ҚАЗАҚ, ЕСІҢ ЖИ!? (тақырыбына естіліктен сауал)

 

Осы ширек ғасыр — 25 ішінде мемлекетті құрушы ұлт – Қазақ — мына тексіз, дінсіз, тілсіз биліктің қолындағы ойыншығы болды.

Осы уақыт аралығында біздің Қазақ қорланудың не түрін көрді, басынан кешті. Мыналар ойдан жасаған 140 ұлттың немесе 130 ұлттың ішіндегі ең сорлысы — Қазақ болды.

Қазақты мүлдем құрту үшін «үш тіл» дегенді ойлап тапты! Қазақтың жер асты, жер үсті байлығын тонап, офшорларға тықты!

Бұлар енді Қазақтың қасиетті Жерін сатпақ! Уақытша «мораторий» дегені ойыншық!

Алдау!

Көз бояу!….

… (Ж.Көкбөрі)

Біздерден сауал?

Қазақты сорлы қылған кім? Шынында дүниенің бәрін тең бөліп байлықпен өмір сүргенде қазақ иманды болып құдайға жағар ма еді? Шет елдің салтына ермей, жастарың әншіл, сауықшыл, үлкендерің нарықшыл, ақын, жазушы, үлкендерің науқаншыл, халқың бай болуға жарысып, несие алып той тойлап арсыздығын артырмай қанағатпен қарын тойғызар деп бір-бірін ағай туыстай көріп тапқанымен бөлісер ме еді? Қызын, қатынын көшеге көтін ашып жалаңаш шығармай, жандарын өлтіртпей арлы елге айналар ма еді? Жетімін тастап, нәрестесін көшеге туып лақтырып тастауда да кедейліктен шығып жатыр ма? Әлде жұмысы бар, тамағы тоқтар шетінен иманды болып азғындыққа түспей жатыр ма?

Толық оқу

Зайырлы болу ішкі сырыңды дініңді түсіну

Зайырлы- деген ұғым адамзаттың және барлық жанды жаратылыс егелерінің, адамзат қолынан пайда болған туындыларының ішкі жасырын қасиетін білдіреді. Сонымен біздер неге зайыр сөзін мемлекеттің дін ұстанымына пайдаланып, ел билігі діннен бейтарап деп түсіндіреміз? Бір нәрсені ұғыну үшін, бейтарап болмай, сол нәрсемен бірге өмір сүріп, оның ішкі сырын жан-тәніңмен сезінбей, оның жалпы мазмұнын, құрлымын және қозғалысын, әсер-әрекетін зайырын білу мүмкін емес. Толық оқу

I. Ата жолы және ел билеу саясаты Құдайсыз қурай сынбайдының себебі

Дін білімі және  жалпы іргелі білімдердің бәрі; белгілі бір шектердің ішіндегі қозғалыс, құбылыстардың тәрбін, метафизикалық пайдалы қуаттардың басқару тетіктерін меңгеру заңдылығы. Іргелі білім жүйесін; өмірге, тұрмысқа, шаруашылық істерін меңгеруге қажетті қуаттық жүйелерді меңгеріп, пайдалы әрекеттерге, құрылғыларға, құрал, қаруларға айналдырумен байланысты және тылсымдық қуаттарды адамзаттың білімі арқылы басқаруға қызмет етеді. Сондықтан білімнің қайсысы болса да, адамзаттың өмірі, жер бетіндегі бақытты өмір сүруіне байланысты белгілі бір шектері болғандықтан шартты болып табылады. Себебі нақты істермен шектеліп, бейнелумен ғана пайдалы, зияны анықталады. Шариғат адамзатқа ортақ шартты тұрғыдағы дін ісінің білімінен, амалға айналған әрекеттердің ғибратты үлгілерінен ғана туындайтыны да сөзсіз.

Олай болса шариғат, масһаб сияқты дүние тіршілігіне байланысты білімдердің, ірігелі білімдермен келісімді түрде адамзаттың тіршілік өмірінің жақсылықтармен, ізгіліктерге айналған қажетін ғана өтеуге қызмет етуі тиіс. Енді адамзаттың болашағындағы белгісіз, бүгінгі тұрмысытық, дүниелік істерінің жақсылықтарымен өлшеніп, бейнеленіп көрнісі болмайтын және кітаптық білім тұрғысындағы да ақиретік біліммен көп, аздығымен анықталмайтын, өлшенбейтін, адам баласының белгілі бір құпия тағдырына, қаситілік жағдайына ғана байланысты құлшылық әрекеттерімен, даналықта жетілумен, рухани кемелденумен байланысты ғана анықталатын, түсіндірілетін ілімдік сипатын; дін ісі және іргелі білімдерді меңгеру дәрежесінен бөліп қарастыруды қажет етеді.

Толық оқу