің орын себебін де туындатады. Сол оқиғаның орын алуы Аруақтардың Алланың алдында жауапкер болып, сыни кезеңнен өтуге тура келеді...

Жер бетінда бүгінгі Ата жолының өркен жайуы Ақ Ұл - Қыдырәлі Тарыбаев Момбай ұлының атымен тікелей байланысты. Бала кезінен жетім өскен Қыдырәліні түрлі аяндармен тылсымдағы Аруақтар жетелей бастайды. Медицина таба алмайтын аурулармен ауырып, сенделтіп Әулие кезуге мәжбүрлейді. Орысша білім алған, елге сыйлы қызметі де бар Қыдырәлінің әр ұйықтағанда түсінде көретіні көретіні Бес ата – Түктібай, Сүйінбай, Сарыбай Жамбыл және Қайназар аталар. Олардың айтатыны: Қазақ халқының басына Бақ қонады, сол Бақ сен арқылы тарайды – Жол болады, деп бүгінгі Ата жолының келуін меңзейді. Сонымен, Ата жолының жер бетіндегі қозғалысы 1995-96 жылдардан бастау алады. Бұл жөнінде арнайы зерттеулер жүргізіп, том-том кітаптар жазылар кез алда...

Кері байланыс