Бесік жыры

Бесік жыры (салт). Әлди- әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Арша ма екен бесігі?
Алар ма екен әкесі?
Өрік пе екен бесігі?
Сүйе ме екен әкесі?
Жиде ме екен бесігі?
Әлди-әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым…

Толық оқу

Бесікке салу

Бесікке салу (салт). Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

(Бесік жыры)

Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесеелдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:

Толық оқу

Ат қою

Ат қою (ғұрып). «Содан әке – шешесі ырым көріп, жақсы үмітпен қадірлі қонағының есімін қойған дейді» (А.Сейдімбеков). Жаңа туған сәбиге ат қою – ерекше салтанатты ғұрыптардың бірі. Ат қоюға қазақ халқы ерекше көңіл бөлген. Әрине алдымен жақсы есімдер мен елге әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін жақсы, беделді кісілерге қойғызып, батасын алуды да ұмытпаған. Мәселен, Қаныштың әкесі туғанда атасы Сәтбай Сегіз серіні әдейі шақырып, баласының атын қойғызған. Сонда Сегіз сері Иманжан деп ат қойып «бұл баланы еркелетсеңдер Имантай деп атарсыңдар» деп балаға былай деп бата береді:

Толық оқу

Қалжа

Қалжа (дәстүр). Менің сорлы шешеме қалжа қайда,

Қой сат деп әкем барды көрші байға.

(С.Торайғыров).

Жас босанған әйелге арнаулы мал сойылып берілетін тамақ «қалжа» деп аталады. Жақын адамдар да «қалжа» әкеледі. Бұл — әрі сыйластық, құрмет әрі босанған әйел белін тез бекітіп, сауығып кетсін деген тәрбиелікмақсаттан туған елдік дәстүр, ғұрып.

Кіндік кесер

Кіндік кесер (салт). «Кемпірлер кіндік кесе бастады». («Жас алаш» газеті). Ел ішінде «кіндік шешесі» немесе нәресте туған сәтте оның кіндігін кесетін әйелдер дайын турады. Кейде олардың «жол менікі» деп таласатын кездері де болады. Кіндік кесу – мәртебелі, абыройлы іс. Байыпты әжелердің шешімімен кіндік кескен әйелге «кіндік кесер» кәдесі беріледі. Бұл да жолы бөлек кәде. Кейін де «кіндік шеше» деп аталатын әлгі әйел сол баланың анасы есепті құрметке ие болады. Кіндік баласын оның өз анасынан кем санамауы керек. «Кіндік шеше» кейін келіп бала үйінен өз қалауын да ала алады.

Баланың кіндігі түскеннен кейін де жасалатын халықтық ырымдар көп. «Елдің қорғаны болсын» деп ер баланың кіндігін атшаптырым жерге апарып көмеді. «Қыз отбасының тірегі болсын» деп от орнына немесе табалдырыққа көмеді.

Сүйіндір

Сүйіндір (салт). Келіншек босанғаннан кейін оның анасы кәде, жорасын алып әдейі келуге тиіс. Бұл – қалыптасқан салт және ананың міндетті парызы. Мұны қызын қияға қондырған әр қазақ әйелі білуге және орындауға міндетті. Ана болған өз баласының (қызының) қасында болып, оған рухани күш беріп, сенім туғызып, жас сәбиді емізу, күту жолдарын үйретеді, ақылшысы, сүйеніші, қамқоры болады. Құда – құдағиларының немерелі болған қуанышына ортақтасады, нәрестеге арнаған бұйымдарын, сәлем — сауқатын ұсынады. Құрметті қонағы да болады.

Толық оқу

Шілде қаққан

Шілде қаққан (ырым). Қазақта «әр бала туған сайын анасының бір тісін ала түседі» деген шындыққа сай келетін қағида бар. Анығында жас босанған әйелдердің тісі түсіп қалатыны бар. Мұны «шілде қаққан» дейді. Бұл жас ананың өз күтіміне де, денсаулығына да байланысты болады. Ырым бойынша жас босанған келіншек итке «кет» демейді. Онда тісі түсіп қалады дейді халық сенімі. Халық тәжрибесінде бұл да жәй айтыла салған сөз болмауы керек. Өйткені халық ырымы мен тыйымының бәрін бекерге шығару орынды іс емес.

Шілдехана

Шілдехана (салт). «Сәрсенбай зор қуанышта болып, шілдеханаға қанша қыз – бозбала жиып… баланың есімін Жамал қойып еді» (М.Дулатов). «Аманжол атакем ауылына шілделікке кеткен» (С.Көбеев). Кей жерлерде «шілделік» деп те атайды. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын – сауық, той. Мұнда «балаңыздың бауы берік болсын» дегендей құтты болсын айтылады, жастар жиналып ән салып, домбыра тартып, өлең, жыр айтады. «Шілдеханаға» шақырумен де, шақырусыз да бара береді. Шілдехана — өмірге адам келгенінің және оған қуанудың бір белгісі.

Толық оқу

Қара жығу

Қара жығу (салт). «Байдалы белдеудегі қараны суырып алып, Байсалға берді… Ол ырымын істеп, қараны жерге сұлатты да, табанымен басып, сындырып тастады».(М.Әуезов). Кісі қайтыс болған күні тігілген қараны жығу салты тағы бар. Ол жылы беріліп, ас өткен соң жасалады. Яғни қара жалауды алып, сындырады да отқа жағып жібереді. Бұдан кейін жақын – жуықтары, әйелі, балалары, елдің ақсақалдары құран оқып, бата береді. Соңғы жоқтау айтылады. Тұл аударылады. Бұл, қаралы жыл өтті, азалы күндер аяқталды деген сөз.

Толық оқу

Тұл аудару

Қайтыс болған адамның жылы өтіп, асы берілгенсоң, оның жыл бойы қара жамылып қайғырған отбасы әдеттегі өмір тіршілігіне араласуға тиіс. Бұл «тұл аудару» салты арқылы жасалады. Қара жамылған соң, марқұмның киімдері оңына қаратылады. Ер – тұрманы ең жақын досына не болмаса мұраға беріледі. Әйелі, қыздары бүркейін алып, жақсы киімдерін киюге рұқсат етіледі. «Тұл аудару» салтына марқұмның ет жақындары, балалары, сыйлас – бастас адамдары қатысып, дұға оқылады, бата жасалады. Ақсақалдар үй —  ішіндегі адамдарға, әйеліне, балаларына ақыл айтып, жақсы тілек білдіреді. Сол күннен бастап, отбасы адамдары «өлгненнің соңынан өлмек жоқ» деп қызықты өмір тіршілігіне кірісіп кетеді.