Әлімқұл Жамбылов: Ақиқаттан айнымаған Жамбыл атам

Жамбыл ЖабаевҰлы өмір ағыны бір сәт тоқтамайды. ХХІ ғасырды аттағанымыз кеше сияқты еді, міне, оның алғашқы он бір жылын артқа тастаппыз. Жаһандану дәуірі, ғаламторға шырмалған заман деген кезеңде ұлыларымызға жаңаша көзқараспен қарайтын уақыт келді.

Қазақ деген ұғыммен қатар жүретін ұлы Жамбыл жайлы талай-талай зерттеулер жазылды, бірақ бәрі сонау кеңестік кезеңнің тар қыспағынан шыға алмады.

Ақиқатты аршып, ашық айтатын Тәуелсіздік алдық. Жамбыл ғұмыры мен шығармаларын қайта қарап, талдап, таразылайтын, зерттеп, зерделейтін ғажап дәуір туды.

Бекер адамға бақ қонбайды, тегі жақсыдан текті ұрпақ өседі. «Тұлпардан тұлпар туады, сұңқардан сұңқар туады». Жамбылдың арғы атасы Ыстыбай атағы алысқа кеткен, керегесін кеңге жайған дәулетті де аңғарлы, айтқанын екі еткізбейтін ел басқарған қасиетті жан болған. Әкесі Жапа батыр да батыл, өжет екен. Алдында бес жүзден астам кілең боз жылқысы, отар-отар қойын өргізген елдің аузында, көптің алдында жүрген айтулы азамат болыпты. Сарыбай би Айдосұлымен иықтас жүріп, үнемі оң жақ тізесінде отыратын, кеңесетін кеңесшісі екен. Кеңес өкіметі заманында Жамбылды «кедейдің баласы» деп бұрмалап көрсеткен.

Толық оқу

Домбыраның құрылысы.

 

Бөліктері.

Бөлшектерінің аттары.

1.

Бас

  1. Бас.
  2. Құлақ.
  3. Шайтантиек (бас тиек).

2.

Мойын.

  1. Мойын.
  2. Мойынғақ.
  3. Перне.
  4. Сағақ.

3.

Шанақ.

  1. Ернеулік (сулық, көмкерме).
  2. Қақпақ.
  3. Қауышақ (тілше, шанақша).
  4. Серіппе (кергіш, белағаш).
  5. Тиек.
  6. Тұғыл (өкшелік).
  7. Тұғыр ( желкелік).
  8. Түйме (түйір).
  9. Түйметиек (өкшетиек, кіші тиек).

4.

Ішек.

  1. Астыңғы ішек.
  2. Үстіңгі ішек.