Келін – ене

Бұрынғы өткен заманда Қытайда Лили атты бір қыз тұрсмысқа шығып, күйеуі, енесі үшеуі бір үйде өмір сүре бастапты. Бірнеше айдан кейін бітпей кеткен келін мен ене арасындағы ұрыс – керістер нәтижесінде әрі өзі үшін, әрі әйелімен анасының ортасында қалған күйеуі үшін де тұрмыс шыдамсыз бір халге келеді. Бір шара қолдану керек деп ойлаған келін, тура әкесінің бұрынғы досы болған емшіге барып дертін айтады.
Кәрі адам оған шөптерден бір қоспа дайындайды және оны үш ай бойы күнде аз – аздап енесінің тамағына қосып тұруын айтады. Уды аз – аздап берсе, осылайша оны келінінің өлтіргені белгілі болмайтын еді. Кәрі адам келіншекке ешкімнің және күйеуінің де одан күманданбауы үшін енесімен өте жылы қарым – қатынаста болуын, ол үшін ең дәмді тағамдар пісіруін айтады.
Қуана қуана үйіне келген келін айтылғандарды бұлжытпай орындайды. Әр күн енесіне дәмді тағамдар дайындап беріп отырады. Онымен жақсы мәмледе болып, тамағына да аз – аздан уды тамызып отырады. Біраз күннен кейін енесі де қатты өзгеріп, келініне өз қызы сияқты қарай бастайды. Бұл арада енесін өз анасындай жақсы көріп қалған келін, істегендеріне қатты өкінеді. Кешірілмес қатеге жол бергенін түсініп, баяғы емшіге қайта барады. Кәрі адамға, енесіне берген уларды тазалайтын бір дәрі табуын сұрап жалынады. Көзіне жас толған кәрі адам былай дейді:
«Қымбатты Лили, саған бергендерім тек витамин ғана еді. Нағыз у ол сенің басыңда еді. Сен оған жақсы мәмледе болғаның сайын, оның да саған деген ызасы құрметке айналады. Осылайша сендер нағыз ана мен қыздай болдыңдар».
«Гүл берген қолда, гүлдің иісі қалады» дегендері осы болса керек.

Ата – анаға жақсылық жасау

Ата – анаға жақсылық жасау, оларды зиян мен қиындықтардан қорғау – парыз. Адам әке – шешесіне жылы, мейріммен қараса, Аллаһу Та’ала оған рақымдылық көзімен қарайды. Ата – анасының ризалығын алған адамға жұмақта екі есік ашылады. Оларға қарсы келген баланың күнаһар қарақшыдан айырмашылығы жоқ.
Баланың өскеннен кейін ата – анасын ренжітуі, қиындыққа дұшар етуі Аллаһу Та’аланың азабына себеп болады. Ата – ана мен күйеуінің күнәға апаратын бұйрықтарына бағыну дұрыс емес. Бірақ, ешқашан, ешқандай себеппен ата – анаға қатты, дөрекі сөйлеуге болмайды. Ата – анасы күнә істеген адам бір рет насихат айтады, олар қабылдамаса үндемейді. Олар үшін дұға етіп, истиғфар оқиды (кешірім сұрайды).
Ата – ананың қатаңдығына сабыр ету керек. Ата – анаға, қайын ата мен енеге құрмет пен қызмет ету бірінші міндет болу керек. Ата – ана мен жақын туыстарға барып тұру керек. Олардың реті мынадай:
Алдымен ана, әке, бала, ата, әже, бауыр, көке, қазыпа, таға және нағашы әпке. Бұлардан кейін олардың балалары, олдан кейін неке арқылы туыс болғандар, ең соңында көршілер.
Қайтыс болғандарға дұға етіп, Аллаһтан кешірім сұрау керек, қайырлы істер істеп, сауабын олардың рухтарына бағыштау қажет.

Ата — аналарға

Ешкім ешкімге өмір сүруді үйретпейді. Біздің ең құнды болмысымыз – балаларымыз. Балаңыздың өмір жолын сыза алмайсыз, бірақ оның өзі сызуына жол көрсете аласыз. Бақытты және дені сау балалар өсіру көп уақытты керек етеді. Үлкеннің кішіге көрсететін ізеті кішіні басқаға құрмет көрсетуге үйретеді. Баланы құрметтеу деген сөз оның тауелсіз болмыс екенін қабылдау деген сөз.
Көп сүйіспеншілік артықтық етпейді. Зияндысы – жалған сүйіспеншілік. Балаңызға біраз нәрсені шартты түрде бере аласыз. Бірақ, сүйіспеншілік шартсыз болуы керек.
Ата – ана балаға қарсы бір жақта болу керек. Осылайша, бала ата- ананың әлсіздігін пайдалану сияқты жолды қолдануды үйренбейді. Мейрімділік балаңыздың сіздің қалағаныңыздай әрекет етуге талаптандырады. Мейіріммен өскен балалар сабырлы және мейрімді болуды үйренеді.
Өмірінің мәнін түсінетін және өмірінен ләззат алатын адам жұбайы мен балаларына да мейірімді болады.
Балаңызға үгіт насихат айтқанда өзіңіз үлгі болыңыз. Сыпайылық туралық тек өзіңіздің көрсетуіңізбен ғана үйретіледі.
Балаңызға қасиеттеріңізді сіңіргіңіз келсе, аз ашуланыңыз және әрекетте жұмсақ болыңыз. Қате істеген кезіңізде мұны мойындап, айтып отырыңыз. Бала ата – анасының көрінетін ерекшеліктерін алумен қатар, көрінбейтін ерекшеліктерінде бойына сіңіреді.
Балаңызды өскен кезде сізге көрсететін жақындығы сіздің өз ата – анаңызға көрсеткеніңізден артық болмайды. Бұған қабір зияратыда кіреді. Балаңыздың өзгелердің жанында қандай болғанын қаласаңыз, оны о бастан осы әрекеттерге қарай дайындаңыз.

Бала – асыл болмыс

Бала – шінде сансыз асылдар сақталған қазына. Қолымызда біраз алтын болса, қайта, қалай сақтайтынымызды білмейміз. Ертеңіміздің үміті – балаларымызға көпетеген ата – ана иелік жасай алмауда, бұл асыл болмыстар қолдан шығарылуда. Бұны түсінген кезде кеш болып қалуы мүмкін.
Балалардың жүрегі таза айна сияқты. Алдындағы нәрсені дереу қабылдап алады. Сондықтан оларды жаман достардан алыс ұстау керек. Жаман нәрселерге тыйым салу керек. Жақсы нәрсе істесе мақтау керек. Қалағанын жеп, қалағанын киюге үйретпеу керек. Алдымен тілін, отанға деген сүйіспеншілікті, ұлтын сүюді үйрету керек, қабілеті бар болса ғылым үйрету керек. Немесе қабілетіне қарай өнерге баулу керек. Үйді басқара алатындай жасқа келгенде үйлендіру қажет.
Кейбір адамдар айтады:
«Балаларға діни тәрбие беру, оларға белгілі бр сенімді сіңдіру дұрыс емес. Бала өскеннен кейін зерттеп, қандай сенімді ұнатса, соны алсын».
Алайда, дінімізге бала тәрбиесіне ата – анасы жауапты болады. Зер салып қарайтын болсақ, мұндай сөздерді айтатындар миссионерлер немесе олардың ықпалында қалған, зиялы болып көрінгісі келетін бірнеше адамдар.
Миссионерлер бұл пікірді айтумен бірге өз балаларын туғаннан бастап шіркеуге апарып, діни рәсімдерге қатыстырады. Одан кейін кішкене кезінен бастап өз сенімдері бойынша тәрбиелеу үшін қолдарынан келгенін бәрін істейді. Тіпті, мұны ең басты міндет деп біледі. Өз балаларына осындай деңгейде діни білім беруге тырыса тұра, мұсылман балаларын дінге тәрбиелемей өсіруді талап етулері олардың негізгі мақсаттарының мұсылмандардың балаларының дінсіз болып өсуін көздейтінін аңғартады.

Қазақ қызы

Көктемді қанатына қондырып Алматыға8-d0bdd0b0d183d180d18bd0b7 құс қайтты. Шуақты ілестіре келген құстар әсем, әуезді әнін айтты.
Жер-дүниені жылылыққа орап, жүректерге іңкәр сезім сыйлап көктем келеді. Жер-Ана бусанып, тоңы жібіп, жаны кіріп, тіршілік қайта жалғасады. Ал Жер-Анамен қатар Аналар да шатыққа бөленеді. Өйткені көктемнің алғашқы күндерінде дүние дидары әйел баласының көңіліне ауады. Кірпігіне кірбің ұялатпауға, жайдары жүзге енуіне, жүрегіне қуаныш сыйлауға ұмтылады. Себебі бұл – 8-наурыз.
Қазақтың қызы! Осы бір аяулы есім жаныңды тербеп, жараңды емдеп, шабыттанып, қолыңды сермеп, сезім гүлдеп, жүректегі отты үрлеп жібереді. Қазақтың мұңы, зары, арманы, үміті, ардағы, аманаты, тарихы, өмірі, бәрі-бәрі қазақ қызының кірпігінде тұрғандай көрінеді маған. Ұлт болып ұйысуда, жұрт болып жұмылуда, халық болып қайрат тантытуда қазақ қызының (әйелдерінің деп ұғыңыз) атқарар рөлі, алар орны тым ерекше. Өйткені тал бесікті тербеткен аналар ұлттың ұлын тәрбиелейді. Атқа қонған ағаларға сенімді серік болады. Абыз-ақсақалдарға ақылшы емес пе?!

Толық оқу

Талас тартыс және ашулану

Таласып – тартысуға еш жерде рұқсат берілмейді. Ол достардың достығын азайтады, дұшпандардың дұшпандығын арттырады. Хадистерде былай бұйырылды:
«Өзінікі дұрыс болса да, тартысуға жол бермеген жұмақтың ортасынан үй беріледі».
«Өзінікі дұрыс болып, таласуға жол берген адам нағыз иманға қол жеткізе алмайды».
Ашулану да жақсы емес. Басшының ашулануы жаман нәрсе. Хадисте былай бұйырылады.
«Сұлтан ашуланса шайтан оны мазалайды». «Ашуланғанда қалағанын жасауға күші жететін адам жұмсақтық танытып ашуын жеңсе, Аллаһу Та’ала оның жүрегін сенім мен иманға толтырады».
«Ашулану шайтанның сыбырынан туындайды».
Ашулану тәкәппарлықтан туындайды. Тез ашуланатын адам пайғамбарымыз көрсеткен «Аллаһум мағфирли зәнби уә әзһиб ғайза қалби уә әжирни минәшшайтан» дұғасын оқу керек.

Қазақ қызы өз міндетін біледі

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе», — дейді М. Әуезов. Отбасы тәлім – тәрбиесіне ел тағдыры, халық болашағы байланысты. Халқымызда «Қызға қырық үйден тыю, қала берсе, қара күңнен тыю» деген мақал бар. Осыдан қыз бала тәрбиесіне тек қана анасы емес, бүкіл ауыл, ру жауапты болып отырғанын білсек керек. Бүгінде Абай, Шоқан сынды даналарды өмірге әкелген отбасы институтын сақтап қала алмай отырғандаймыз. Шындығына келгенде бала тәрбиесі – жаумен арпалысып, елді қорғаумен тең жұмыс. Бала туылғаннан бастап, жеген тамағы, білгені таза болуын қадағалаудың өзі – қиынның қиыны. Ұлжан анамыз Абайды дәретсіз емізбеген. Ұлжан анамыз ғана емес, дәстүр бойынша кез – келген қазақ осылай тәрбие берген.

Келін сәлемінің сыры

kelin-salemi

…Мезгіл түске таяп қалған. Газ плитасына шай қойылып, қайнағанша бүгінгі газеттерді қарап отыр едім, есік сынып кетердей тарсылдады. Үйде жалғыз отырған соң әрі әдеттегіден тыс мына тарсылдың өзгешелігі шошытып жіберді. Тапа-тал түс болса да есікке келіп:
— Бұл кім? — дедім.
— Мен! Атаңмын! Бар, киін! — деді күн күркірегендей үн есіктің сыртынан. Алғашқы қорыққаным қорыққан ба, зәрем ұшты. «Бар, киін» деген сөздің байыбын бірден ұға алмай, үйде киіп жүретін халатымның түймесін бір салып, бір ағыттым. Киім салатын шкафқа жүгірдім. Сасқалақтап, киімдерімді жұлмалап, әлекке түстім де қалдым. Дегенмен өзіме-өзім «сабыр-сабырлап» үстіме жеңі ұзын көйлек, басыма орамал, аяғыма шұлық тауып кидім. Барып есік ашып, ата-бабамның салтымен иіліп сәлем салдым.
— Бақытты бол, балам! — деп қолын болар-болмас басыма тигізіп, бөлмеге кірді. Ата жалғыз емес, қасында бір кісі бар, өң-түсінің қандай екенін көргенім жоқ, бірден басымды көтеруге батылым жетпеді…»

(З.Ахметова. «Шуақты күндер»)

Толық оқу

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ

Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет. Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады, өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге отар ел болып тұрға­ны­мызда “туған ұлт”, “ұлттық”, “ұлтшылдық”, “ұлттық идея”, “ұлттық мүдде”, “ұлттық тәрбие” мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің “жасампаз” интернацио­налистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін.

Толық оқу