Әулиені жақсы көру.

Хазіреті Абдулазиз Дехлеві бұйырды: Аллаһу Та’ала ризалығына қауышу мен шайтанның арбауынан құтылу үшін шежіре бойынша ұстаздары Пайғамбарымызға жеткен біз әулиені жақсы көруіміз және оның тарапынан да разылығын алған болуымыз керек. Хадис шарифте: «Аллаһтың назар салатын жері  — әулие құлының жүрегі. Яғни кім осындай жүректен орын алған болса, оған да Хақ  таала рахмет назарын салады». Мұндай бір жүректен орын алғаннан мақсатына жетпей өлсе де, ол кісі құтылған болып саналады. Себебі, құран кәрімде айтылған: «Аллаһ пен Пайғамбары қасына хижрат ету ниетімен үйінен шығып, жолда қаза тапқан адамға мақсатына жеткендей сауап беріледі» («Имадул ислам» кітабы).
 Адам өзінің жақсы көргендерімен бірге болады. Ал сүйіктілер өздерінің артынан жақсы көргендерін де алып кетеді. Егер бір адам Аллаһ пен Пайғамбарын және әулиесін жақсы көрсе, оларды оны жақсы көреді деген сөз. Өйткені Құран — кәримде: «Аллаһ оларды жақсы көреді, олар да Аллаһты жақсы көреді» — деп бұйырылды. Аллаһу Таала алдымен өзінің жақсы көретінін білдіреді. Яғни Аллаһу таала жақсы көрмейінше, құл жақсы көре алмайды. Сондықтан Аллаһу тааланың жақсы көруіне лайық болу үшін, дін ғалымдарының білдірген жолымен журуіміз керек.

Дала түріктеріне исламның таралуы

Илайка уәһиуһ уә құр

рабби зидни илма.

(Жаратушы ием,

білімімді көбейте көр).

Қуран-Кәрімнен

Түрік тектес халықтардың қалыптасуына негіз болған тайпалардың тәңірді танып білгеніне үш мың жылдың көлемі боп қалды деп жүр ғалымдар. Ал, өз жыл санауымыздың қазір жиырма ғасырын артқа салсақ, оның XII ғасыры түрік халықтары үшін ислам дініне байланысты екені тағы бар. Тарихи сана-сезім мен үлттық мүдденің қайта оянуы еліміз егемендік алып, ес жия бастаған бүгінгі кезеңнің рухани өміріндегі айтулы оқиға. Соған қарамай ел тарихын, оның әдебиет, мәдени даму жолдары мен тарихын қайта жазу — бүгінгі таңда аса күрделі қажеттіліктен кезек күттірмес зәрулікке жеткені ақиқат. Әркімнің өз тарихын білуі рухани кемелдіктің негізгі белгісі екені даусыз. Бір кездері тарихи көркем шығармалар көбейіп бара жатыр деп, оны әдебиетіміздің бетіне шіркеу ретінде басқан түстар да болған. Ал, шынтуайтына келгенде сол «көп» болып саналған тарихи романдар шын мөнінде ел-жүртымыздың бір сілкінбей қоймайтын тарихи санасының түлей бастауының белгісі ғана еді. Қай елдің тарихын назар салсаңыз да сол халықтардың сенім-нанымы сөз болған, діни оқиғалар қамтылған жазба жөдігерліктері сан алуан. Көбіне, бөрі де дінге, діни соғыстар, шіркеу-храмдардың айналасындағы оқиғалар, сол елдің тарихының жазылуына негіз болып келген.

Толық оқу

Омар Хайямның шарабы

Omarнемесе ұлы шайырдың рубаиларын қалай түсініп жүрміз?

     Біз, яғни қазақ тілді оқыр­ман­дар Омар Хайям рубаиларын ақын Қуандық Шаңғытбаевтың тәржімасы арқылы танып өстік. Обалы не керек, шығыс шайырын Шаңғытбаев орыс тілінен қазақшаға мөлдіретіп-ақ аударған. Десек те, Хайям өлеңдері бізге түпнұсқадан емес, өзге тілден, оның ішінде өзге дінді ел арқылы жет­кенiн ескеруге тиiспiз.

     Жалпы. бізге ғана емес, әлемге алдымен ағылшындар арқылы тарады. Бұл деген — Шығыстың нәзік әле­мінен бейхабар Батыс жұрты арқылы Омар өлеңдерінің терең иірімдері бұрмаланды деген сөз. Бұрмаланған жоқ деп есептегеннің өзінде ол өлеңдер­дің мән-мағынасы ұзақ жылдар бойы теріс түсіндіріліп келгені анық. Толық оқу

Пайғамбар жолымен жүрсек…

4-betҚұрбан айт мерекесі күні дәл осы тақырыпта ой қозғауға тура келеді. Себебі діндердің басты қарсыласы — материалистік философия алпауыттарының өзі Ислам дініндегі әділетті экономикалық ұстанымдарға ризашылықпен қарайды. Айталық, дінтанушылар, әсіресе кезінде КСРО-ның маркстік-лениндік идеологиясындағы алып тұлғалардың бірі — тарих ғылымдарының докторы, профессор В.И.Шереметтің пікірінше, «социализм идеясының бастауында Мұхаммед Пайғамбар тұр» екен.

Оны орыстың атақты шығыстанушысы Пайғамбар өмірінде болған мынадай жағдаймен түсіндіреді: бірде Абузар дейтін сақаба жорықтан түскен олжалардың бөлінуіне көңілі толмай, Пайғамбарға мынадай сұрақ қойыпты: «Аллаһ жолында ерлік көрсетіп, ерекше еңбек сіңіріп, мол олжаны жауымыздан тартып алуға зор үлес қосқан сақабаларыңызға ауылда қалып, толып жатқан баласын асыраудан қолы босамай жүрген әйелге бергеніңізден әлдеқайда аз үлес бөлгеніңіз қалай?» Сонда Мұхаммед Пайғамбар атақты сақабасына: «Аллаһ маған өз жолын ұстануды насихаттауға әркім қабілеті жеткенінше үлес қоссын, ал сен әр мұсылманға мұқтажына қарай олжаңды үлестір деген», — дейді. Бұдан шығатын қорытынды — социализмнің басты ұстанымы «әркімнің қабілетіне қарай, әркімге мұқтаждығына қарай» деген қағида осы бір оқиғадан кейін исламдағы нақты заңдылыққа ие болғандығы.

Толық оқу

Дағдарыстан шығу жолындағы Ислам құндылықтары

Қазір әлем халқы дағдарыстан шығу жолдарын іздестіруде. Алай­да одан қалай шығу керектігін ешкім де біле алар емес.
19-betМінеки, осындай ауыр жағдайда Елбасы­мыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Дағ­дарыстан шығу кілті» атты ма­қаласы оның санадағы жүгін же­ңілдетіп, мемлекет басшы­лары мен экономист-ғалымдарды үл­кен ойға қалдырды. Себебі Прези­дентіміз оларға: «… бұл — адам­зат әлі біліп болмаған айрықша құ­былыс. Ол әлем тарихында тең­десі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбе­гейлі өзгертетін құбылыстар са­натына жататыны анық. Сон­дық­тан да оны талдауға, ой еле­гінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көз­қарас қажет», — деп, өзі бас болып қай-қайсын да бүкіл халық игілігі үшін қызмет етуге шақырды. Біз мұны қазіргі дағдарыс кезінде де, ертеңгі дағдарыстан кейінгі ке­зеңде де естен шығармауымыз қа­жет. Сол себепті біздер, Қазақстан мұсылмандарының Діни басқар­масы, мешіт имамдары қазіргідей қиын кезеңде адамдардың рухани құлдырамауы, діни конфессиялар­дың өзара дүрдараз болмауы, ұлт­тар мен ұлыстардың тату-тәтті тір­шілігінің ыдырамауы үшін қызмет атқарудамыз. Бұл жолда біздер де өз жұмыстарымызды бұрынғыдан да жаңаша көзқарас тұрғысында құрып, жүргізуді қол­ға алып отырмыз.

Толық оқу