Сүт ақы

Қыз ұзату тойы мерзімін қалыңдық құдаларымен келісе отырып белгілейді. Бұл тойға күйеу бас құда бастаған құдалар тобымен және өнерлі күйеу жолдастарымен келеді. Мұнда құдалық кәделері өте көп. Соның ішіндегі жолы бөлек, қымбат кәделердің үлкеі «сүт ақы» деп аталады.
Бұл қыздың анасына тартылатын сыйлық. Бұған анасы бата береді.

Жігіт түйе

«Жігіт түйе» (дәстүр). Құдалық, отау көтеру дәстүрінде қыз өсірген ата-ана еңбегі де елеусіз қалмаған. Той үстінде күйеу жігіт енесіне «сүт ақы» сыйын ұсынса, атасына «жігіт түйе» деген сый әкеледі. Бұған міндетті түрде түйе («жігіт түйе» деген сөз осыдан шыққан), жағалы киім немесе қымбат бұйымдар, ер-тұрман әкеледі. Атасы риза болған жағдайда қол жайып, батасын береді.

Қапқа салар

Қалыңдығын алуға келген күйеу барлық жол- жоралғыларымен яғни құдалық кәделерімен, үлкендерге арналған сый-сияпатымен, той малымен келеді. Той басталады. Қыз өз үйінен аттанар алдында оның әкесі барлық құдаларға киіт кигізеді. Күйеу баласына да сыйлық береді. Бірақ ол киіт емес «қапқа салар» деп аталады. Ол бағалы киім, қымбат ер-тоқым, жігіт жарақтары немесе мал болуы мүмкін. Әрине, бұл қайын атаның дәулеті мен мырзалығына, абырой-беделіне сай жасалатын жолды дәстүр.

Той малы

Той малы (дәстүр). «100 жылқы той малына кетіпті» (М.Ж .Көпеев). Келін алуға келген қадірлі құдалар ел дәстүр-салты бойынша – сән-салтанатымен, жөн-жосығымен келіп түседі. Бұл жолдың кәде-жоралары да көп болады. Соның ішінде ең басты кәдесінің бірі-осы топқа арнайы әкелген «той малы» деп аталатын жолды дәстүр. Бұған әр құда өз дәүлеті мен шамасына қарай жылқы немесе бірнеше қой әкеледі. Күйеудің абырой, беделі осы кәдеге де байланысты болады. Бұған қымбат мата, бұйым, жеміс, қант, шәй да қосылады. Әкелген мал арқылы құдалар қыз әкесінен, атасынан немесе сол ауылдағы жолы үлкен ақсақалдан бата тілейді. Батадан кейін әлгі мал сойылып, тойға жиналғандар одан ауыз тиеді. Той малы толымсыз болса қыз жеңгелері құдалар бетіне басады. Сондықтан да «той малының» мүшесі түгел әрі семіз болуы қатты қадағаланады.

Күйеу киімі

Күйеу киімі (салт). «Әкесі-күйеу, шешесі қалыңдық болмаған ба?» деп бізді мінейді. Ки! — деп аттанар жерде Абайға жаңағы күйеу киімінің бәрін кигізді» (М.Әуезов). Қалыңдығын алуға баратын жас күйеу міндетті түрде «күйеу киімін» киюге тиіс. Алдынан шыққан жеңгелер мен жас қыз-келіншектер күйеуді киімінен танып алады. Сондықтан күйеу басқа жігіттерден салт бойынша ерекше киінеді. Бөркіне үкі тағып, қызыл шапан, биік өкше етік киеді. Бөркін көзіне түсіріп төмен қарап, кішілік көрсетіп тұрмаса айып төлейді немесе сөзге, күлкіге ұшырайды. Сол бетімен қыз-келіншектердің ортасына түскен күйеу небір азапты әзіл-қалжыңға төзеді. Оның мінген атын «күйеу атымен күл тасы» дегендей ауыл балалары мініп алып қызыққа бөленеді. Бұл да ауыл салты.

Сәукеле кигізу

Сәукеле кигізу (салт). «Қара мақпал сәукеле, шашың басар жар-жар-ау» (Жар-жар). Өмірде қазақ салт-дәстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сәукеле кигізудің орны бөлек. Себебі сәукеле әйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезінің естен кетпес ыстық сәті. Ол- бұлғақтап өскен оң жақтағы және ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Бұл аз болса келіншекке сәукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сәукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сәукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бәрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сәукелелі келіншек, ойын-сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай әсер етеді.
Сәукеле туралы бір-ер сөз. Сәукеле-келіншек киімі. Ол-бас киім ғана емес сән-салтанатының, салт-дәстүрінің мәдениеті мен шеберліктің озық үлгісі, өнер туындысы. «Алтынмен апталып, күміспен күптеліп» дегендей, ол інжу-маржан, гауһар, лағыл, жақұт сияқты асыл тастар тізбегімен әрленіп әшекейленеді. Негізі мақпал, барқыт сияқты қымбат маталардан тігіліп, бұлғын, құндыз терілерімен жиектеліп, оқамен оюланып, түрлі-түсті моншақтармен шашақталып, көркем жіптермен кестеленіп, алдыңғы жағы көзді тастармен қапталып, түрлі тағым, алтын, күміс теңгелермен безендіріледі, төбесіне үкі тағылады. Көрсе көздің жауын алатын осы бұйым тек келіншек сәні ғана емес, салтанаты мен құдалар беделін де көтере түсетін ерекше көрініс! ХIХ ғасырдың алғашқы жартысында өмір сүрген Кіші жүздің Байсақал атты байының қызының сәукелесін Кенесары ханның ағасы Саржан төре 500 байталға бағалаған. (М.Ж .Көпеев).
Әдет бойынша оң жақтағы, құда түспеген қызға сәукеле кигізбейді.

Қыз қашар

«Қыз қашар» (дәстүр). «былайша қыз қашар дәстүрін өткізетін үйді» «болыс үй» дейтін көрінеді». (Х.Арғынбаев). Күйеудің «ұрын келу» десе, қыздың аталастырылған күйеуін көруі “қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады» Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойдың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатынасады. Күйеуден алынатын «қол ұстар», «шаш сипатар», «қыз құшақтар», «арқа жатар», «көрпе қимылдатар», тағы сол сияқтыкәделер осы жолы беріледі. Екі жастың бірін-бірі көріп, тілдесуіде осы тойда болады. Екеуі де бірін-бірі ұнатып, қалыңдық жігітке қыз белгісі-орамалын және оның іні-қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді.
Күйеу ұрын барғаннан кейін құдалық бұзылатын болса қазақ заңында өте ауыр іс. Үлкен дауға кетеді. Күйеу себепсіз бас тартса бұрынғы берілген мал қайтарылмайды және айып салынады. Батаны қыз жағы бұзатын болса қалың мал толық қайтарылады әрі айып төлейді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН ЖАҢА 2010 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті отандастар!

Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2010 жылға қадам басамыз.

Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.

Аяқталып қалған 2009 жыл біз үшін берекелі, жемісті болды. Бірлігі жарасқан еліміз жаһандық сипаттағы үлкен сыннан сүрінбей өтіп келеді. Біз дағдарыстан шығар жол тауып, жасампаз істеріміз арқылы даңғыл дамуға бет алдық.

“Жол картасы” бағдарламасы бойынша жаңа жұмыс орындары ашылып, құрылыс қарқынды жүрді. Көптеген нысандар бой көтеріп, әлеуметтік мәні зор ірі жобалар іске асырылды. Республикамыздың барлық өңірлерінде жаңа мектептер мен ауруханалар салынды. Жолдар жаңартылып, Қазақстан Еуразия құрлығындағы ірі тасымалдаушы елдің біріне айналды. Энергетика саласында іргелі жетістіктерге қол жеткіздік. Егін бітік шығып, қамбамыз астыққа толды.

Жүргізілген жалпы санақ қорытындысы бойынша халқымыздың саны өсіп, мемлекетқұраушы ұлттың мерейі арта түсті.

Дүние жүзінің діндарлары асқақ Астанамызда үшінші рет бас қосып, бүкіл әлемнің тыныштығы үшін пәтуалы пікірлер айтты.

Мен берекелі бірлігі өнегелі үлгіге айналған еліміздің барша азаматтарына алғысымды айтып, ризашылық білдіремін.

Келе жатқан 2010 жыл біз үшін айрықша маңызды болмақ.

Біз осы жылы Азия және ТМД мемлекеттері арасынан тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеміз.

Кеден одағына ену арқылы Жаңа жылдан бастап біздің кеңістігіміз кеңейеді.

Мен келе жатқан 2010 жыл еліміз жылнамасының жарқын беттеріне жазылатын жаңа кезеңнің бастауы болады деп сенемін.

Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!

Жаңа жыл жақсылығымен келсін, қымбатты қазақстандықтар! Жаңа жыл әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын, ардақты ағайын!

Қынаменде (ұрын келу)

     «Қынаменде» (дәстүр) «Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма гүл?»(Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп, қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы «қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатаржүргізілетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат мұратына жету символына айналған. (КСЭ.7 том). Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір саласы.

      Күйеудің бұл жолы әр  жерде әр түрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер  «қалыңдық  ойнау» дейді, кей жерде «ұрын келу» дейді. «Бір күні күйеу байғус ұрын келді, Қйсайтып жаман бөркін қырын келді» (НАхметбеков).

     Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін  бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз ауылына өзінше «көрінбеген» болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас-жораларымен келеді. Мұны «есік көру» көбінесе «ұрын келу» деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын  көріп танысып-білісіп, тілдесіп көңілін демдейді.

     Әрине «ұрын келудің де кәде-жораларын аз емес. «Сені күтіп жүгіреміз деп ентігіп қалдық» деп «ентікпе» сұрап жеңгелері келеді, «балдыз көрімдік» деп тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты.

     «Ұрын той» өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар еліне қайтады.

     Құда түскенімен, келісім жасалғанымен күйеудің қыз ауылына «ұрыннан» бұрын келуге хақы жоқ. Егер келе қалса қыздың туыс-туғандары (аға-інілері) қазақ әдет- ғұрыпын бұзғаны, тәртіпсіздігі үшін оны сабап жіберетін заң тағы бар. Демек, құда түсумен бірге оның тәрбиелік ереже-қағидалары тәрбиелік ғұрыптары әдеп пен тәртіпті талап етеді.
     Күйеу кәделері мен ырымдары тағы бар. Олар мынандай: ұрын кеу, есік ашар, ентікпе, балдыз көріндік, күйеу табақ, сүт ақы, жігіт-түйе, атбайлар, босаға аттар, сәукеле байғазы, жеңгетай, шымылдық байлар, отау жабар, кереге көтерер, уық шаншар, түндік жабар үзік жабар, туырлық, майын тастау, ілу, қыз қашар, шашу қыз көтерер, арқа жатар, қалыңдық ойнау, қол ұстатар, шаш сипатар, көрпе қимылдатар, ит ырылдатар, «кемпір өлді», бақан салар күйеу аттандырар, т.б.

Өлі-тірі

     «Өлі-тірі» (дәстүр). Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп «өлі-тірі» яғни кәделі мал-жылқы жіберіледі. «Өлі-тірі» деген – «өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызы жол-жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. «Өлі-тірі» өткен соң өлген күйеу жатпайды» деп бұдан кейін қалыңдығына «ұрын» баруына жол ашылады.