Ақ бақсылықсыз ақталу жоқ!

Дін дегеніміз ақылдың нұрланып еркіндігін қалыптастармаса керісінше қарсылық күштердің ықпалына түсіп бүлдіргіш күштереге қызмет қылып кетеді. Сондықтан қарсылық күштердің ықпалын артырмауға адамзаттың ақылын тежеп малдық тұрғыда біртұтас заңға бағынып, белгілі бір саясатты ұстануға мәжбүрлеуге де «Дін апиын» деген ұғымды енгізумен ғана мүмкіндік болмақ.

Бірақ адамзат өзінің тегін іздеп жарыққа қарай тартылмай тұрмайды. Бұл жаның қалауымен Алла тағала тарапынан түскен үкімдермен нұрға да байланысты болмақ. Осындай заманның қияметтік бір кезеңнен екінші кезеңге өтуге байланысты тоғыз жолдың торабынан тоғысқан мезгілінде біздерге тіршілік етуге тура келгені де хақиқат. Сондықтан да бұл заманың біздерге меңгеруге берілген жол-жобасынан туындайтын әр пенденің өзінің тағдырлық ерекшелігі және ата-бабасынан жалғасты келе жатқан аманаты мен жүктеріде болуы хақ.

Енді мұны меңгеруге ислам дінімен Құдайымызды тануға, белгілі бір нанымдық жүйеге жалғануға тиістіміз. Яғни сол наным сенім арқылы өзіміге тисті тарихи кезеңдермен, шежірелік жүйемізден рухани қуаттарды меңгере аламыз. Мұндай жүйелердің қазіргі таңда сана алуан түрі барын және ең негізгі қазақ елінде масһабтық, сопылық тармақтармен белгілі. Бірақ мұнан әзірге қазақ елінің жаппай рухани оянып өз ара тазалық, бірлікте өмір сүруге жастардың еліктейтін тұлғаларын қалыптастара алды дегенде жалған болмақ.

Мұндай жасанды тұлғаларды дайындауда өз ара қарсылықта партиялар құрып, топтарға бөлініп алып, жарысып өзін әулие санамайтын ел билеуші ғалым, дін ғұламасы, имам, пірлері мен ажзуышы, тілші, ақындар деген ақылдарын кімге айтарын білмейтіндей тыңдаушы қара халықтан да артық көбейіп алдық. Сонымен ел биліктің жасанды рухани жаңғырумен, дін масһабшылардың тура жолымен де  қазақтың жан ғылымын өрістетіп, рухани жетілуін қамтамасыз етпек түгіл, қарапайым иманды да меңгеруге ақылдың талабының тәрбиесі деген де ұғым жоғалып кетті.

Бірақ Алла тағланың қазаққа түсірген рахымы мен әулие-әмбилеріміздің Алла алдында дұға жасап, тілегінің жемісі де елдің ішінде өз жемісін беріп жатқанын да білген жөн. Бұл Ясауи бабамыздан қалған дін дәстүрлік үлгі, ақ бақсылық қасиеттерді меңгерген еркектер арқылы, ақталумен рұқтық жүйеге жалғанып, әйелдер жанын тазартып көбейтудің, өсірудің барлық амалдары мен және ондай үлгілермен елдің рухани оянуына, тура жолын тауып, үзілген тағдырларын жалғап, өмірге текті ұрпақтарды әкеліп, қазақтың жарқын болашағын қалыптастаруға деген аз ғана топпен үлгісі де бейнеленіп, көрнісін тауып жатыр десек жалған емес.

Сонымен мұндай рухани дәрежеге көтеруге себепші болатын ақ бақсылықты меңгерудің қиындығы да сынағыда өзінше бір ғылымның сыры, кереметімен байланысты болып, жалпы қағидалары ата жолы жазбасы бейне баяндарда айтылып жатыр. Сондықтан бұл Мұса пайғамбарымыздың ақталудан өтіп қаншама жыл жалданып, мал бағып кейінен Раббымыздың нұрына жолығып, Туа ойпатынан өтіп қолының ағарып барып, қолына ұстаған таяғының киеге айналу мұғжизасымен тікелей қатысты болмақ.

Қолдың ағарумен әрбір ақ бақсылықты меңгеруші ер, әйелдің қамшының сабымен де байланысты шипалық қуаттық бейнелену болмақ. Енді сондай дәрежеге алғашқы болып қадам басып жатқандар бар. Соған байланысты Раббымыздан ағаштың да киелігі пайда болғанына хабарда келіп түсті. Енді мұндай деректерді жария қылсақ:

1.Үйеңкі ағашынан сапталған қамшыдан;Жалқаулық , салқындық мінезді сылады. Төзімділік қуат қосады. 7 ата аруағына тез жалғануға себепші болады.

2.Тобылғы ағашымен; Ашкөздікті тіледі. Тоқшылық (қанағат) салады. Бойға тепе-теңдік салуға жәрдем береді.

3.Тораңғы ағашынан; Тоғышарлықты тияды. Көздің көруіне жақсы әсер ереді. Иіс сезу қабілеті күшейеді. Жүйкеге дем салынады.

4.Жиде ағашынан;Қатігездіктен арылтады. Қағілездік салады. Бел қуатына дем түседі.

5.Қайың ағашынан; Қатайған жүректерді жібітуге дем. Өкпе ауруына дем түседі.

6.Қарағай ағашынан; Көріпкелдік қасиетті нықтайды. Теріс ойлаудан тиылуға септігін тигізеді. Тыныс алу жолына дем. Қорқақтықты сылады.

7.Жаңғақ ағашынан; Жайсаңдық, жайбасарлықты сылады. Омыртқа арқа сүйектерге дем. Демікпеге дем. Дәм сезу қабілетін күшейтеді. Салмақ қосуды тежейді. Семіздікке дем. Артық салмақ тастауға себепші болады.

Әрине бұл қамшының қасиетіне ақ бақсылықты меңгерушінің қолының өрісі ағарып қуаттануы ғана себепші екенін жадыңыздан шығармаңыз. Сонымен әрбір ордада осындай 7 түрлі саппен байланысты шипалық тазартуды жүргізетін ақ бақсы еркектерді дайындауда аққаулардың тақуалық, тазалық ақ бақсылықта жетілгендігі керек ақ. Ал мұндай ордалардан тазарудан өту негізгі әулие-әмбилер басынан ойпаттардан алатын шипалық қуатарға есік ашып, қандай жерден қандай шипалық қуаттардың барын алдағы уақыттарда жариялаймыз. (Мәуліт айы 2018 жыл)

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail адресіңіз жарияланбайды. Міндетті өрістер * белгіленген.