Бақыттылықтың қағидасы

«Бақ қарасын қыдыр дарысын» деп бата берген ақсақалдар елдің елеулісі, қалаулысы болғысы келгендерге. Енді қазіргі таңда мұндай қыдыр қонғандар, аузы дуалы болып халықты ұйытып, маған ерсеңдер бақытты боласыңдар деп ақыл айтушылар бүгінгі таңда жеткілікті. Олардың дуасы бақтан ба әлде қара түнек жындардан ба мұны бір естілер ғана аңғара алды. Негізінде мұндай екі естілердің «Овың Еваңды» өлілермен тең, құрдас болсаң, біз сияқты текті болып, бақ қонады десе, енді біреулері «желтоқсаншыл, жаңөзеншіл» түрлі парияшылдар жатады. Ел биліктің отыз елге ұқсап, жерді сатып байлықпен бақытты болу жолы да өздерінің меңгерген жетістігнен болып жатқаны да болар. Толық оқу

Дәстүр құдайдың ісімен байланысты ұғым

«Тілшілердің тілінен, сөзшілердің сөзінен сақта құдай!» деп неге тілеген аталарымыз? Бүгінде қандайда бір білімнің жүйесін діл, тіл білімнің үнін зерттеудің ғылымдық философия, психология мектебінің ұлттық жүйесі болмағандықтан, мұндай білімді ақыл деп қабылдауға мәжбүр боламыз. Сондықтан өзінің бір ерекшелік білімін ақыл қылып алғанда, ал сөздің астарлы ойының үнін алмай, сезімдік тұрғыда мәнерлеп сөз сөйлеуді сөз өнері қылғандарды тілшілер деп атайды. Тілшілерге қазірге таңда әншілер, өнер «жұлдыздары» деген қауымда жатады. Толық оқу

V- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

«Білімдіден шыққан сөз Талаптыға болсын кез. Нұрын, сырын көруге Көкірегінде болсын көз. Жүрегі-айна, көңілі-ояу, Сөз тыңдамас ол баяу, Өз өнері тұр таяу, Ұқпасын ба сөзді тез?..» Абай атамыз адамзаттың өнерінің шыңы талаптылықпен көкірегі ояулық, яғни сөз ұғарлық қасиетінің ерекшелік мінезі болуын ескертеді. Мұндай көркем мінез болмағанда; «Әбілет басқан елер ме, Сөзге жуық келер ме? Түзу сөзге сенер ме Түзелмесін білген білген ез? «Айтшы-айтшылап» жалынар, Ұққыш жансып шабынар. Ұқпай жатып жалығар Ұйқылы-ояу бойкүйез.Толық оқу

IV- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

Ақыл азса, тән тозады, тән тозса жан жоғалады, ал жан жоғалса қиямет мезгілі басталып, әлемде бүліншілік, жұт, індет, азап, ажалдың үстемдігі мен оған қарсы құдайдың да хикметті білімі жер бетіне түсіп адамзатты құтқаруға көзі ашық, көкірегі ояулар Алланың жолында сапқа тұрады. «Көктен Ғиса түседі, жерден Мәді шығады» деген даналар. Ғиса пайғамбарымыз көркем сөздің киесі «Алланың Мәриемге жалған сөзі рұқ» деп ескерткен аяттарда. Ал көркем сөз Құдайдың нұрынан, буынан жаралған. Толық оқу

III- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де-ақымақтық.» (Абай даналығы) Қазіргі таңдағы қазақтың рухани жағдайы әйтеуір өзіміз осыны білсем, үлгі қылсам жұрттан артық көрінемін, деген мақсатпен әлемнің барлық білімдерін меңгеумен өмір салтын қоса алып мұны ақылдылық, даналық деп түсінеміз. Ал дінді меңгеру, жаратушыға құлшылық тұрғысында қатарымыздан озық болмақ, артық көрінбек, дәрежеленбек, құдайға жақын болмақтың соңында, өз ара менен үйрен, менікі алсаң, сенде адам боласың деумен; әркім өзіне ұнаған тарихтағы бір жақсыларды, әулиелікті таңдап, діннің тура жолы атап, өз ара менікі ғана ақиқат, дұрыс, деген тартыста өмір сүріп жатырмыз. Толық оқу

II- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

«Мінез-жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса –адамгершіліктің ұтқаны. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.» (Әл-Фараби) Әулие ғұлама бабамыздың өсиетіне сүйенсек; көркем мінезді адам баласы, толық жеті жанды өсіре білген болып, ал мұндай жанды адам баласының рұқын, жүктерін меңгерумен, басына бақ қонған, даналыққа жеткен және адамшылық яғни пайғамбаралық қасиеттерді меңгерген болуы шартты. Толық оқу

Масһаб пен қазақ дәстүрі тұтас дін бола ала ма?

Дін дегеніміз көркем мінез депті пайғамбарымыз. Әрине бұл кез келген пенде түгіл, тақуа, әулиелердің де барлығы жете алатын меже емес. Себебі пайғамбарымыздың көркем мінезі құранмен толық бейнеленген. Құранның кез келген аятының бейнесін амалын пайғамбарамыздың мінезінен табуға болатыны сахбаларымызда айтып кеткен. Бірақ мінез бен тіл мінезі яғни ұлттық ана тілі біртұтас болып табылады да әр ұлттың тілмен байланысты мінезде ерекешелігі қарсылығы да болуы шартты. Толық оқу