Дін мен Діл

Бисмиллаһир-рахманир-рахим!

Адамзаттың адаспай Ұлы Иесін табуы үшін ғалам атты алып кітап жаратып, ондағы әрбір жаратылысты Өзінің құдайлығын паш етер жеке-жеке мөр, құдіреті мен шеберлігін нақыштаған бөлек-бөлек өрнек етіп безендірген Алла Тағалаға шексіз мадақ арнап, жан-тәнімізбен мақтау айтамыз. Осынау ғалам атты алып кітапты адамзаттың қатесіз оқуы һәм ақ пен қараны ажыратып, жаратылуындағы асыл міндеті мен мақсатын айқындауы үшін қолына Құран атты пәрмен беріліп, арнайы елші етіп жіберілген жаратылыстың гүлзәры, Хақтың сүйікті құлы – соңғы пайғамбар, ұлы ұстаз Мұхаммедке сансыз сәлем жолдап, шын жүректен салауат айтамыз. Сондай-ақ, Алла елшісінің пәк отбасы мен ардақты сахабаларына Жаратқанның игілігін тілейміз.

Толық оқу

Мұхан Исахан. «Асыл арнаға» Үш тілек

М.Тазабек бауырым тақауда өзің басқарып отырған  «Асыл арна» ұжымының атынан ауыз ашар өткізіп, қазақ баспасөзінің өкілдеріне дастарханыңнан дәм татқыздың. Сол кештегі ақжарма пейіліңе һәм қазақи бояуы қанық әдемі әңгімелерің үшін Алда разы болсын! Ауыз ашарда арнайы алғыс айтуға үлкендерден сөз босамады. Содан көмейіме келген тілекті іркіп қалуға мәжбүр болдым. Кеште болса, өзіңе баспасөз арқылы бар сырым, базынамды айтып отырмын.

Толық оқу

Қазағым қайда барасың?

Мемлекеттік мәселе______

Өз қайығымызды өзіміз шайқамайық

Ел болып еңсе көтергелі бері 20 жылға таяп қалды. Бір адамның өмірімен өлшегенде аз уақыт емес. Бұл 20 жастағы жігерлі, өске­лең, жи­нақы жігіттің тас шайнап, мұз бүркетін ке­зеңі. Екінші жағынан қарағанда, бодан­дық­тың қамытынан құтылып, ой-сананы сіңір бо­лып кеткен ескі сүрлеуден шығарып бүгінгі жет­кен биі­гімізге қарасақ, 20 жыл көп уақыт емес. Тәубе, іргеміз бекіді, ірі екенімізді та­ныт­тық. Ырыс – ынтымаққа, ынтымақ – бір­лікке ұла­сып жатыр. Иә, біздің халық текті ұлт екенін дәлелдеді, тәуелсіздіктің ұйытқысы бола алды.

Толық оқу

Пайғамбарымызға тіл тигізгендердің тілін қалай тиямыз?!.

Бақтыбай АЙНАБЕКОВ,
жазушы, «Қазақстан қажылары» діни бірлестігінің төрағасы

Бисмиллаһир Ирахманир Рахим
«Асыл арна» телеарнасының «Болар елдің баласы…» атты танымдық бағдарламасы бойынша «Аллаға серік қосқан адасады» деген тақырыппен көрсетілген бұл хабарының алғаш эфирден өткеніне біршама уақыт болды. Тақырыбы тәп-тәуір болған соң, кезінде уақыт бөліп, ден қойып көргеніміз бар. Масқара…

Толық оқу

Жұма – мейрам күні

Жұма күндердің ішіндегісі ең қадірлісі, мұсылмандардың мерекесі болып табылады.
Адам пайғамбар жұма күні жаратылды. Жұма күні жұмақтан шығарылады. Жұмақтағылар Аллаһу Та’аланы жұма күні көреді. Аллаһу Та’ала жұма күнін мұсылмандарға арнаған Жұма намазы уақытында сауда – саттық жасау күнә.
Жұма күні жасалған ғибадаттарға басқа күндерде жасалған ғибадаттардан екі есе артық сауап беріледі. Жұма күні істеген күнәларда екі есе болып жазылады. Жұма күндері дұға қабыл болатын бір сәт бар. Жұманың күндізі түнінен қадірлі.
Хадис шарифте былай делінді:
«Мұсылман жұма күні ғұсыл алып, жұма намазына барса, бір апталық күнәлары кешіріледі және әр қадамына сауап жазылады». «Сенбі күндері яһудилерге, жексенбі күндері христиандарға берілгені сияқты жұма күні мұсылмандарға берілді. Бұл күні мұсылмандарға қайырым, береке және жақсылық беріледі». «Жұма күні қайтыс болған мүміндерге шәйіттің сауабы беріледі және қабыр азабынан қорғалады». «Күндердің ең қадірлісі – жұма. Жұма мереке күндерінен және ашура күніненде қадірлі. Жұма дүние мен жұмақта мүміндердің мерекесі». «Ата – анасының немесе екеуінің бірінің қәбіріне әр жұма сайын баратын адамның күнәлары кешіріледі. Ақыларын өтеген болып саналады».

Садақа беру

Аллаһу Та’аланың ризылығын алу ниетімен мұқтаждарға, кедейлерге мал – мүлік, ақша беру және ар түрлі жақсылықтар жасау садақа деп аталады. Мал – мүлік адамның жақсы көретін нәрселерінің бірі. Хақ Та’ала мал – мүлік арқылы адамды сынау арқылы былай дейді: «Мені жақсы көретіндерің рас болса, сендерге берген мал – мүлкімнің бір бөлігін мұқтажға беріңдер!». Хадис шәрифтерде былай делінген:
«Үстіңгі қол астыңғы қолдан, яғни берген қол алған қол «Өз ыдысынан діндес бауырының ыдысына біраз су құю садақа болып саналады. Бұйрықтарды үйретіп, жасату және күналардан сақтандыру, діндес бауырына жылы қабақ таныту және жол көрсету де садақа болып табылады».
«Аллаһу Та’ала кейбір құлдарына көп нығмет берген. Оларды құлдарына пайдалы болу үшін жаратқан. Бұл нығметтерді Аллаһтың құлдарына таратса, нығметтері азаймайды. Егер бұл нығметтер оларға берілмесе, Аллаһу Та’ала бұл нығметтерді одан алып, басқаларға береді».
«Мен Хақ пайғамбар етіп жіберген Аллаһтың атымен ант етемін, мұқтаж туысы тұрған кезде басқа адамға садақа берген адамның садақасын Аллаһу Та’ала қабыл етпейді».

Бұл дүние сынақ әлемі

Имам Раббани ғылымдар қазынасы болған «Мәктубат» кітабында былай дейді:
«Бұл дүниеде харамдардың дәміне көркемдігіне алданбау керек. Оның жалған көріністеріне берілмеу керек. Өйткені, олардың барлығы өткінші және құнсыз нәрселер. Қазір мұндай екендігіне адамның сенбеуі мүмкін. Бірақ, ертен өлген кезде рас екендігін түсінеді. Ол кезде сенудің ешқандай пайдасы жоқ.
Бұл дүниенің сынақ әлемі екенін жақсы білу керек. Сондықтан бұл жерде достар мен дұшпандарды араластырған, барлығы мейрімділік танытқан. Алайда, қияметте достар дұшпандардан бөлінеді. Ол күні тек достарға мейрімділік жасалады».

Аллаға деген махабат және Алладан қорқу

Мұхаммед пайғамбарымыз: «Аңызда Алла Тағаладан ең көп қорқатыныңыз менмін» деген. Алладан қорқу бір залымнан қорқу сияқты болмайды. Бұл қорқыныш құрмет пен сүйіспеншілікке толы қорқыныш. Ғашық адамдардың өз сүйіктілеріне арнап жазған өлеңдеріне осындай қорқынышта екендігін көрсететін жолдар көптеп кездеседі. Бұл – сүйгенін режіту қорқынышы.
Құран Кәрімнің «Фатир» сүресінің 28-аятында «Ілімі көптің Алладан қорқулары да көп», «Рахман» сүресінің 46-аятында: «Рабының ұлылығынан қорқатын адамға екі жұмақ бұйырады» делінген. «Әнфал» сүресінің екінші және «Хаж» сүресінің отыз бесінші аяттарында: «Мүминдер Алланың есімі айтылған кезде жүректеріне қорқыныш сезімі келетін адамдар» деп көрсетілген. «Нұр» сүресінің 52-аятында: «Алла Тағала мен оның расулына мойынсұнғандар және Алладан қорқатындар қияметте азаптан құтылады» делінген. Бұл аяттар адамдарды Алладан қорқуға шақырады. «Хужурат» сүресінің 13-аятында: «Алланың алдында ең қадірлі адамдар – Одан қорқатындар» деп бұйырылған. Бұл дүниеде де Ислам ғұламалары мен Жаратқанның әулиелерін құрметтеу өте бағалы мінез болып табылады. Осындай үлкендерге құрметсіздік ету, оларды ренжіту көптеген пәлекеттерге дұшар қылады. Ислам жолында көтерілген ғұлама Алла   Тағаланың алдында өзін кіші ұстауды үлкен абырой деп біліскен. Алланың құдіретінен қорқу, Оны сүю секілді маңызды және құнды амал. Алла Тағаланы тек жақсы көріп, Одан қорықпау, Оны тек жақсылық иесі деп санау, ол күнәларды жазалмайды деп білу — қате. Алла Тағаланың көркем сипаттарымен қоса қаһарлық сипаты да бар.

Садақа беру

Көмекке мұқтаж адамдарды жарияламау, ұялтпау және олрдың мазалайтын жағдайларға дұшар етпесін көмек берілуі шарт. Дініміз садақаны, яғни көмекті жасырын түрде беруді ұсынады. Оң қолдың бергенін сол қол білмесін дейді.
Османдықтар Ислам діні көрсеткен бұл ізгі іске бағынып, садақаны берген адам мен мұқтаж адамның бір – бірін көрмеуі үшін белгілі жерлерге садақа тастарын қойған. Бұл мәрмәр бағаналар өте биік және төбесі шұңқыр болады. Қайырымды адамдар ешкіммен сөйлеспестен бұл ақшадан қажетінше алатын. Стамбулдың кейбір жерлерінде бұл тастардың біразы тарихи ескерткіш ретінде сақталуда.

Зинақорлық үлкен күнә

Зинақорлық – дініміз тыйым салған ең үлкен күнәлардың бірі. Өйткені, хадисте «Алланың алдында зинақорлықтан асқан күнә жоқ» делінген.
Бұл көп тартыс болған мәселелердің бірі. Әсіресе бұл күнәнің жүзеге асуы көбіне әйелдердің разылығымен болатындықтан Алла Тағала Құран Кәрімде бұл күнәні істегендерді жазалауда әйелді еркектен бұрын көрсетті. Бұл күнә адамға дүние мен ақыретте зиян береді және оған барлық діндерде тыйым салынған.
Пайғамбарымыз былай дейді:
«Зинақорлықтың дүниеде 3 жамандығы бар:
— Әсемдік пен нұрды кетіреді.
— Кедейлікке себеп болады.
— Өмірдің қысқаруына себеп болады.
Ақыреттегі 3 зияны мыналар:
— Алла Тағаланың азабына ұшырайды.
— Сұрақ пен есепке тартылудың қиын түрде өтуіне себеп болады.
— Тозақ отында азапталуға себеп болады».
— Тағы бір хадисте «Басқа әйелдерге қарау – көздің зинақорлығы. Оларды ұстау – қолдың зинақорлығы. Оларға бару – аяқтың зинақорлығы» — делінген.