Ел басымыздың жолдауындағы  ұлттық сана кодының негізгі ұғымы дәстүрімізде…

«Абай» журналының екінші нөмірінде жарияланған ардақты Мәнен бауырымыздың «ұлтшылдық» деген мақаласына бір ауыз сөз айтқымыз келеді,– дейді Шәкәрім қажы.– Менің ұғуымша, ол кісі: «ұлтшылдықтан мәдениет, мәдениеттен адамшылық туады»– дейді. Бұған дәлел керек қой?! Көріп отырмыз, ұлтшылдық пен мәдениеттің ең жоғарғы басқышындағы Европа, олар адамшылық қылып отыр ма? Менің ойымша әлі күнге шейін, асса ұлт, қалса өзімшілдіктен аса алған жоқ. Себеп не? Ұлтшылдық мәдениетті туғызса да, ақ жүрек туғыза алмайды; ақ жүрек дегеніміз «ұждан» (әммә жанға махаббат, шапағат, ғаділет), қазақша тәмәм адам баласын бауырындай көріп, жаны ашып, әділет қуу. Осы айтылғандай, ақ жүрек көбеймей тұрып, адамшылық жеңе алмайды. Ұлтының кемшілігін толтыру, артықты өзгелерге зиянсыз жолмен табу ақ жүрек (ұждан) ісі. Оны істеп отырған кім бар?».

Шәкәрім Құдайбердіұлы. «Ұлтшылдық туралы».– «Абай» журналы, №3, 1918 жыл.

 

Ал енді бүгінгі ел басымыздың саналы яғни ұжданды болудың сыры мүлде басқаша арнаға түсіп алуына, оны ата дәстүріміз тарихымыздан, Алланың иіріп берген жібінен, исламнан мүлде бөліп, білімге ған сүйеніп жаңашылдық өзгеріс жасудың артында кімдер тұр? Мақсат, мүдесі қандай?Құдайдың жол-жобасына, дін жүйесіне, жан ғылымына бағынбай нәтижесін береді деп ойлайсыз ба?

(Мәуліт айы. 2017 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.