Ойлануды үйренбей, дінде елде түзеле ме?

Қазақтың бұрын ойшылдық мектебі болған. Сөз өнерін меңгеруде өз ара сынға түсіп, халықтың талқылауына да беріліп отырған. Хандардың өз уәзірлерін, шешендерін сынауы да салты болған. Бұл қазақтың философиялық мектебі болып қалыптасып, дін түсінігінде де, насихатын меңгеруде алшақ кетпеуге себеп болды. Ал енді 40-қа да жетіп ақылы толмаған, сөз майданында сыналмаған, білімді меңгерсе болды жетелі, саналы тұрғыда дәріптеліп; ғалым, доктор болып елге ақыл айттатын лауазымды орындарға лайық болды. Осындай себептерден, қазақ дәстүрі аяқ асты болып дүниесі барлар аяғы сасық болса да төрге шығып, ел биліктің тұтқасын ұстап, үлкендікке сына қағудан бүгінгі қияметтік жағдайды ушықтыруға да себеп болғаны хақ.

Әрине ойсыздыққа себепші болған, тек қана білім тұрғысында пайымдауды әдет қылыған, атау сөздердің өзіндік ой үінін табу құлшылығын, құдайлық таза ақылға жалғайтын әулие аруағының батасына жалғанудан ашық бас тартқызуға елді мәжбүрлеуден, қазақ елінің жаппай ойсыздық зұлымдыққа түсуіне әкеліп соқтырғаны да сөзсіз. Қазақ сөз ұғымдарын ойының бұзылып, тірістелуіне ойшылдық мектебінің қадыр, қасиетінің жоғалып төмендеуіне, ойлана білудің, әулиеліктің жоғалуына да масһабшы, білімді қауым мен ел билеушілердің өздері жәрдем беріп жатқаны да хақ. Ой ұрлаумен, сөз құнын жоғалтумен тікелей ел басымыздың арласуымен; Нұр отан, нұрлы жол, зайырлылық, зияткерлік, тұлғалық, ұлт арманы т,б жолдаулардың өзі ашық мысал бола алады.

Осындай ойсыздықтың себептердің ұлттық құндылық екі күніміздің (жетелік, саналық) тәрьиесін меңгеруді мүлде жоғалтып алдық. Сондықтан да халықтың аруағымен, тағдырымен жалғануы үзіліп, жетелік, саналық ақылдың екі күні жарық бермей, әлемдік қуаттық жүйе түгіл, ағайынын, ұрпағына қуат қосудан қалуға себепші болды. Бұл қателікті түзеуге қазақ ұлттық азаматтық мектебін құрып, философия мен дін муфтияттық сөзді тергеу, тәпсірлеу бөлімі мен дін ісі мен ата дәстүрі намаздарын меңгеру тұрғысында тәжрибелік бөлімі болып ғылымдық тұрғыда мектебін құру керек. Мұндай жағдайда ғана білімділік, біліктілік және нақты амалдардың орындалуымен тәжрибе жүргізіп зетеу арқылы ғана қазақтың; «Ата жолы бақ жолы» болып әулиелердің батасын кім дұрыс, қатесіз толық жеткізе алады, деген көріпкелдік, көрегендік, болжампаздық ұждандылық қасиетті меңгеруді зереттеп, тәжрибелік тұрғыда мектебін қалыптастырумен әлем алдында рухани көш бастаушы елге айнала алмыз. Ондай елге әлемнің барлық қаражаты да, байлығы да өзінен –өзі ағылып келері де хақ. Ал ойшылдықты меңгермей, діүние ісінде 30-елден боламыз, дін ісінде масһабшыл болудан; «Көктен найзағай соқсын, жерде көк сүңгіге ілінсін» деген қарғысқа ғана лайық елдердің қатарын толықтырамыз. (тамыз 2016 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.