Дін туралы пәтуаларға бір ауыз сөз

Бүгінгі заман қазақта білімнің қай саласы, діннің қай тобыныңда үгіт-насихатын таба аламыз. Сондықтан білім тұрғысында ғана менікі артық, сенде кемшілік бар дегенімен бір ұлттың ұрпақтары болып, өз ара жарысыпта кеттік. Ал жаратылыстың бәрі Алланың нұрынан және қарсылықтан жаратылып, адамзаттың тіршілігінде бейнеленуі шарт. Оған ашық дәлел; күнәнің бейнесі азғындықтың түрлі салты болса, рұқынан, нұрынан белгі пайғамбарлар, елшілер әулиелер данышпандар емес пе?

Қай жағы да жанды өзіне иемденуге басқаруға тырысады. Жан бәрінің ортасы және тағдырдың суретшісі. Дін дегенміз, жанымыздың амандығы болып, осы ақпараттық жүйенің білімі, ілімінің кітабы, насихатын қабылдап бейнеленуіне жәрдем береді және Алланың таза ақылына жалғануға жол ашуы тиісті. Демек дін арқылы азғындыққа да, кемелдікке де ортасында да болуға мүмкіндік бар. Яғни адамзаттың барлық рухани болмысы, қоғамдағы орны, қызметі, өнері, кәсібі, әдеті, салты, ақылдылығы оның дінінің жағдайынан хабар береді.

Қазақ дәстүрі, біздің ата-аналарымыздың талай ғасырдан бері, Алланың жібі болған жан өркениетінің бейнесінің біздерге қалдырған аманаты әрі жүктері де. Сондықтан қазақтың тектілігі де әулиелігі, құдайдың сүйікті құлы тақуасы болуы да, ата дәстүрімен тез әрі дұрыс бейнеленіп қалыптаса алады. Олай болса, ата дәстүрінің жанашырлары, Алла досы, әулиелер аруағына табынып, құдайына сыйына білетіндер, құр сөз насихаты, білім тұрғысында ғана емес, өзінің өзге топтан биік тұрғанын құдайға жақын құлы, хикметінен сыйын алғанын нақты іс жүзінде дін, иман айнасын көрсете білуі де дінге лайық болар еді. Ел билеуші, зиялы қауым, философтар, үлкендер неге тәжірибе жүзінде тексеріп, кімнің амалы дұрыс екенін халық алдында жариялауға қоғамдық, ұжымдық үйым құруды неге ойламайды?

Әділдікті осылай өз ара бәсекеге түсу арқылы қалыптастыратын ата дәстүрінің де бұл ерекшелігі емес пе еді? Мен талай топтың өкілдерін өз басым таразыға түсуге, Алланың хикметіне шақырғанмен, олардың сөз жүзінде мазақ қылып, бас тартуымен ғана аяқталғаны да растық. Бірақ бұл да қазіргі таңда мүмкін емес, себебі өздерін жетелі, саналы атаған іс басындағылардың ақылдық қуатты шынында оған жетпейді де. Сондықтан ақыл неге жетпесе сонан пендесінің қорқып бас тартуы да дін заңдылығы, шайтанан болған жындармен шектелу деп атаған дұрыс болар.

Еркін, бос ақылға шайтан ықпалын жүргізе алмайды. Хайуан адаспайды; онда сана еркін ақыл, ой еркі болмағасын адасу қабілеті жоқ. Оның әрекеті адамзаттың терең ұйқыдағы әрекеті сияқты. Рухани ұйқыдағы ақылы білімге байланған адамның да хайуаннан айырмашылығы аз болады. Білімді адамдардың басым бөлігі өз жазбаларын, дәреже, атақтарын, кітаптарын арқалап жүреді де, өзін жоғалтып алғанын білмейді. Біліммен өз жазғанымен ғана ақылы шектеліп басы аяғына келіп, нені қайдан шықанын түсіне алмайтын жағдайға жетеді. Сондықтан ондай адамдарда өз ойынан шыққан сөзі болмайды. Оның ой бағзы замандарда өмір сүрген кез келген жақсының кісілігімен байланған. Демек бүгінгі заманға лайық өмірінің де мәні де жоқ.

Және де көптеген білімді адамдар ұлтының бәйшешек бақшасына гауһарды тауып аласам деп кіреді де, бірақ түрлі тікенді гүлдерге жолығып, гауһарын таба алмағасын, өз ата дәстүрінің қалдырған ой бақшасының қадірін аңғармайды. Сондықтан болар масһабшы, сәләфші, уахабшы т,б және білімді қауым өкілдері өз ұлтының бағының мәнін, құндылығын бағалай алмайды. (тамыз айы 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.