Қазақтың мінезімен нәсілі қандай?

Қандайда адам баласы болсын жеті күнә,жамандықпен жеті жақсылықтан жаралады. Нәсілдік тұрғысында өлшемі 14 санымен байланысты. Жақсылықтың да жамандықтыңда өз ата тегің ғана емес, өзге ұлттан нәсіл болып келуі де заңдылық. Кейбіреулерінің жақсылығы өзге ұлттан нәсіл болса, кейбіреуміздің жамандығы өзге ұлттан нәсіл болып сол әдетті қылықты меңгеруге қайталауға құштарлық болмақ.  Толық оқу

Сәйгүлікке деген сүйіспеншілік. Қазақтың қанындағы қасиет

ФотоЖылқы (Eguus Caballus)  — тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары жылқының біздің заманымыздан бұрынғы 7000 жылдан әріде Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдеп отыр. Қазір Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. Қазақ жері – жылқының қолға үйретілген алтын бесігі. Оны Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3 мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2 мыңжылдық), еліміздің барлық аймақтарында кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1 – мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) дәлелдеп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленгенін, ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптық рәсімдерінің ажырамас бөлігіне айналғанын әлемге танытып берді. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін атқа мініп, оның үстінде соғысу өнерін шебер меңгергені, тұлпарларымен жүйткітіп шабуы Еуропа, Кіші Азия, Жерорта теңізінің бойындағы, Мысырдағы халықтың зәресін ұшырды. Осы кезде бұл елдерде атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тарады. Сол заманнан бері жылқы, шашасына шаң жұқпайтын сәйгүліктер – қазақтың жан серігі.

Толық оқу

Келін көңілі (салт).

 

Келін көңілі (салт). «… қазақтардың санасында жас ананың көңілін көтеру деген салт та бар» (Т.Тілеубекұлы). «Бір аяғым көрде, бір аяғым жерде» деп көңілі күпті жүретін екіқабат әйелдің қас-қабағына қарау, оның көңілін орта түсірмей, аялап ұстау. Қазақ ұлтының қашаннан бергі қалыптасқан қасиетті қағидасы. Әр отбасы, әр адам «күмәнді» келіннің көңіл-күйінің көтеріңкі болуыүшін қызмет етеді. Ол үшін ауыл – аймақ  жастары мен келіндері «келін көңілі» деген кеш ұйымдастырады. Мал сойылады, ақ бауырсақ пісіріледі, сары қымыз сапырылады. Әнші, күйші қыз – жігіттер жиналады. Әзіл – қалжың, ойын – күлкінің оты дуылдай түседі. Кешке жиналғандардың бәрі екіқабат әйелдің көңілін табу үшін өнері мен қызметін аянбай жұмсайды. Мұны көрген келін де жадырап, көңіліне үлкен сенім ұялайды, денсаулығы да берік болады.

«Келін көңілін» тек келін ғана емес, оның жанындағыларыға игі әсер етеді. Үлкен – кішілер де жақсы ән, сөз тыңдап бір жасап қалады. Кешті ұйымдастырғандарға қарт әже, аяулы ана, еміренген ене кәдесін, жол-жораларын ұсынып, ақ батасын береді. Аталған дәстүрлі салт халық мәдениеті мен өнерінің бір көрінісі.

Босаға майлау (салт, ырым).

Босаға майлау (салт, ырым). – Жастар жеке отау құрғанда немесе біреу жаңа үй алғанда жақын – жуықтары келіп, жаңа үйдің босағасына май жағады, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде берілуі керек

Қыз алар (дәстүр).

Қыз алар (дәстүр). «Мырза ағаның қыз аларын беріңдер, деп бір жеңгесі күле қарады» (А.Тоқмағамбето).

Ойын – тойда, мерекеде енді үйленетін жігітке әдейі тартылатын сыбағалы табақты «қыз алар» деп ырым етіп таратады. Сыбаға тартқан әйелге кәде беріледі. Бұл дәстүр еліміздің оңтүстік жағында кездеседі, орталық, солтүстік облыстарында жоқ десе де болады.

Біз шаншар (салт).

Біз шаншар (салт). Кең байтақ Қазақстан даласында салт – дәстүрлердің қызықты түрлері көп. Бірақ олар бір-бірінен онша алшақ емес. Соның бірі «біз шаншар». Еліміздің шығыс, оңтүстік жақтарында «жаушы» орнына осы «біз шаншар» салты қолданылады. Ақсақал-қарасақал аралас бір топ ер азамат бойжеткен қызы бар үйге түсе қалады. Қандай шаруамен жүргенін айтпайды, ел шаруасын, амандық білген болып, қонақасын ішіп аттанып кетеді. Әдеп бойынша ел ішінде бір топ адам былай жүрмейді. Олар кеткеннен кейін отағасы мен анасы қонақтар отырған жерді қарап одан шаншулы бізді тауып алады. Бұл «бізде ұл, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдіреді.

Мүше алу (салт, дәстүр).

 

«Мүше алып қашып жеңгеден, Бозбала ерке қызға апар» (Ғ.Қайырбеков).

Ойын тойда, мерекеде жас жігіттер атпен келіп мүше сұрайды. Жеңгелері оған орамал, сақина айна т.б. мүше береді. Жігіт оны ала қашады. Басқа жігіттер оны қуып алып қалуға тырысады. Қашқан жігіт мүшені өзі ұнатқан қызға апарып береді.

Қыз қуу (дәстүр, ойын).

Қыз қуу (дәстүр, ойын). «Тойда ат шабу, балуан күресу, қыз қуу сияқты ұлт ойындары болады» (С.Мұқанов). «Қыз қуу» дәстүрге де, ойынға да жататын қазақ арасына тең тараған көңілді көрініс. Оның шарты – қыз атпен қашады, жігіт оны қуып жетсе бетінен сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз атпен қашады, жігіт оны қуып жетсе бетінен сүйеді де, кейін қашады. Енді қыз қуып жетсе, оны қамшының астына алады. Бұл қызықты дәстүр әлі де жалғасып келе жатыр.

Қызойнақ (салт).

 

Қызойнақ (салт). «Бір күні қызойнаққа барып, таң ата келіп жатсам, ұйықтап қалған екенмін, әжем оятады» (Б.Майлин). Әке – шешелері жоқ кезінде бойжеткен қыздар оңаша қалып, ойын – сауық ұйымдастырады. Оған (жасырын түрде) жігіттер де қатысады. Бұл мәжіліс құпия өтеді және оны ұйымдастырушылар тек қыздар болғандықтан «қызойнақ» деп аталған. Қызойнақ көп ұйымдастырылмайды,ата – ана оған өз қыздарының қатаң тыйым салған. Оның – мақсаты қыздардың жеңілтектіктен немесе ұятты болып қалудан сақтандырады.

Тобық тығу (дәстүр).

Тобық тығу. «Қазақ дәстүрінде қыз бен жігіттің тобық алысуы құр ғана ойын емес, мұнда екі жастың өздері ғана түсінетін бір терең сыр да бар» (І.Есенберлин). Бұл серттесіп ойнаудың бір түрі. Мысалы, жігіт пен қыз тобық тығып алтын сағатқа немесе қалы кілем беругн серттеседі. Бір жылдан кейін бе, бес жылдан кейін бе тобықты тығуға алған жігіт кез келген уақытта, кезкелген жерде «тобығымды бер» деген жерде қолына ұстата беруі керек. Егер жігіт тобықты тауып бере алмай қалса – ұтылғаны . Ол уәде бойынша серттескен затын беруі керек. Тобықты тығуға жігіттер де қатыса алады. Бұрын мұндай ойындар ел арасында көп болған. Бұл ойын ұқыптылыққа, бір сөзділікке тәрбиелейді. Мұның арты қыз бен жігіттің сүйіспеншілігіне, қосылуына жалғасады. Тобық тығуда қызықты оқиғалар да кездеседі. Солтүстік Қазақстан облысында бір жігіт сүйген қызына тобық ұсынған. Бірақ жігіт көп ұзамай Ұлы Отан соғысына аттанады. Үйіне «хабар – ошарсыз кетті» деген хабар келеді. Ал жігіт жау қолына түсіп тұтқында болады. Соғыстан кейін «тұтқында болды» деп еліне жібермей тағы айдалады. 12 жылдан соң еліне оралып, жігіт қыздан сертін сұрағанда салиқалы қыз тобықты ұстата беріпті. Содан екі жас қосылып, тату – тәтті өмір сүріп кеткен екен (Ораз Ілиясұлы «Ана тілі» газетінен).