Бастаңғы

Бастаңғы (салт). … Жастар «бастаңғы» деп аталатын тамақ істеп бас қосады. (К.Сегізбаев). Үйдің үлкендері жол жүріп кеткенде ауыл жастары сол үйге жиналып, «жолаушылардың жолда басы ауырмасын, бастаңғы жаса» дейді. Бастаңғының мәнісі – жастардың сол үйде ойын — сауықта бас қосуы.Дәстүр бойынша бұған тиым салуға болмайды. Бастаңғыны жастар жасайды.

Байғазы

Байғазы (дәстүр). – Уа сатира сарбазы, Адырнаңа байғазы! (С.Әбілкәкімов). Байғазы балалардың, жастардың жаңа киімі үшін (мысалы: қамшы, шана, ер-тоқым) берілетін ақшалай, заттай сый. Байғазы сұраудың еш артықтығы жоқ. Жеңгелері, шешелері «байғазыға байдың қызы» деп те атайды. Байғазы балалардың көңіл – күйін көтеретін дәстүр.

Сатып алу

«Сатып алу» (салт, ырым). Біреудің баласы туысымен шетіней берсе, яғни баласы турмаса, онда одан кейін туған баланы «сатып алатын» ырым бар. Бұл ырым былай жасалады. Елдегі бақсы, балгер кемпір әлгі үйге келіп, «менің баламды ұрлап алыпсыздар, өзім алам» деп нәрестені ата – анасының наразылығына қарамастан алып кетеді. Бір – екі күннен кейін баланың әке- шешесі әлгі кемпірге барып «бала сатып алады». Кемпір баланы керегенің астынан алып береді. Сөйтіп, бұл бала «сатып алынған» бала болып саналады. Баласы тұрмай жүргендерге бұдан басқа да жасалатын ырым бар. Мысалы, әлгіндей баланың өмірі ұзақ болсын деп жеті кемпірдің екі аяғының арасынан өткізіп алады. Бұдан шығатын қорытынды қазақ бала өсіруді бақыт санаған. Балалы болуды армандаған. Мұны «балалы үй базар, баласыз үй қу мазар» дегенінен – ақ аңғаруға болады.

Бауырына салу

Бауырына салу (дәстүр). «Ғайнижамалды қырқынан шыққан соң – ақ бәйбіше Жәкіштен шығарып, бауырына салып, асырап алды. (Т.Жомартбаев). Әдетте қарт аталар мен әжелер алғашқы немересін немесе жақын кісілер өз туыстарының     баласын қолына алып, өз баласындай тәрбиелеп өсіреді, қолқанат қылады. Мұны «бауырына салды» дейді. Бауырына салушы адам баланы өз ата – анасынан ажыратпайды. Баланы екі үйге де тең өсіріп әлпештейді. Әдетте үлкен кісілер мұндай баланың тәрбиесіне өте көңіл бөліп, оларды өнегелі азамат етіп өсіруге, халықтық жақсы қасиеттерді олардың бойына сіңіруге зор ықпал жасайды. Бала ержеткеннен кейін өз отбасына оралуына немесе бауыр басқан үйінде қалуына еркі бар.

Иткөйлек

Иткөйлек (салт). Иткөйлегі жоқ. Өзім тігіп біріп едім. “Ә.Нүрпейсов”. Жана туған нәрестенің алғашқы көйлегін “иткөйлек деп атайды”. Өйкені ол кәдімгідей көйлек сияқты тігілмейді, жөрмелеп, іліп қана тігеді. Бала қырқынан щығарылғаннан кейін әлгі көйлекке тәтті түйіп оны иттің мойнына байлап жібереді. Итті балалар қуып жетіп, шақырып, ұстап, тәттісін боліседі. ”Иткөйлекті” баласы жоқ келіншектер ырым қылып алады.

Иткөйлек атының шығуы оның иттің мойнына байлағанында емес, халық итті “жеті қазынаның” бірі деп бағалауында жатыр. Сонымен бірге “баламыз көп болсын” деп, “қиындыққа берік болсын” деген ырым бар. Қазақта итжанды деген сөз оның беріктігі мен төзімділігін айтқаны.

Қырқынан шығару

Қырқынан шығару (салт). «Баланың қырқынан шығар тойына Сегіз сері шақырылып, одан балаға ат қойып, бата беруді өтінеді» (Н.Әбдуалиев). Қазақ халқының ғұмырында жеті, тоғыз, отыз, қырық бір сандары қасиетті деп есептеледі. Мысалы “Жеті жарғы”, ”Жеті қазына”, “Бір тоғыз”, “Үш тоғыз”, “Қырықтың бірі-қыдыр”, деген қағидалар бар огсы сандық ұғымынан пайда болған. Соның бірі- баланы “қырқынан шығару” дәстүрі. Әдетті баланың туғанына қырық күн толган соң оны ыдыска қырық бір қасық су құйып шомылдырады. Бұл ресми дәстүр. Оған үлкен әжелер, әйелдер қатысады, кәде беріледі, дастархан жайылады. Сәбидің қарын шашы алынып оны сәбидің өзінің киіміне матаға орап қойады. Мұндағы мақсат ертеде сурет болмағандықтан баланың, сәби кезінен ескерткіш ретінде сақтаудан шыққан.

Толық оқу

Тымаққа салу

Тымаққа салу (салт). Ел арасында «шала туып тымаққа салып өсірген екен» деген сөздер жиі естіледі. Халықта әдетте шала туған сәбиді осылай өсіретін ғұрып бар. Оның себебі шала туған сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы болады. Және сәбидің неше күні кем болса, сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан күн кереге басы арқылы есептеледі. Мысалы: қырық күні кем болса, керегенің қырқыншы басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Айталық, ат қою, бесікке салу т.б. (Егер бала қыста туса онда үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді).

Тыштырма

Тыштырма (дәстүр). Сәбиді бесікке салар кезде бесіктің түбегі тұратын тесіктен құрт, ірімшік, тәттілер өткізіп «тышты, тышты» деп ырым жасайды және оны «тыштырма» деп атайды. «Тыштырманы» әйелдер ырымдап бөлісіп алып, бала-шағаларыны үлестіріп береді.

Бесік жыры

Бесік жыры (салт). Әлди- әлди, ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем!
Жылама, бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін,
Байқұтанның құйрығын
Жіпке тағып берейін.
Арша ма екен бесігі?
Алар ма екен әкесі?
Өрік пе екен бесігі?
Сүйе ме екен әкесі?
Жиде ме екен бесігі?
Әлди-әлди, аппағым,
Қойдың жүні қалпағым…

Толық оқу

Бесікке салу

Бесікке салу (салт). Әлди-әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

(Бесік жыры)

Бесік қасиетті, киелі құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. «Ел іші – алтын бесік» деген сөз бесіктің құдіретін көрсетеді. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі. Бесікке салу жолы үлкен немесеелдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді.Бесік үстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «бесікке салар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады:

Толық оқу