Кім ақылды, кімнің ақылын алып, кімдерді жастар тыңдау керек?

Адам-тән мен жан деген Абай атамыз. «Жындар мен адам баласы» ескертеді Раббымыз. Олай болса адамзаттың екі түрлі рухани сипаты бар. Қайратылығымыз, тіршілік ету тұрғысында аман болуға жер бетінің өмірінің барлық саласын қамтуға байланысты нәпсілік әрекетеміз жындық, малдық, жануарлық сипатымыз болады. Ал жандық сипатмыз құдайлық байланыста бастапқы нұрлы жаратылысмызды меңгеруге махаббатқа сәйкесті өмір сүру үшін күресумен, дін тазасын меңгерумен, тура жолда болуымен байланысты болмақ. Шәкәрім атамыз айтқандай, бүгінгі таңда; «Жынданбаған пенде жоқ». Әлемнің жындылғының барлығын өмір сүру әдебі қылып алған, қазақтың бүгінгі ел басымыздан бастап өзі ең үлкен дәрежелі білімді, қуатты жындылар тобынан болғандықтан, жындылық саясатты ашық қолдаған, ұстанған ел болып, ойын-ауықты, тойшылдықты, мақтанды, күшіміз артып ойынан озғанды елдің намысыз абыройын артыру деп түсінуден ғана аңғаруға болады.

Олай болса біздер әлем жұрты сияқты адамдық, ақылдың маңызы, жанның құрлымы оның қандай жағдайда пайда болып, неден зиян шегіп ар намысымыздың құнсыздығынан ұлт болашағының, ұлт тағдырының зұлымдыққа ұшырап мәңгілік жоғалуға тиісті ел болғанымызды аңғарудан қалдық. Себебі біздің ата-бабаларымыз аманаттап қалдырған әлемде теңдесі жоқ жан, ар туралы білімін түсініп меңгеруге, халыққа білімін түсіндіруге ел басымыздан бастап қарсылық танытып, керісінше адамдықтан жындылықтың үстем жоғары тұруына қызмет қылуды мақтан қылып, ашық дәріптеумен күнде шұғылдануды ар-абырой, намыстылық, мәңгілік ел болуға нұрлы жолымыз, болшақтың даму жолының бақытты болудың білімі деп түсінетін болдық.

Ақылсыз білім адамзатты зұлымдықтың жолына түсірумен, қаар түнек күштерін көбейту арқылы табиғаттың тынысын тарылтып, ілімнің ең нәзік құдайға жалғанар есігін тұмшалап жауып, оның арты барлық табиғи, рухани бүлікпен қияметтік мезгілдің жағдайын туғызғаны да хақ. Ата жолының осындай білімге негізделген, ақылы кем жындылардың әрекетімен сотталып, қудаланып халықтың жадынан мүлде шығыруға 15 жыл бойы аяусыз дінші мен ел билеуші, зиялы қауым тарпынан соғыс ашып, жеңдік дегенмен құдайдың нұрлы жолынан тарайтын адамдықтың ұғымын, білімін дүние ісімен байлап, ұлтымыздың жадынан білімді ібіліс ұрпақтарының қанша тырысқанымен де жеңу мүмкін емес, қайта жан ғылымының әулие бабаларымыздың құпия білімдерінің сырын, жанды меңгеру, көбейтудің құлшылық құпияларын білімін тарқатып жазумен, бұқара халықтың рухани оянуына да жағдайдың күн санап атруына себепші болдық. Дүние қызығына, ақша байлығына мас болған жынды қауымның арасынан тегін мүлде жоғалта қоймағандар үшін ақыл туралы ата жолы білімнен қысқаша хабар беріп көрейік.

Білім жарық, ақыл шырақ. Білі ақылсыз өздігінен жарық бермейді, керсінше қайратың, ессіздіктің қара түнек күштерінің қаруына айналып алады, түрлі талантылықты, жындылықты адамдық құндылық деп түсінуге себеп болмақ. Ал мұндай қараңғылықтан жол табатын шам-шырақты жағу үшінде, оған тек білімді ғана меңгеру жеткіліксіз болады. Ақылдың жарық қуаттылығы біліммен артатын болса, жаратушы нұрынан ілімнің қуатын меңгеру таза ақылы арқылы ғана, үнсіз тілі -ойдың өнімі май қуатын қосып отыруда міндетті болуы керек. Ойдың майы діл, ақ уыз, «креоцеген» аталып ұлттық тіліміздің үні аналық негіз қанымен, ақ сүтімен беріліп, сақталып отырады.

Сондықтан адамдығымыздың өлшемі құдайлық таза ақылдың белгілі бір қасиетерге айналған бейнесі, әйел, қыздарымыздың аналық сүтінің, қанның тазалық қуатымен өлшенуі керек. Мәңгілік ел-аналық негіз болмақ. Ұлтымыздың ақыл қабырғасы, даналық ұстыны, адамдықтың ақ туы, қыз, әйелдерімізбен, ақ жаулықты аналарымыздың санымен де байланысты. Еркетердің жақсы аталуы, төтт көзі түгелденген қаның тегінен; «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан» деген.Олай болса ақылдың негізі сезімдік қуаттарды меңгерумен, ал оның қуаты ойды, сананың әркетімен, замандық өзгеріске қарай таза ақылға жалғанумен ғана меңгере аламыз. Ойшылдықтың білімге негізделген ақылдан, ілімнің қуатына негізделген діннің шектерінен де жоғары тұруы да керек. Мұны ақылдың еркіндігі дейміз. Саналы адам баласында; философиялық ойшылдығы, тақуа әулиелігі болуы шарт.

Ойсыз, санасыз пенде болашағынан хабарсыз, өлімнен, жоғалудан қайғысыз, қайғысыз қара суға да семіреді. Адамзаттың жаппай семіздік дертіне ұшырап жатқаны да, ойсыз білімге негізделген ілім, ғылымсыз білгіштіктен, ана ділінен, тілінен ажыраған санасыздықтан болатынан да біле жүру керек. Ақылдың негізі ілімнен пайда болатынын және бұл үш негізді тең ұстану арқылы ғана ғылымды меңгерумен, даналық пен данышпандыққа есік ашылады. Ақыл алтыда, ой жетіде деген қазақ даналары. Олай болса, ақылмен ойды меңгеру тұрақты өлшемді адамзаттың сәждесімен, құлшылығымен ұлттық тәлім тәрбиесімен бекіген қағидалардан дін насихаттарынан, шығармашылықтарымен меңгеру керек.

Және ақылдың сапасы арттағы, тарихаттағы ата баба жадымен шындық тұрғысында жалғана білгенде ғана өз мақсатын, мағынасын жоғалтпайды. Содықтан тарихтағы адамзаттың қалдырған барлық тәжірибені, білімдерін шындық деп түсініп бүгінгі заман ақылына айналдырып алудан да адамзат адасады. Адаспау үшін алдағы туындайтын жағдайларға жоспар жасап, елдің әлем жаратылысының болашағын, шындығын көріп ойлануда керек. Болшаққа жоспар-жоба жасау үшінде әрбір адам баласы өзінің тағдырынан, шындығынан хабардар да болу керек. Бірақ бұл істі, ілімдік сипаттағы шындығымызды меңгерген білімізбен, ақыл-ойымыздың шамасымен анықтай алмаймыз.

Бұл Құдайлық іс болып, құдайдан өзінен жоба-шындығын алуды меңгеру керек. Мемлекеттің болашағы да оның әрбір тұрғындарының тағдырларының болашағының жарқын бақытты болуынан құралуы керек. Мемлекет тұрғындарының жеке-жеке денсаулығының, жан саулығының рухани байлығынан ғана болашағымыздың баянды болуына кепілдік болатынын да басты назарда болуы керек. Ал енді мемлектетің ел билеу саясаты болшақты бағдарлау ұлтық жобасы бүгінгі заманың тәжірибесімен дүние ісінің жетістігіне байланып қалғанда да, зұлымдыққа ұшырау қаупі зор болмақ. Мұндай жағдай қазіргі қазақ ел билеушілерінің саясатымен жыл сайын дүниеміз түгелденіп жатқанымен, әлеуметтік тұрғыда рухани құлдырауға, түпсіз түнекке қарай құлап келе жатқанымызды аңғарудан да қалдық.

Сондықтан да ақыл, ойдың шамасына қарай білімнің пайда зиянын ажыратып алумен, ғылымды болу емес, үш тілмен ғылымды болу керек деп, ақылдың басты қызметшілері ділімізден, ана тілімізден ажырауға қарай бағытталып, дінімізді ата дәстүрімізді ескіліктің әрекеті болып, және мемлекет тұрғындарының үш байлығының кепілі енді жерімізді, табиғатымызды дүние ісімен ғана бағалап, аздыруға жолы ашып қойып; жер ана, су ана табиғатымыз ауруға ұшырғаны да негізінде арсыздықтың шегіне шығып түрлі кеселді, теріс ойлы сасық қуатты жапапй өндіріу жолына жарысудан пайда болғаны да хақ. Мұндай жағдайда құпия ілімнің, иман қуатарының көзі жабылып, табиғаттың тынысы тарлып, оны қалыпты ұстауға Раббымыздан жеткілікті жауап та түсіп жатқанын ақылмен аңғарудан да қалдық.

Ақылы азғандықтан, бұқара халықтың да жаны өсіп, көбейуден қалғанын, азғындаған әлем елдерінің салтына еліктеп, ой-сауық қуып, малдық қуатымызды ғана өсірумен айналысып кетіп, ұлттың, мемлекет халқының денсаулығы, адамдық естілігі жоғалып, ал оны тәндік сипаттағы саулықпен, малдық қуаттарды сақтау деп біліп, тән ағзаларын ғана емдеу шараларына жыл сайын қыруар қаржыны жұмсап жатқанымызда ашық дәлел бола алады. Спортта, әншілікте, ойын сайықта таланты болғандарды елдің ақсақалынан, рухани сауықтырушы қасиетілерінен артық бағалап, ұлттың намысын қорғаушылары тұлғалары деп медальдар тағып жатқан ел билеушілерден артық надан жоқ бүгінгі таңда.

Сондықтан да мемлекет тұрғындарының рухани азығын меңгеруді мүлде ойлаудан қалып, матариальдық тұрғыдағы дүниемен байысақ болды, құдайды да сатып алмақ болып жатқан ел билеушілері де мұндай білімге ғана негізделген түнек күштерінің ықпалынан, бағытынан қайтар түрі жоқ. Демек жаппай халықтың азапқа түсіп, ақылға, жанға рухани азықтың қажетілігі туындап, рұқы күн санап оянып жатқан бұқара халықтың ел билікке қарсы наразылығы арта бермек. Ал оның соңы ешқандай да билікке де халыққа да пайда бермейді.

Осындай жағдайда өз тағдырларына Құдайдан жоба алып түзей білген, ұлттың руханиятының басында үлгі алатын, сөзін тыңдайтын тұлғалары шығармашылық өкілдері, ойшылдары және дін ғұламаларының құдайдан алған хикметті білімі, мұғжизалары да болуы шарт. Мұндай тұлғалық қасиеттерді меңгеру арқылы ғана ұлттық, мемлектік жол-жобасын жасап, болашағының жарқын болуына кепіл бола алады. Бұл істің басында тұрғандардың өз басын, жан ұясының, ұрпақтарының бақытты өмір сүруіне жағдай туғызумен де дәлелі және дін құлшылығында меңгерген жетістігі тақуалығы да болуы керек. Енді мұндай жағдаймен өздерін ғылымды, көш басшы санайтын, діншілердің құдайлық ақылдан хабар келтіруін, шындығын да ажыратуға тәжірибе жүзінде тексеруге де шығармашылық өкілдердің ұжымын азаматтық ғылым мектебінің беделі керек ақ. Ал азаматтық мектептің ұжымын қалыптастыруға, ондай орындарға лайық, деп санауға да яғни кімді кім ақымақ атап, кім ойшыл қалай анықтау керек?

Әрине қазақ мемлекеті үшін қазақтың ата дәстүрі тақуалығы, әулиелігі ғана өлшемнің негізі бола алады. Демек Ясауимен, Әл-Фараби мен, Жүсіп Баласұғұн, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіптермен ғана салыстыра отыра пәтуа жасау шығармашылықтың өлшемі болуы керек. Бірақ даналарымыздың қалдырған насихат, өсиеттерін, нақылдарын да олардың ақыл-ойлық жете, саналық дәрежесіне көтерілумен ғана біз түсініп, жүрегімізге сіңіріп, өзіміздің ақылымызға қуат қылып ала аламыз. Бірақ біздердің бүгінгі европалық салтымызда бұл да мүмкін емес. Себебі ескіліктің кимін киіп, әдебін ұстануды, ана тілін дәріптеп, дәрежелеуді ел билігімізден бастап, мелекет тұрғындарының басым көпшілігі қаламайды. Қалғандарды қудалап, ата дәстүрін ұстануға мүмкіндіктің жолдың бәрен жабуға жабылып кетеміз. Сонда не істеу керек? Мұны қалай шеше аламыз, себебі басқа ешқандай жолды қазақ үшін жаратпаған құдай иеміз. Сондықтан ақылымызды білімге әлемнің бүгінгі жалған бақытылыққа, жындылыққа негізделген шегінен, өлшемінен шығару үшін де ойланайық ағайындар!…(Тамыз айы 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.