II-Жамандығын алдымен білмей, жақсылық баянды болмасты

Қазақ ұлтына рухани қауіптің екі жақтағы көршіден келетінін бабаларымыз болжап кеткен екен. Олай болса; «Сендердің жақсы көргендеріңнің ішінде жамандық бар, жек көргендеріңнің ішінде жақсылық бар» деген Раббымыздың даналығына жүгінсек, онда бізге келетін екі көршіден жамандықтың ішінде жақсылығы да болуы керек. Енді заманға қарай тағдыр болып қалыптасқан жамандықтармен бірге Құдайдың жасырын түрде жазылған жақсылықтың да болуын терістейтін пенделер тобын жынды атаған дұрыс. Жындылық Алланың аяттарына, парыздарына мойынсұнумен терістеумен қарсылық сөздер айтып, соған байланысты амал қылумен көрнісін береді.

 

Ал ашық түрде жанды аздыратын, ұятсыздықпен арды жоғалтатын жамандықты тануда біздердің бабаларымыз қателесуі мүмкін емес. Қателесті десек, біз сияқты ұрпақтар және соншама жер мен мирастар қайдан пайда болмақ? Енді бұл білімді Абай атамыздан оқып алуға болады.   Бірақ Абай атамыздың көптеген насихаттарының астарын, ойының үнін барлық пенделерге өзі оқып түсінуі де мүмкін емес. Сондықтан қазіргі кезде бұрынғы заманның жамандығынан да туындаған рухани тұрғыдағы жақсылықтарды да мойындауды терістейтін қылықтың қайта жаңғыруы да көрініс беріп жатқан белгілерін тәпіштеп көрсек.

 

Құдай тағаланың түсірген жобасын ұлттың тағдыры болып, кеңестік заман орнап, орыс еліне бодан болып, еріксіз түрде білім алуға, отырықшылықты меңгеріп, ұжымдасып жер өңдеуге, өндіріс ашып, зауыттар салу, әскери соғыс өнерін мылтық ұсатуды үйрену, дегенді жамандықтай қабылдап, бұған мәжбүрлеп көндіруге тұрған орыс ұлтының бәрін зұлым, деп санаудың әдеті жындылық болған еді. Дінде тағдырға иман келтіру десек, оған ашық қарсылық жасау, жамандықтардың ішіндегі жасырын жақсылығын көре алмау және иман тұрғысында жақсылықтардан жамандығын ажыратпай, сол қалпында пайдаға асыруға тырысу, жындылардың ғана әрекеті екені де хақ.

 

Енді бұл жындылық әдетіміз, білімді қауым арасынан ібілістің ұрпақтары шығып, тектілікті құдайсыз, ғылымынсыз, иманнан хабарсыз, Құдайдан жол-жобасыз қолдан көбейтпек болып;   ат тергеудің кейінен орыс ұлтымен байланысты әлемге ортақ үлгісін «Ов, Еваны» зұлымдық, қанымызды аздыруға бағытталған деп түсіндірумен, алайда ата-баба аманатына қарсы шығып, сүйекті сындырсаңда; ата, әкеңмен қоса аталу керек, деген және орыстан таңбаны бөлсек, діліміз өзінен өзі ғылымсыз да қуаттанады деп халықты азғырумен, енді оны ұлтшылдық мәдениетілік яғни жақсылық, деп қабылдап ішіндегі ібілістің бүлікшілдік ой үнін, жамандығын ажыртаудан қалдық.

 

Қазақ елінің ділдік қуаты тегінің әлемде ең жоғарғы дәрежесі болғандықтандан, білімді ақыл қылып, қарсы тұра алатын, ібілістің ұрпақтарын дайындауға да халықтың жындылығын артырумен, сөзді түсінуге қабілетін жою керек. Ібілістің ұрпақтары болған, дүние ісін жетік меңгеруші жоғарғы білімділер атақ, дәрежелермен, дүние ісін жетік меңгерген мал табарлық қасиетті талантылардың ел билікке бірін-бірі тартумен, елдің барлық рухани саласында басқаруға мүмкіндікке жете алғаны да сөзсіз. Сонымен дін болсын, шығармашылық болсын, қазақтың атау сөздерінің үнін терістеу арқылы саналық жүйесінің екі күнін тартып алумен де аяқталғаны жалған емес.

 

Мұндай жағдайда, енді құдайдың ісі болған ғылымның құндылығын меңгеруді де өз қолдарына алып білімге байлауға, жаппай арсыздықпен мәңгүттікке айналуға бейімделген, әлемдік жүйге жалғанумен;  үш тіл арқылы  ғылымды боламыз, гендірлік теңдікпен жаулықсыз, етексіз, ұятсызда текті ұлт боламыз, деген салтты меңгеруге заңмен қорғап, мәжүрлеуде ібілістің ұрпақтарына оңай жүйе болып қылыптасты. Енді мұндай саясатты қалыптастырудан жүректегі құдайдың дін аятына, парыздарына деген қарсылықты  және оны орындауға деген әрекеттерге жапай  қорқынышпен қарауға ақылдары негізделген, шайтанның жамағаттарын, үнемі есін жидырмай, дүниенің қызығмен, ойын-сауыққа ақылдарын байлап қойудың амалдарын үнемі артырып отыруда керек.

 

Мұндай жағдайда діннің де қарсылығы мен қауіптілігі арта береді де, оны да ел билікпен ібілістің ұрпақтары арқылы азшылықпен  басқаруда ұстау маңызды екені сөзсіз. Мұндай перілік топтықтардың Құдайдың ісін мүлде ескермегенмен, қияметтің мезгіліне үкім беріп, апаттармен, азаптарға ұшырған халықтың амалсыздан Құдайдан жәрдем сұрауға, рухани оянуына тура келеді. Бұл қауіпті құбылысты, енді ібілістің ұрпақтарының  ондаған жылдар бойына дүние ісімен байланысты  жинаған абыройларына нұқсан келтіру былай тұрғанда, мүлде қарсылықпен көтерліске шығып, атақ, дәрежелерімен қоштасуға тура келеді.

 

Олай болса, қалайда бұл екі аралықта екі жүзділікке байлаудың қажеттілгі өзінен –өзі туындағаны да хақ. Сондықтан Құдайлық ілім жолын көрсетпеуге, білім арқылы дүниелік жақсылықтың барлық жағын қарастырып, оның ішіндегі жасандылық, жамандығын анықтай алмайтын ақылдың саналығын өзгерту жолы ғана тиімді болмақ. Мұндай әрекетті ел басымыздың жолдауына бірде-бір сын айтылмай, қателіксіз даналық деп танушы, негізінде білімді қауымының шенді, шекпенділері болып жатқанына да ашық дәлел бола алады. Жолдаудың мақсатына азшылық арқылы көпшілікті бұл іске мәжбүрелеудің тұрғанын да жетесіз дүниеге мас болған ақымақ қана түсіне алмайды.

 

Ал енді ел билеушілердің, шенді, шекпенделердің бұл жақсылықтарының ішінде ібілістің ұрпақтарына тән, білім арқылы ғана жасанды рухани жаңғырумен, саналықпен байланысты белгілі  бір дүние тіршіліктік көрнеу жақсылықтың ішіндегі біз білмейтін жамандығымыз барын аңғарып көрсек. Бұл да негізінде орыс ұлтымен байланысты жағдай. Ата жолын елден садақа жинап, жұрты тонап жатыр, деген ел биліктің қамқорлығымен, діншілердің қарсылығымен, елдің дүние тіршілігі тұрғысында да пайымдалғанда соталғаны да дұрыс сияқты.

 

Бірақ ақылы түзу, есті пендеге мұның астарында; болашақтағы қазақ ұлтының әлем алдында рухани биікке көтерілуге деген, ібілістің ұрпақтарының қарсылығы екенін аңғаруға болады. Ондай жақсылықтың орыс ұлтынан келетіні, яғни олардың қазақ дәстүріне жан ғылымының тегіне қызығумен, рухани жетілу жолына түсіп, жаппай ислам дініне кіріп, қазақ ұлтының абырой, беделін, ана тілін, сөзінің қасиеті мен құндылығын әлем алдында биікке көтерумен байланысты еді. Әрине мұндай келетін жақсылықтан  ата жолына қарсылық жасағандардың өздері де қашпас еді.

 

Бірақ масһаб діншілері мен ғалымдарының масқара болуы, ел биліктің, білімді қауымының осы уақытқа дейінгі жазған, айтқан шығарған ата дәстүріне қарсылық заңдарының жалғандығы көрініп атақ дәрежеден айрылудан артық қандай қорқыныш болмақ? Және тарих ғылымындағы талай даналықтардың жалғандығы, онымен осы уақтқа дейін абройлы беделді болып келген ғалымдардың, сонымен бірге медицина ғылымдағы қателіктердің де ашылу қаупі арта бермек. Ал қаншама жастардың дін жолында қарсылыққа түсуге де басыт себепші ел билеушілердің дінсіздік саясаты болғанын, қаншама қыршыннан қиылған, өзіне қол салғандардың туған-туыстарының қал жағдайын, мұның себебін және болдырмауға түсірген Құдайдың үкімдерін түсінген халықтың қандай жағдайда болатын да көз алыңызға елестеп көріңіз.

 

Олай болса, ібілістің үніне, біліміне жүгінумен бір күн болса да, яғни арсыз, ұятсыз болса да, бірақ жұрттың көз алдында мақтаның буына пісіп өмір сүрген, дүние қызығынан айырылмаған артық емес пе?   Сонымен бірге орыс ұлтының рухани тұрғыда ақиқатты тану білімдері біздерден әлде қайда жоғары тұрып, біздің бар ғалымдарымыз, құдайдан хабар ала білмейтін тарихшыларымыз, ақын, жазушы, тілші аталағандарың көбісі елді зұлымдыққа түсірушілер болып танылуына, әлем алдында абыройсыз қалуына да бүгінгі ел билік жол бере ме? Ашық қарсылықтың енді пайдасы жоқ, себебі халықтың рухани оянып жаппай қарсылық білдіріп төңкеріс жасауға да шығуы әбден мүмкін.

 

Алайда бұл екі араны тезірек үзіп, елдің көңілін қалайда бір жағдайға тұрақтатумен рухани жаңғыру атап, сананы құдайсызда өзгетуге болады, деген жолдауды қол соғып дәріптеп жүргендердің, осы топтың ібілістің қызметішілері екенін, енді болашақта түбі керек болады, деп анықтап танып алыңыздар. Себебі алдағы заманда бәрбір хақиқат ашылады да; бұзықтық, қарсылықтар, шайтанның жамағаты болғандар көрнеуге шығады. Бірақ екі жүзді жасырынып қалатын ібілістің білімді, ілімді ұрпақтарын аңғару, тану өте қиын болады. Мұндай жақсылардың ішінде ібілістің періге айалып отыратыны да хақиқат. Ібілістің сипаты бұрынғы замандарда ел билеушілер, бай қуатты болған аз ғана топтың ішінде жүретін болса, енді жаппай білімді әрі ібілістің ұрпағы болып айналуға, танылуға деген жарысатын заманда өмір сүріп жатырмыз….(Мамыр 2017 жыл) http://atazholy.kz/

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.