Біздің «Жаңа жылымыз» осы мерекеден басталса дұрыс болар еді

Әз-Наурыз мейрамына орайластырылған, «Наурыз нұры» деп аталған мерекелік кеш кеше Астанадағы «Қазақстан» кино-концерттік залында өтті. Оған қатысқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды «Ұлыстың ұлы күнімен» құттықтады. Бір ғажабы, осында жасаған ел Президентінің кешегі бір мәлімдемесі алда қоғамдық пікірде әлі-ақ үлкен дүмпу туғызары анық! Мемлекет басшысы жыл басын тек рухани ғана емес, ресми тұрғыдан да 1 наурыздан бастау туралы идеясын ортаға тастады: «Ойлап қарасақ, — деді салтанатты рәсімге жиналған Үкімет мүшелерін, депутаттарды, зиялы қауым өкілдерін және жастарды жанарымен шола қараған Нұрсұлтан Назарбаев, — біздің «Жаңа жылымыз» осы мерекеден басталса дұрыс болар еді! Әнеугүні ақпанда қытайлар өзінің, корейлер өзінің жыл басын тойлап жатты. Ал біз Петр І-дің алып келген 1 қаңтарымен жүрміз әлі күнге дейін!»

Толық оқу

«Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық…»

Елбасымыздың Тәуелсiздiк туралы қанатты ойлары

ХХ ғасырдың соңында әлем картасында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Сол құрылған Қазақстан атты тәуелсіз мемлекеттің бастауында тұру бақыты Нұрсұлтан Назарбаевтың бақытына тиді. Президент ХХІ ғасырға Қазақстан Республикасын әлем таныған тәуелсіз мемлекет тұғырына қондырған тарихи тұлғаға айналды. Тәуелсіз мемлекет құру жылдарында Елбасымыздың әр жылдары айтқан қанатты сөздері мен ойларын еліміздің ең басты мерекесі қарсаңында және алдағы аптада өтетін халқымыз үшін айтулы оқиға ЕҚЫҰ саммиті аясында оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Толық оқу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫН ЖАҢА 2010 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті отандастар!

Санаулы сәттерден кейін біз жаңа 2010 жылға қадам басамыз.

Халқымызда “Өткен жылға өкпе жоқ, келер жылдан үміт көп” деген даналық сөз бар. Біз қашанда өткенге салауат айтып, болашақтан жақсылық күткен халықпыз.

Аяқталып қалған 2009 жыл біз үшін берекелі, жемісті болды. Бірлігі жарасқан еліміз жаһандық сипаттағы үлкен сыннан сүрінбей өтіп келеді. Біз дағдарыстан шығар жол тауып, жасампаз істеріміз арқылы даңғыл дамуға бет алдық.

“Жол картасы” бағдарламасы бойынша жаңа жұмыс орындары ашылып, құрылыс қарқынды жүрді. Көптеген нысандар бой көтеріп, әлеуметтік мәні зор ірі жобалар іске асырылды. Республикамыздың барлық өңірлерінде жаңа мектептер мен ауруханалар салынды. Жолдар жаңартылып, Қазақстан Еуразия құрлығындағы ірі тасымалдаушы елдің біріне айналды. Энергетика саласында іргелі жетістіктерге қол жеткіздік. Егін бітік шығып, қамбамыз астыққа толды.

Жүргізілген жалпы санақ қорытындысы бойынша халқымыздың саны өсіп, мемлекетқұраушы ұлттың мерейі арта түсті.

Дүние жүзінің діндарлары асқақ Астанамызда үшінші рет бас қосып, бүкіл әлемнің тыныштығы үшін пәтуалы пікірлер айтты.

Мен берекелі бірлігі өнегелі үлгіге айналған еліміздің барша азаматтарына алғысымды айтып, ризашылық білдіремін.

Келе жатқан 2010 жыл біз үшін айрықша маңызды болмақ.

Біз осы жылы Азия және ТМД мемлекеттері арасынан тұңғыш рет Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеміз.

Кеден одағына ену арқылы Жаңа жылдан бастап біздің кеңістігіміз кеңейеді.

Мен келе жатқан 2010 жыл еліміз жылнамасының жарқын беттеріне жазылатын жаңа кезеңнің бастауы болады деп сенемін.

Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты қазақстандықтар!

Жаңа жыл жақсылығымен келсін, қымбатты қазақстандықтар! Жаңа жыл әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын, ардақты ағайын!

КЕМЕҢГЕР немесе ЕЛБАСЫ ТУРАЛЫ ТЕБІРЕНІС

000-1612092Біз ұзына бойы тарихы­мыз­да Ұлы далада небір қиындық­тарды басымыз­дан кешірген, сұрапыл соғыстарды, жойқын жор­туылдарды өткерген; сан рет қирап, сан рет бой түзеген; “та­рих­тың тағдырлы көші” дей­тін ұзақ жолда жақсыны да, жаманды да көрген; салтанатты да өмір сүрген, хандары алтын сарайларда да тұрған, алтын тақта да отырған, іргелес елдермен бейбіт өмір сүре де білген елміз.

Тауқыметті соншама көп кешкен, тағдыры аянышты – езіліп-егілген, жа­бығып жапа шеккен, тарығып-зарық­қан халық жер бетінде екеу болса, со­ның біреуі – қазақ. Сондай сұмдық­тар­дың кесірінен қазақ кезінде атамекенін тастап, тоз-тоз болып жан сауғалауға да мәжбүр болды.

Орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар-ожданымыз табан­­ға тапталды. Алқакөл-сұламаға ұшыра­дық. Кеңпейіл, аңқау қазақтың мал-жаны тәркіленіп, ашаршылыққа душар болды. Зұлматтың құрығына түсті. Өзгенің та­ри­хын өзімізге теліп оқыдық. Хандарымыз бен билеріміз, бектеріміз бен батыр­ла­ры­мыз әжуаға, күлкіге, мазаққа айналды. Та­рихымыз саясаттың құралына айналды. Сана, дәстүр күйреді. Халық жадынан ай­рылды. Шыбын жаны шырқырады. Ұлт ретінде жер бетінен жойылып кете жаз­дадық. Қазақтың: “Қаратаудың басы­нан көш келеді”, деп зарлағаны, Қаз­туған жыраудың: “Қайран да менің Еділім” деп қабырғасы сөгілгені; үш жүздің басын қоса алмай, қала сала алмай, көшіп-қон­ған жұртын орнық­ты­рып ел ете алмай Абылайдың пұшай­ман болғаны; Бұқар жыраудың жер тіреп күңіренгені; “Еділді келіп алғаны – етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны – жағаға қолды салғаны”, “Әдіра қалғыр Үш Қиян” деп Мұрат ақынның күйзелгені; “Бас-басына би болған өңкей қиқым, Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын”, деп Абайдың қабыр­ғасы қайысатыны осы тұс еді.

Толық оқу