Арыздасу

      Арыздасу (ғұрып). «Арыздасып кетпедің, шақырып алып халқыңды» (Әйекені жоқтау). Бұл өмірден өтіп бара жатқан адам соңғы сағатында туған – туысқандарымен, бала – шағасымен  соңғы  рет тілдесіп, олармен қоштасады. Қатесі болса кешу сұрайды. Өсиетін, арманын айтады. Бүкіл ел – жұртымен, туған елімен қоштасады. Арыздасу –тірі адамның соңғы тілдесуі, ақырғы сөзі. Мұны өлім сәті таянғанын сезген әр адам есі, тілі барында айтып қалуға тырысады. Мұндайда ауру жанында отырған адамдар «бақұл бол», «қияметте жүздесейік» деп көзіне жас алады.
      Кей жерлерде мұны «бақұлдасу» деп айтады. «Бақұлдасып,қолдасып, Ахиреттік жолдасы» (Ә.Оспанұлы).

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.