Түйемұрындық

      Түйемұрындық (ғұрып). Ұзатылып келе жатқан келіншек көшінің жолында отырған ауылдың адамдары (жастары,әйелдері) керуен атының ноқтасынан, не түйесінің  бұйдасынан ұстап тұрып сұрайтын кәдесі. Қыз анасы оларға кәдесін жасайды, кәде алған риза болып, бақыт тілеп батасын беріп, жол болсын айтады.

Қыз көші

     Қыз көші (салт). Құда аттандырар кәдесі жасалғаннан кейін ұзатылған қыз шешесі,жеңгесі, жас іні, сіңлілерімен бірге көлікке отырып жолға шығады. Қыз артта қалғандарға қарамауы керек. Құдалар алға түседі. Одан кейін шаңырақ түйе (қыз көші) жүреді. Тойшы жігіттер көш соңынан әсем киініп ән-күймен ереді. Былайша айтқанда көште ерекше салтанатты жарасымдылық болады. Қыз ауылынан бір көш жер шыққанша мұны «қыз көші» деп атайды. Одан әрі асқанан кейін «келіншек көші» дейді.
    Келіншек көшінің келе жатқанын білетін жолдағы ауыл қыз-келіншектері, жастары «келіншек көшін» тоқтатып «түйемұрындық» алып, батасын беріп, «жол болсын» айтып шығарып салады.

Жасау

Жасау (салт). «Көрсін деп жиылған жұрт тамашасын, жасауын таудай қылып үйгізді енді»! (Наурызбай- Қаншайым). Ұзатылған қызға берілетін дүние-мүлік «жасау» деп аталады. Халық қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген.Небір жақсы бұйым, сәукеле, кілем, текемет, ыдыс-аяқ, төсек-орын, киім-кешек, әсем әшекейлі тағмдар қыздарға берілетін болған.Ауқатты адамдар ақ отау тігіп ұзатқан. Жасауды қыздың еншісі десе де болады.

Қоштасу

Қоштасу (салт). Ұзатылатын қыз өз үйінен аттанар алдында өзінің ата-анасымен, аға-інісімен, сіңлісі, жақын-жуықтарымен қоштасу жырын айтады.

Әуеден ұшқан бұлдырық,
Құбыладан соққан ызғырық.
Жатқа кетіп барамын
Жаратқан соң қыз қылып.
Атасы жақсы құл болмас,
Анасы жақсы күң болмас.
Оң жақтан кетіп барамын,
Қыз еркелеп ұл болмас,-

деп өзінің жат жұрттық болып жаратылғанын жырға қосады. Ең соңында:

Ау-жар

Ау-жар (салт, айтыс). Ұзатылып бара жатқан қыздың «сыңсуы», «қоштасуы» ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, тұған ел-жұрттан бөлініуі, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де, тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар «жар-жардан» кейін де өлең-жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі «ау-жарды» тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар:

Толық оқу

Ау-жар

Ау-жар (салт, айтыс). Ұзатылып бара жатқан қыздың «сыңсуы», «қоштасуы» ұлттық тәрбие мектебінің тамаша үлгісі. Алтын ұяны, тұған ел-жұрттан бөлініуі, жат босаға аттау оңай іс емес. Осының бәрін тәжірибелі де, тәрбиелі халық жылай жүріп ән, жыр түрінде шеберлікпен үйлестіріп жасай білген. Тағы бір қызығы қыз жылап қоштасқанмен ол қайғы емес қуаныш, қимастық сәтінің де белгісі. Дегенмен қыз ауылының қыздары мен жігіттерінің де қимастық көңілдері де көрінбей қалмайды. Олар «жар-жардан» кейін де өлең-жырды үстемелей жүріп айтыс түріндегі «ау-жарды» тағы бастай жөнеледі. Мұнда да ізгі тілектестік, достық көңіл, жаңа бақыт жолында жақсы ниет көрінеді. Оның сөзі де, әні де көркем, ойнақы айтылады. Ол біресе «ау-жар», біресе «ай-ау», біресе, «бике-ау», біресе «үкі-ау» деп те айтыла береді. Олардың мынадай үлгілері бар:

Толық оқу

Дала түріктеріне исламның таралуы

Илайка уәһиуһ уә құр

рабби зидни илма.

(Жаратушы ием,

білімімді көбейте көр).

Қуран-Кәрімнен

Түрік тектес халықтардың қалыптасуына негіз болған тайпалардың тәңірді танып білгеніне үш мың жылдың көлемі боп қалды деп жүр ғалымдар. Ал, өз жыл санауымыздың қазір жиырма ғасырын артқа салсақ, оның XII ғасыры түрік халықтары үшін ислам дініне байланысты екені тағы бар. Тарихи сана-сезім мен үлттық мүдденің қайта оянуы еліміз егемендік алып, ес жия бастаған бүгінгі кезеңнің рухани өміріндегі айтулы оқиға. Соған қарамай ел тарихын, оның әдебиет, мәдени даму жолдары мен тарихын қайта жазу — бүгінгі таңда аса күрделі қажеттіліктен кезек күттірмес зәрулікке жеткені ақиқат. Әркімнің өз тарихын білуі рухани кемелдіктің негізгі белгісі екені даусыз. Бір кездері тарихи көркем шығармалар көбейіп бара жатыр деп, оны әдебиетіміздің бетіне шіркеу ретінде басқан түстар да болған. Ал, шынтуайтына келгенде сол «көп» болып саналған тарихи романдар шын мөнінде ел-жүртымыздың бір сілкінбей қоймайтын тарихи санасының түлей бастауының белгісі ғана еді. Қай елдің тарихын назар салсаңыз да сол халықтардың сенім-нанымы сөз болған, діни оқиғалар қамтылған жазба жөдігерліктері сан алуан. Көбіне, бөрі де дінге, діни соғыстар, шіркеу-храмдардың айналасындағы оқиғалар, сол елдің тарихының жазылуына негіз болып келген.

Толық оқу

Жаратқан Гаитиді неге жылатты?

gaity

Себепсіз ештеңе жоқ. Өздігінен ештеңе пайда болмайды. Бүгінде көптеген елдер табиғи апаттар: жер сілкіну мен цунамиден зардап шегіп отыр. «Бұл не, Алланың шірік жасаған күнәһар адамдарға ес жиғызып, тәртіпке салу үшін тарттырған азабы ма?» деген сұрақтың кім-кімді де мазалары анық. Оңтүстік Шығыс Азия курорттарындағы белең алған азғындық, Таиландтағы әлемге әйгілі «секс-турлар», яғни ата-аналарының күнкөріс үшін бүлдіршін қыз балаларын жезөкшелікке өз қолымен байлап беруі сынды сұмдықтар текке кеткен жоқ.
Қасиетті Құранда айтылатындай, Алла Тағала ауыр күнәға салынған бұзақы елдердің кейбіреуін жерге жұтқызған, кейбіреуін топан суға қарық қылған. Мәселен, Лұт пайғамбар қауымының адам айтқысыз азғындық әрекеттері үшін алған жазасы қасиетті кітаптарда егжей-тегжейлі баяндалған.

Толық оқу

Келін сәлемінің сыры

kelin-salemi

…Мезгіл түске таяп қалған. Газ плитасына шай қойылып, қайнағанша бүгінгі газеттерді қарап отыр едім, есік сынып кетердей тарсылдады. Үйде жалғыз отырған соң әрі әдеттегіден тыс мына тарсылдың өзгешелігі шошытып жіберді. Тапа-тал түс болса да есікке келіп:
— Бұл кім? — дедім.
— Мен! Атаңмын! Бар, киін! — деді күн күркірегендей үн есіктің сыртынан. Алғашқы қорыққаным қорыққан ба, зәрем ұшты. «Бар, киін» деген сөздің байыбын бірден ұға алмай, үйде киіп жүретін халатымның түймесін бір салып, бір ағыттым. Киім салатын шкафқа жүгірдім. Сасқалақтап, киімдерімді жұлмалап, әлекке түстім де қалдым. Дегенмен өзіме-өзім «сабыр-сабырлап» үстіме жеңі ұзын көйлек, басыма орамал, аяғыма шұлық тауып кидім. Барып есік ашып, ата-бабамның салтымен иіліп сәлем салдым.
— Бақытты бол, балам! — деп қолын болар-болмас басыма тигізіп, бөлмеге кірді. Ата жалғыз емес, қасында бір кісі бар, өң-түсінің қандай екенін көргенім жоқ, бірден басымды көтеруге батылым жетпеді…»

(З.Ахметова. «Шуақты күндер»)

Толық оқу

Қазақы шапанның қадір-қасиетін жоғалтып алған жоқпыз ба?

shapanҚазақтың ұлттық киімдері халқымыздың ақыл-ойы мен биік эстетикалық талғамының жемісі. Басқа ұлттық киімдерді былай қойғанда, қазақ халқы ежелден шапанды, камзолды, тақия мен бөрікті айрықша киелі киім санап, қадір тұтқан. Әсілінде, халқымыз ерте заманнан бері ұлттық киімдерді кімнің болса, соның иығына жауып, қалай болса, солай сыйға тартуды қаламаған. Керісінше, ел басқарған хандар мен сұлтандар қазақы қалыптың, ұлтымыздың айрықша белгісіндей болған шапанды әсте иықтарынан тастамаған.
Тіпті хан мен сұлтандардың өздеріне ғана тән мінезін үстіне киген шапандары ешкім айтпай-ақ айқындап тұрған. Ал бүгін ше? Атадан балаға мәңгілік мұрадай болып қалған сол бір қазақы шапанды, біз қазіргі күні қалай пайдаланып жүрміз? Жаңа заманда қазақ үшін ежелден киелі де қасиетті ұлттық киім — шапанның қадір-қасиетін жоғалтып алып жүрген жоқпыз ба? Бүгін біз осы мәселе төңірегінде ой қозғауды жөн көрдік.

 

Толық оқу