Дағдарыстан шығу жолындағы Ислам құндылықтары

Қазір әлем халқы дағдарыстан шығу жолдарын іздестіруде. Алай­да одан қалай шығу керектігін ешкім де біле алар емес.
19-betМінеки, осындай ауыр жағдайда Елбасы­мыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Дағ­дарыстан шығу кілті» атты ма­қаласы оның санадағы жүгін же­ңілдетіп, мемлекет басшы­лары мен экономист-ғалымдарды үл­кен ойға қалдырды. Себебі Прези­дентіміз оларға: «… бұл — адам­зат әлі біліп болмаған айрықша құ­былыс. Ол әлем тарихында тең­десі жоқ және әлемдік тәртіпті, барлық экономикалық бастауларды түбе­гейлі өзгертетін құбылыстар са­натына жататыны анық. Сон­дық­тан да оны талдауға, ой еле­гінен өткізуге және еңсеруге барлық ескі догмалар мен стереотиптерді қайта қарастыратын жаңаша көз­қарас қажет», — деп, өзі бас болып қай-қайсын да бүкіл халық игілігі үшін қызмет етуге шақырды. Біз мұны қазіргі дағдарыс кезінде де, ертеңгі дағдарыстан кейінгі ке­зеңде де естен шығармауымыз қа­жет. Сол себепті біздер, Қазақстан мұсылмандарының Діни басқар­масы, мешіт имамдары қазіргідей қиын кезеңде адамдардың рухани құлдырамауы, діни конфессиялар­дың өзара дүрдараз болмауы, ұлт­тар мен ұлыстардың тату-тәтті тір­шілігінің ыдырамауы үшін қызмет атқарудамыз. Бұл жолда біздер де өз жұмыстарымызды бұрынғыдан да жаңаша көзқарас тұрғысында құрып, жүргізуді қол­ға алып отырмыз.

Қандай қиындық та Адам пайғамбар (ғ.с.) нәсілі үшін үлкен сын. Әлемдік дағдарыс та солай. Тек біздің әрқайсымыз бұл сын­нан қалай шығамыз, соның өмір соқпақтарында қандай күйге түсе­міз, қоғам қандай бағытқа қарай өзгереді, әлемдік дағдарыстан шық­қаннан кейін бүкіл жаһан, бүкіл халық қандай болады, адам­дарда ар-ұят пен намыс, мейі­рім­ділік пен әділдік, бауырмалдық қасиеттер қалады ма, қазірден бастап бәріміз сол туралы ойла­нуға тиістіміз. Халықтың бір бө­лігі ретінде діндарларды да бұл мәселе қатты толғандырып, дағ­дарыстан кейінгі әлемдегі күнкө­рістің, рухани құндылықтардың қандай болатындығы алаңдатып отырғаны рас.
Әлемдік дағдарыстың қашан аяқталатыны жөнінде болжам көп. Жақсылыққа сенген халық­пыз ғой. Біз оның тезірек аяқтал­ғанын тілейміз және оған сенеміз. Алайда дағдарыстың ұзаққа созы­луы мүмкін екендігін естен шығар­мағанымыз жөн. Құдайға шүкір, Елбасымыздың парасатты сая­саты­ның, дер кезінде жүргізілген әлеуметтік, экономикалық іс-ша­ра­лардың нәтижесінде Қазақстан­да әлеуметтік, экономикалық жағ­дай нашарлап кеткен жоқ. Мұны осы жылғы 23 наурыз күні Мәс­кеудегі «Интерфакс» ақпараттық агенттігінде өткен жиында «Дағда­рыстан кейінгі әлем институты» қорының өзі сауалнама қорытын­дысына сәйкес мойындап, бола­шақта да Қазақстанда жағдайдың нашарламайтындығына ресми түр­де сенім білдірді. Дегенмен көршілеріміздің, яғни ТМД ел­дерінің жағдайы біздердегідей тұрақты емес. Сол себепті, әлем­дік дағдарыстың әләзір аяқтал­мауы мүмкіндігін де ескере оты­рып, ең бірінші, қазіргі дінаралық, ұлтаралық татулықты одан әрі нығайтуға, халқымыздың рухани байлығы мен жоғары адамгершілік асыл қасиеттерін жоғалтып ал­мауға, сол бағыттағы тәлім-тәр­биені әлсіретпеуге күш салғаны­мыз жөн. Ол үшін әрқайсымыз қандай жағдайда да Аллаһ субхана уа тағаланың ризалығында болар­дай жақсы амалдар жасайық, Жа­ратқан Иеміздің рақымы мен сауа­бынан мақұрым қалатындай ха­рам іске жоламайық, ағайын!
Еліміздің ертеңгі келешегі — бүгіннен. Біз дағдарыстан кейінгі әлемнің қайта құрылуында жо­ғары өнегелік пен рухани құнды­лықтардың оның басты механизм­дері болуы үшін қазірден бастап оған мықты негіз қалауға, білікті де ықпалды бағыт-бағдарлама жа­сауға тиістіміз. Және де дағда­рыс­қа дейін халқымызда жоғары өне­гелік пен жоғары руханилықтар қандай деңгейде болды, енді қан­дай, оны да зерделеп, ойланғаны­мыз абзал. Өйткені бүгін жоғары өнегелік пен жоғары руханилықты жоғалтып алсақ, ертең оны дағ­дарыстан кейінгі әлемнің қайта құрылуының негізгі механизмдері ете алмаймыз.
Біздің пікірімізше, жоғары өне­ге­лілік сөзінің мағынасы тым тереңде. Оның негізгі түбірі — өнеге болып саналса, ол адамдар­дың тәлім-тәрбиелілігі, үлгілілігі, саналылығы ережелерінің жиын­тығы ретінде қарастырылады, ал дәстүрлі қазақ қоғамындағы ұлт­тық өнеге көріністері адамдардың бойындағы кісілік, инабаттылық, парасаттылық секілді асыл қасиет­тердің қалыптасуы игі әсер ететін ұлттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі.
Өздеріңізге мәлім, біздің ұлттық тәлім-тәрбиеміздің басты бағыттары: көрегенді атану, яғни шындық пен әділеттен, ақиқаттан айнымау, берген антына берік болу, аманатқа қиянат жасамау. Және де ар-ождан тазалығын сақ­тау, ақыл-ойлы, парасатты болу, барлық іс-әрекетіңнен, сөйлеген сөзіңнен, қарым-қатынасыңнан, көзқарасыңнан ғибрат иісінің шығып тұруы. Мұнан кейінгі не­гізгі ұйғарымдар мен принциптер: иманды, инабатты, қайырымды болу, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруден жалықпау, рухына кір келтірмеу, үлкендерді тыңдап, құрметтеу, достық пен татулықты сақтау, ел берекесін нығайтуға үлес қосу және тағы да басқа асыл қасиеттерге ие болу. Олай болса, әрбір адамның жоғары өнегелік көрсетуі қай кезде де осы талап­тарға сай болғаны дұрыс. Жоғары өнегеліліктің этно-конфессио­нал­дық саясаттың басым бағыты бо­ла­тындығы сондықтан. Құдайға шүкір, біздің елімізде бүкіл тәлім-тәрбие жұмыстары, имандылық шаралары, діни уағыздар осы не­гізде жүргізіледі. Көптеген ата-ана тәрбиесі де баласына обал-сауапты айтып, түсіндіруден бас­­талады. Өйткені халық қай істе де жоғары өнегелілік танытса және иманы берік болса, онда елден береке-бірлік, ырыс-ынты­мақ қашпайды.
Жалпы, жоғары руханилықтың да мән-мағынасы бай. Негізінен, руханилық — адам танымы мен дү­ниеге көзқарасының адамаралық қарым-қатынастағы биік адамгер­шілік қағидасы. Бұл — ғалымдары­мыздың берген анықтамасы. Ру­ханилық мәдениеттің құнарлана түсуіне, оның іргетасының бекуі­не ықпал ететіндіктен, руханилық­тан алшақ мәдениеттер мен өр­кениеттер іштей құрылымдық ыды­рауға ұшырайды. Руханилық жеке адамға да, үлкен әлеуметтік топтарға да, дінге де аса қажет. Ол — қоғамымыздың әлеуметтік дамуы, рухани жетілуі үшін нәр алатын асыл құндылықтар. Сол себепті де жоғары өнегелілік пен жоғары руханилықтың этно-кон­фессионалдық саясаттың басым бағыты болып отырғандығы — өмір заңдылығы. Осы орайда ай­тарым: Құран Кәрім сөздері, Ұлық Пайғамбарымыз Мұхаммед­­тің (с.ғ.с.) хадистері, шариғат шарттары, Қорқыт, Абай, Құрман­ғазы тәрізді ұлыларымыздың да­налық толғаулары, күйлері, қазақ билерінің шешендік сөздері ру­ханилық асыл қазынамыз. Олай болса, біз санамызда руханилықты тек қана діндарлықпен, иманды­лық­пен шектемесек. Оны бір-бі­рімен ұштастыра жүргізсек. Бұл орайда менің айтар бір тілегім: Қазақстанның мектептері мен оқу орындарында ислам діні ту­ралы сабақтар өткізіліп, Ислам дінінің асыл құндылықтары ұл-қыздарымызға бала кезінен бас­тап айтылып, оқытылса. Се­бебі Құран Кәрімнің «Ғасыр» сүре­сін­де айтылғанындай «Иман айтқан, жақсы, салих амалдар жасаған, бі­рін-бірі шындыққа — Хаққа ша­қырған, бір-біріне сабырлы болу­ды насихаттаған» адамдар Аллаһ тағаланың рақымында болады. Яғни ондай адамдар еліміздің береке-бірлігін бұзбайды, қай істе де жоғары өнегелілік танытады. Ал мұндай жандар қазір де, дағ­дарыстан кейінгі қоғамда да ауа­дай қажет. Осы орайда айта кете­тін тағы бір пікіріміз, егер де біз өзіміздің төл мәдениетімізді, діні­мізді, тілімізді жастарға дұрыстап таныта алмасақ, олардың бойына оның нәрін сіңіре алмасақ, ұл-қыздарымыз өсе келе бәрібір өзде­ріне ұстанарлық жол, діни сенім­дердің бірін таңдап алады. Ал ол қандай жол, қандай дін болуы мүмкін, ойланарлық мәселе.
Қасиетті ислам діні барлық адамдарды ұлтына, түр-түсіне, дініне, тіліне қарамастан бірлікке, бейбітшілікке шақырады, білме­ген­ді кешіруді, жамандыққа жақ­сылықпен жауап беруді міндеттей­ді. Бұл дінаралық төзімділікте де жарқын көріністерін табуда. Қа­зақ­станда қаншама діни конфес­сиялар бар, біздегі ислам дінінің дағуатшылары, Діни басқарма, мешіт ұжымдары, жекелеген дін­дар-ғалымдар олармен айтыс-тартысқа түсіп көрген жоқ. Елі­міздегі ұлттар да, діндер де бір-бірімен қашанда тату-тәтті тірлік кешуде. Оны талай мемле­кет­тердің Қазақстанды — ұлт­аралық, дінаралық татулықтың Отаны деп санауынан, Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер ли­дерлері съездерінің тұрақты түрде өткізіліп келе жатқанынан, бірне­ше діни конфессиялардың осын­дай Бейбітшілік және келісім сарайы астында жұмыс істеп жат­­қа­нынан-ақ айқын аңғаруға бо­лады.
Хазіреті Әбсаттар қажы Дер­бісәлі өзінің бір сөзінде: «Қандай қиындық болмасын, оны Алланың сынағы деп қабылдап, одан ұйым­шылдық, бірлік, ынтымақпен күш біріктіре отырып шығу ке­рек», — деген болатын. Олай болса, бәріміздің де қазіргідей әлемдік дағдарыс кезінде ынты­мағымыз арта түссін, қандай қиын­дықты да бірлесе жеңетін болайық.

Б. МЫРЗАГЕЛДИЕВ,
«Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы

Айқын газеті

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.