I-Ел басшысының ; «Болашаққа бағдар, рухани жаңғыру» жолдауына…

   (Жетеліктен хабары барларға ғана құлақағыс)

«Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңыз­ды екі процесі – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыруды қолға алдық…» деп басталады ел басsның жолдауы. Енді рухани жаңғырудың кезегі келгенін; «Бірақ, ойлағанымыз орындалу үшін мұның өзі жеткіліксіз. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып оты­руы тиіс…» деген үндеу тастады.

 

Есті пендеге әсірсе қазақ ұлтына мұнан артық қуаныш болмайды да. Себебі рухани әлеуметтік жағдайымыз мүлде ескерусіз қалмағанымен де, екі жүзділік саясаттың шылауында кетіп, қазақтың екі күні яғни «жете, сана» деген әлемде баламасы жоқ жан ғылымының өркениетін мүлде жоғалтып алғанымызда хақ. Осы уақытқа дейін ел басымыздың әлемдік тұрғыдағы перілік жүйеге «Арммедогендік» түнек күштерінің басқаруында, ықпалында тұрғанын дәлдеумен келдік. Енді бұл шеңберді бұзуға талпыныс жасағанымен, саналық деңгейді меңгеруге халыққа жолы ашып, оны бұза ала ма? Ал онда жетелі болсаңыз жолдаудың басы мен аяғын қазаққа тән діл біліммен, жанды ақылымен бақылап көріңіз.

 

«…Әжептәуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бас­тау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу. Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы оп-оңай…» деген пәтуасы әрине осы шеңбердің құлпының кілті екені де хақ. Демек бұл «код» ұлттық ділдік қуатымыздың 147 сандық белгісі барын, араптарда 143, орыстарда 132… т,б деректерді ата жолы жазбаларында аруақтардың  көрсетумен баяндадық. Ел басымыздың енді діл білімін осындай түнек күштерінің ықпалынан шығудың кілті екенін дөп басып айтып тұрғаны хақ.

 

   «…Бұл – тарлан тарихтың, жасампаз бүгінгі күн мен жарқын болашақтың көкжиектерін үйле­сімді сабақтастыратын ұлт жадының тұғыр­намасы…» деген сөзінің астарында Абай-Шәкәрім және қазақ әулилерінің, ақын, жырауларының ата дәстүрін қалыптастырудағы қалдырған мирасы және әрбір пенденің тағдырымен байланысты жеті аруақтық жүйесі екені де хақ. Бұл ұлттық жадымыздың ұят, ынсап, ұждан және ар болып күзетшісі киесі болып, үш байлықтың негізін құрайтыны айтуды неге ұмыт қалдырған? Гәп осыдан басталатынын перілік жүйенің екі жүзді саясатының қайдай бағытта да ықпалы болатын алда жолдаудан байқап көруге болады.

 

Олай болса мына ойдан кейін;   «…Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қа­зақ­стан­дықтың санасын жаңғыртудың бір­неше бағы­тын атап өтер едім…» Ел басымыз сана деген жетінші өрістің толуымен ақыл-ойдың жетілумен, ар ұждандылықтың яғни мәңгілік жанның көкпен байланысуын ғылымдық тұрғыда қазақтың ата дәстүрімен байланысты ғана меңгеруге болатын ең үлкен құндылығын, жан ғылымын перілік жүйеге бейімдеуге тырысқаны және оны қалайда орындай алатына да сенімді екен.

 

Саналы болудың бірінші шарты; «…Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы,  ком­пьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мә­дени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың сана­тында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы…»  Ғылымды болуды Абай атамыз; Ақыл, қайрат, жүрек үшеуі ғылымға жүгініпті..» деген насихат қалдырса, ел басшымыз енді біліммен, үш тіл меңгерумен жүрекке саналық қасиет беруге болады дейді.

 

Негізінде сана қуаты ұлттық ділдің қоры әйелдердің қан тегімен, аяқтың тазалығымен, ақ жаулықты болуымен, бой өрісінің толықтығымен жер анамен жалғанып, ана сүтімен, қандағы «креоцеген», ақ уыздық яғни қан шарабымен еріне неке төсегі арқылы жан қауаты болып қосылып отырады. Ақ жаулықты етегі таза, ақ білекті әйелдің ғана бере алатын саналық етектік қуатын, ер азаматтың жетінші өрісін қалыптастыруға деген зейнеттік киім қазақта кебенек деп атағанды. Ал мұндай жүйенің қалыпты қызмет етуіне бүгінгі ел биліктің «гендірлік теңдік, ұятсыздық» саясаты сана қуатының тажалы екені хақ.

 

Және де «Саналық жаңғырудың» енді заманда «Гендірлік теңдік» деген бағытпен екеуі бірге тұруы да мүлде мүмкін емес. Ал шындығына келсек; ел басымыздың өзінде сана түгіл жетелік ақылы да толық бола алмайды. Себебі бас кимісіз жалаңбас жүреді. Жүрек пен бастың тері өрісі еңбегі арасында қыл көпірдің болуы да мүмкін емес. Әрине біздің бұл берген пәтуамызды қазақтың білімді қауымы да ғалымдары да мойындап түсіне  алуы да мүмкін емес. Ол үшін жетелік қуат керек. Сондықтан да бұл жолдаудың қазіргі таңда қазақтың рухани өлі қауымының ақпараттық жүйеде өз ықпалын жүргізіп, ақылы толмаған жынды, біліміне мастанған жастардың дінші, ақылшы болып алуына да жол ашылғаны да сөзсіз.

 

Енді ақсақалы азған, сана түгіл жетесінде меңгере алмаған ғалымдар, діншілер, ақын, жазушылардан кеңес алатын ел басымыздың мұндай әрекеттермен ұлттың ділін өсірмеуге, саналықа жол ашатын ақылдың жетесін меңгеруге деген жолын жауып, ібілістің жобасын орындауға деген ықпалды қазақ зиялы қоғамының өзінің қалауы десе де болады. Енді негізгі сананың қасиетін, ғылымын меңгеру жолын қалайда жоғалтуға деген, жеті сатылы құлпының  кілтін байқатпай аустырудың амалдары да оңай атқарылатынын көруге болады. Екінші құлыпты ашуды «Прагматизм» деп атап;  «…   Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы. Бұл – заманауи әлемдегі бірден-бір табысты үлгі…»

 

Қазақтың мінез-құлқы қандай болуын сандық белгімен Абай атамыз дәлелдеп, оның жандық тұрғыдағы тәрбиесін Шәкәрім атамыз насихаттаса, ел басымыз мұны дүниелікпен ғана байланысты, заманға сай болуға шақырыпты. Сондықтан қандайда бір ел биліктің ұстанған саясатын, жерді өңдеу, заманға сай техногияны пайдалауға, шет елдерге беріп көп өнім алауға деген сияқты болашақтағы болатын бағдарламаларға төзімділікпен қолдап отыру керек, деген астарлы ұғымды аңғаруға да болады.  Бұл үнді мына ойдан аңғаруға болады;  «…Адамның да, тұтас ұлттың да нақты мақсатқа жетуін көздейтін осындай бағдарлар ғана дамудың көгіне темірқазық бола алады. Ең бастысы, олар елдің мүмкіндіктері мен шама-шарқын мұқият ескеруге тиіс. Яғни, реализм мен прагматизм ғана таяу онжылдықтардың ұраны болуға жарайды.»  Ел биліктің бүгінгі «РЕАЛИЗМ» саясаты жер дауы, тіл дауы, дін дауын «күштінің арты дирмен тартады» тәсілімен атқарылып жатқаны да жасырын емес.

 

Бұл жерде Құдайдан артық жерді адамзат күтіп баптай алмайтыны, елдің арсыздықпен азуынан жердің сорлануы, шөптердің құнары кетіп, түрлі дерттердің пайда болауына да ықпалы болып, оған ана тілінің де басты әсері барын айта аламыз ба? Айтып жүргенімізбен оны тыңдайтын, түсіне алатын басындағы жынды суын тазарта алған қазақтың мүлде азына да куәлік беруге болады. Сонымен сананы меңгерудің үшінші құлпын, «Ұлттық біргейлікті сақтау» деген кілтпен ашуға әбден болады да. «…Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту…» Ел басымыздың сананы меңгеру туралы ата –бабаларымыздың қалдырған мирасына қайшы болуына да қазіргі таңдағы философия, психология, дін білімдері мен жетесіз ғалымдардың ықпалы барында ескерген жөн.

 

Сондықтан ұлттық сана-сезімнің жүйесін өзі меңгермей, сыртай ой жорумен оны көкжиегін қалай анықтамақ? Адам баласы өзінің жүрегінде жоқты түсініп меңгеруі де жаратылыстық заңдылыққа қайшы болмақ. «…Сонымен бірге, жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді. Мысалы, жершілдікті алайық. Әрине, туған жердің тарихын білген және оны мақтан еткен дұрыс. Бірақ, одан да маңыздырақ мәселені – өзіңнің біртұтас ұлы ұлттың перзенті екеніңді ұмытуға әсте  болмайды. Біз әркім жеке басының қандай да бір іске қос­қан үлесі мен кәсіби біліктілігіне қарап баға­ланатын меритократиялық қоғам құрып жатырмыз…»  Міне енді ібілістің үні жобасы ашық біліне бастағнын аңғаруға болады. Біз жаһандық жүйеден ешқашанда шығып, құдайлық басқаруға ақылдың, ғылымның еркіне бағынбайтын тек білімен, мал табарлық жолда ғана жүруге тиісті болуымыз «сананың жаңғыруы, көкиегін кеңту, меритократиялық қоғам» деп аталуы керек.

 

Бұл енді дайындық шаралары ғана, яғни біздің үш өрісіміз ұятпен, адамдық қасиеттерді сақтаумен емес осындай жаһандық талаптарға сай болып, төртінші тұрғыда «Төртеудің түгелдігі» болып; «Білімнің салтанат құруы» керек. Мейлі қандай білім болса да ақылсыз, ғылымсыз меңгерудің жолына шығу ұлттық сананың көкжигін кеңту болады екен. « … Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жас­тары­мыз басымдық беретін межелердің қатар­ында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді..» Қазақтың құндылғы; «Малым жанымның, жаным армының садақасы» деген ескірген ұғым болып табылады екен. Ар, ұяттан биік тұрған білімсіздік деген санасыздық болып табылмақ.

 

Сонымен сананың кілті діл білімі болып қандай да бір тіл білімін меңгеруге тазартуға пайда зиянын ажыртауға болатын ел басымыз білмейді,  әлде жабаның басындағы «код» ұғымын әдейі ұмытып, тек қана өнеркәсіптік тіл біліммен, дүние табумен саналы ұлтқа айналуға шақырады. Ал адамзаттың жер бетіндегі барлық тіршілігінің нәтижесі жанды көбейту, қан тазалығын сақтаумен, әлемдік жүйеге қуат қосумен ғана бақытты бола алады, деген ұғым қазақ қоғамында әзірге болуы да мүмкін емес. Себебі біздер білімнің соңына ғана түсіп, жақсы тұрмысқа жарысудың соңында, өзіміздің әрекетімізбен жаратылысқа табиғатқа да зиянды қуаттарды қосып, құдайдың лағнетіне ұшырап жоғалатымызды білеміз бе?

 

Енді ел басымыз біздің ақылымызды шеңберге салуға, осындай дайындықтан өткізіп алып «эволюциялық даму» жолын ұсынады. «…? Бұл – бәзбіреулердің әншейін қалауы емес, жа­һандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеудің бас­ты шарты.   Бірақ, мәселе бұған да тіреліп тұрған жоқ. Са­наның ашықтығы зерденің үш ерекшелігін біл­діреді. Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.   Екіншіден, ол жаңа технологияның ағыны алып келетін өзгерістердің бәріне дайын болу деген сөз…»

 

     Бұл жолдаудың астарында сана деген ұғымды мүлде ұмытумен оның орына жаңадан жаһандануға бейімделу зерденің үш ерекшелігін меңгеру, яғни әлемдік ақпараттарды көріп, естіп отырумен, біліммен аңғарымпаздықты меңгеру арқылы санаға ар, ұят, жете, ақылмен құдай арқылы емес әлемнің тілдерін тікелей түсіну арықылы жетеуге болатын бұрын соңды әлемде болмаған жаңа ғылым жолын ашқан екен. Демек сана- деген ақылмен ойды табуға, көкжиктен, жұлдыздардан таза ақылдан хабар алып әрекет қылу емес, қалайда жаһандық көштен қалмаумен бағалануы керек екен.

 

«…Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава – Жапония мен Қы­тай­дың бүгінгі келбеті – осы мүмкіндіктерді тиімді пай­даланудың нағыз үлгісі. «Өзімдікі ғана таңсық, өзгенікі – қаңсық» деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл – та­быстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсет­кіш­терінің бірі. Егер қазақстандықтар жер жүзіне үйден шық­пай, терезеден телміріп отырып баға беретін болса, әлемде, құрлықта, тіпті іргедегі елдерде қандай дауыл соғып жатқанын көре алмайды…»  Сонымен ең саналы елдер Қытай, Жапон, Ағылшындар болып, ендігі саналық ұғымы дүние байлығын табыс табудың құралы екенін дәлел келтіріпті.

 

Олай болса; Қазақ халқы мәңгілік саналы ел боламыз десек, әлемнің соңына қалмай бүгінгі әрбір күнін, тұрмыстағы жетістігін қайталап, меңгере білуіміз керек. Ал болашақта қалай болады, құдай не ескертеді, жанды сақтау үшін ар, ұяттылық ұлттық ата дәстүрімізбен тектің сақталуы деген, құдайдың қияметтік дауылы да, дүниенің табысының алдында сөз емес екен. Сана деген бүгінгі заманда жоғалуға айналған Адамдық қасиетті жетілдіруге емес, керісінше жындық қабілетті арттыруға қызмет қылады екен.

 

Сана көктен хабар алатын адамзаттың құдаймен арадағы дәнекер елшігі болса , ендігі саналық ұғым; «…Көкжиектің арғы жағында не болып жатқанын да біле алмайды. Тіпті, бірқатар ұстанымдарымызды түбегейлі қайта қарауға мәжбүрлейтін сыртқы ықпалдардың байыбына барып, түсіне де алмай қалады.» Яғни ендігі біздің тәңіріміз теңіздің ар жағындағы елдер болуы керек дейді ел басымыз. Енді бұл дайындықтың артында әрине құдайдың бүгінгі таңдағы хабарларына, қияметтің өтпелі кезеңді меңгеуге деген әр пендеге беретін жол-жобасын терістеп, қарсылық қылып, тегін жоғалтуға деген ібілістің ашық жобасы тұрғанында аңғаруға болады… (жалғасы бар. Мәуліт айы 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.