Талас тартыс және ашулану

Таласып – тартысуға еш жерде рұқсат берілмейді. Ол достардың достығын азайтады, дұшпандардың дұшпандығын арттырады. Хадистерде былай бұйырылды:
«Өзінікі дұрыс болса да, тартысуға жол бермеген жұмақтың ортасынан үй беріледі».
«Өзінікі дұрыс болып, таласуға жол берген адам нағыз иманға қол жеткізе алмайды».
Ашулану да жақсы емес. Басшының ашулануы жаман нәрсе. Хадисте былай бұйырылады.
«Сұлтан ашуланса шайтан оны мазалайды». «Ашуланғанда қалағанын жасауға күші жететін адам жұмсақтық танытып ашуын жеңсе, Аллаһу Та’ала оның жүрегін сенім мен иманға толтырады».
«Ашулану шайтанның сыбырынан туындайды».
Ашулану тәкәппарлықтан туындайды. Тез ашуланатын адам пайғамбарымыз көрсеткен «Аллаһум мағфирли зәнби уә әзһиб ғайза қалби уә әжирни минәшшайтан» дұғасын оқу керек.

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ЖАҺАНДАНУ

Әлемдік тәжірибеде мойындалған бір ақиқат бар. Ол – ел болудың биік мағыналы ұғым екені. Оның іргетасы – мемлекет, анығырағы ұлттық мемлекет. Әділіне көшсек, тек мемлекет құрған ел ғана әлемдік көшке ілесе алады, өзіндік келбеті бар өркениет жасай алады, өз кезегінде өркениет жасай алған ел ғана басқа өркениетті елдермен терезесі теңесе алады. Олай болса, еліміздің тап бүгінгі болмысы мен әлемдік кеңістіктен өз орнын табуға ұмтылысын мемлекетшілдік бастаулары деп айтуға толық негіз бар. Ресейге отар ел болып тұрға­ны­мызда “туған ұлт”, “ұлттық”, “ұлтшылдық”, “ұлттық идея”, “ұлттық мүдде”, “ұлттық тәрбие” мәселесі туралы сөз қозғау мүмкін болмады. Өйткені, бұл жайында сөз қозғау отарлаушы елдің “жасампаз” интернацио­налистік идеологиясына қарсы шыққандық деп есептелетін.

Толық оқу