III- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсемен оздым демектің бәрі де-ақымақтық.» (Абай даналығы) Қазіргі таңдағы қазақтың рухани жағдайы әйтеуір өзіміз осыны білсем, үлгі қылсам жұрттан артық көрінемін, деген мақсатпен әлемнің барлық білімдерін меңгеумен өмір салтын қоса алып мұны ақылдылық, даналық деп түсінеміз. Ал дінді меңгеру, жаратушыға құлшылық тұрғысында қатарымыздан озық болмақ, артық көрінбек, дәрежеленбек, құдайға жақын болмақтың соңында, өз ара менен үйрен, менікі алсаң, сенде адам боласың деумен; әркім өзіне ұнаған тарихтағы бір жақсыларды, әулиелікті таңдап, діннің тура жолы атап, өз ара менікі ғана ақиқат, дұрыс, деген тартыста өмір сүріп жатырмыз. Толық оқу

II- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

«Мінез-жанның айнасы. Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез-құлыққа байланысты. Мінез бен ақыл жарасса –адамгершіліктің ұтқаны. Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде-бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады.» (Әл-Фараби) Әулие ғұлама бабамыздың өсиетіне сүйенсек; көркем мінезді адам баласы, толық жеті жанды өсіре білген болып, ал мұндай жанды адам баласының рұқын, жүктерін меңгерумен, басына бақ қонған, даналыққа жеткен және адамшылық яғни пайғамбаралық қасиеттерді меңгерген болуы шартты. Толық оқу

Масһаб пен қазақ дәстүрі тұтас дін бола ала ма?

Дін дегеніміз көркем мінез депті пайғамбарымыз. Әрине бұл кез келген пенде түгіл, тақуа, әулиелердің де барлығы жете алатын меже емес. Себебі пайғамбарымыздың көркем мінезі құранмен толық бейнеленген. Құранның кез келген аятының бейнесін амалын пайғамбарамыздың мінезінен табуға болатыны сахбаларымызда айтып кеткен. Бірақ мінез бен тіл мінезі яғни ұлттық ана тілі біртұтас болып табылады да әр ұлттың тілмен байланысты мінезде ерекешелігі қарсылығы да болуы шартты. Толық оқу

I- Көркем мінез бе әлде жасандылық па?

Қазіргі таңда дін тұрғысындағы көркем мінезділікті Мұхаммед пайғамбарымыздың қалдырған үлгісімен түсіндіреміз. Енді тектілік тұрғысында адамазаттың мінезі барлық қасиеттердің жүйесі болып, адамдық, кісілікке негізделеді. Адамдықты меңгеру жан, мен тән негізінде болып бұл қасиетті әйел мен еркекке ортақ болып саналады. Ал кісілік еркектерге тән болып, қызды, әйелзатын кісі атау, деген дәстүрімізде болмаған, себебі кісілік жын қуатын, жындылықты еркектік малдық қуаттармен, рұқты меңгерумен байланысты болғандықтан кісі-пірлік қасиеттілік әйелдің кісілігі жетілгенде «кем-пір» деп атаған. Толық оқу

Атаның емес Адамның тегі болайық ағайындар!

Көптеген білімді қауым өкілдерінің, тегіңді қазақшла деген жодауына ілесіп өз әкесінің, атасының сын есімге айналған көбінің жаннатық болған есімдерін өзінің тозақтық ақталмаған рухани болмысына атына тіркеп алып, Казбек Иса, Сағыныш Маха-Әди, Махамбет Ерғали, Мөлдір Нұрман…т,б кейде Гүл-Сара Шал-Қара деген аттарды да көруге болады. Бірақ ислам дінің шарты Адам атты текке қосылу түбінде әлемде 19-ғана тілмен көптеген нәсілдер түгіл, тұтас нәсілдердің бірлігі болған ұлттар да жоғалатыны хақ. Толық оқу

Қиямет мезгілінің белгісі-Адамдық қасиеттің көрнісі

Адам атымызды рұқтан жаратып, бірақ қай нәрсені де жүп парымен жараттым деген уәдесі бойынша талай заман өтіп, Адамдықтың өлшемін жоғалтқанда үлгі болсын, деп Ғиса пайғамбарымызды керісінше Мәрийем анамыздан жаратқанды. Және Адамдықтың үлгісі көмескіленгенде, Ғиса пайғамбар көктен түсіп, адамзаттың ішінен өтіп, кім мұны қабылдай білсе, сол адамдық қасиетті меңгереді, яғни Ғиса қиямет мезгілінің белгісі деген. Толық оқу

Дін туралы пәтуаларға бір ауыз сөз

Бүгінгі заман қазақта білімнің қай саласы, діннің қай тобыныңда үгіт-насихатын таба аламыз. Сондықтан білім тұрғысында ғана менікі артық, сенде кемшілік бар дегенімен бір ұлттың ұрпақтары болып, өз ара жарысыпта кеттік. Ал жаратылыстың бәрі Алланың нұрынан және қарсылықтан жаратылып, адамзаттың тіршілігінде бейнеленуі шарт. Оған ашық дәлел; күнәнің бейнесі азғындықтың түрлі салты болса, рұқынан, нұрынан белгі пайғамбарлар, елшілер әулиелер данышпандар емес пе?

Қай жағы да жанды өзіне иемденуге басқаруға тырысады. Жан бәрінің ортасы және тағдырдың суретшісі. Дін дегенміз, жанымыздың амандығы болып, осы ақпараттық жүйенің білімі, ілімінің кітабы, насихатын қабылдап бейнеленуіне жәрдем береді және Алланың таза ақылына жалғануға жол ашуы тиісті. Демек дін арқылы азғындыққа да, кемелдікке де ортасында да болуға мүмкіндік бар. Яғни адамзаттың барлық рухани болмысы, қоғамдағы орны, қызметі, өнері, кәсібі, әдеті, салты, ақылдылығы оның дінінің жағдайынан хабар береді.

Толық оқу

Ойлануды үйренбей, дінде елде түзеле ме?

Қазақтың бұрын ойшылдық мектебі болған. Сөз өнерін меңгеруде өз ара сынға түсіп, халықтың талқылауына да беріліп отырған. Хандардың өз уәзірлерін, шешендерін сынауы да салты болған. Бұл қазақтың философиялық мектебі болып қалыптасып, дін түсінігінде де, насихатын меңгеруде алшақ кетпеуге себеп болды. Ал енді 40-қа да жетіп ақылы толмаған, сөз майданында сыналмаған, білімді меңгерсе болды жетелі, саналы тұрғыда дәріптеліп; ғалым, доктор болып елге ақыл айттатын лауазымды орындарға лайық болды. Осындай себептерден, қазақ дәстүрі аяқ асты болып дүниесі барлар аяғы сасық болса да төрге шығып, ел биліктің тұтқасын ұстап, үлкендікке сына қағудан бүгінгі қияметтік жағдайды ушықтыруға да себеп болғаны хақ.

Әрине ойсыздыққа себепші болған, тек қана білім тұрғысында пайымдауды әдет қылыған, атау сөздердің өзіндік ой үінін табу құлшылығын, құдайлық таза ақылға жалғайтын әулие аруағының батасына жалғанудан ашық бас тартқызуға елді мәжбүрлеуден, қазақ елінің жаппай ойсыздық зұлымдыққа түсуіне әкеліп соқтырғаны да сөзсіз. Қазақ сөз ұғымдарын ойының бұзылып, тірістелуіне ойшылдық мектебінің қадыр, қасиетінің жоғалып төмендеуіне, ойлана білудің, әулиеліктің жоғалуына да масһабшы, білімді қауым мен ел билеушілердің өздері жәрдем беріп жатқаны да хақ. Ой ұрлаумен, сөз құнын жоғалтумен тікелей ел басымыздың арласуымен; Нұр отан, нұрлы жол, зайырлылық, зияткерлік, тұлғалық, ұлт арманы т,б жолдаулардың өзі ашық мысал бола алады.

Толық оқу

«Ойба деме», неліктен?

Бірінші байлық денсаулық. Денсаулық естілікпен, ақылмен өлшенеді. Ақыл шырақ білім оның майы. Майсыз шырақ жанбайды. Ақылдың жарық шамасы біліммен байланысты. Білімді жеке байлыққа санауға болмайды. Себебі дүниелік білімнің Ібілістен тарайтынын түсі ақ күлгін-«серый» болатынында жадыңызға тоқып алыңыздар. Білімнің үні ой болады. Сондықтан «ой-бай» деме, «ой-буу», деген қазақта.

Естілікпен ғана Алланны еске аламыз

Адам баласының есте сақтау қабілеті (матрицасы) екі түрлі. Бірі сезімдік қуатпен (шайтанмен) екіншісі қаракетік қуатпен (жынмен) байланысты болады. Әрбір пенде екі есті, екі жүзді. Ал екі жүзділікті бір еске айналдыру үшін жүректің тазалығы керек. Оны тазартып қуаттандыру үшін ғылымға-кітапқа яғни ата-бабаларымыздың тазартылған ғұмырына –аруақтарына, естілік жадына жүректерге жалғану керек. Алланың көркем есімдірінің қасиетін, жаратушымыздың жарықтық, өзіндік ғылымын меңгерген ата-аналарымыздың кірпіштік (нейрондық) ақпараттық жадылары, жүрек, көздері Алланың көркем есімдерінің сипатынан болып табылады. «Алла жүректерді қосады» деген құранда. Толық оқу