ПІР

Қасиетті Құран Кәрімде: «Ей, адам баласы! Шүбәсіз сендерді бір ер, бір әйелден жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді ұлттар, рулар қылдық»/ Хұжырат, 49-13/ – деген сөз бар.

Шүкіршілік етелік, Жаратушының бізді ұлт етіп жаратқан кеңшілігінде мін жоқ. Ал осы ұлтты ұлт есебінде ұстап қалу, өзімізше ойласақ, әрбір қазақтың, сол қазақ тіршілік етіп отырған мемлекеттің ең негізгі міндеті! Демек, халқымыздың тілімен емес, ділі, жүрегі дін деп соққан зиялылары осы тұрғыда исламға өз жанашырлығын танытулары керек. Бізге ешкімнің емес, таза қазақия діни құрылымы мен дәстүрі қажет. Ол мәселен пір ұғымына негізделген жүйе.

Оқырманға түсінікті болу үшін алдымен пір деген сөзге және оның Қазақ еліндегі тарихына назар аударалық. Осы орайда ойға Еңбек Ері, жазушы Әбіш Кекілбаевтың төмендегі сөздері оралады: «Халық ұғымы табиғатқа саясаттан да көбірек әрі тікелей тәуелді көшпелі үрдіс – рух ықпалын қашан да бірінші орынға қойған. Олар табиғи өзгерістердің өзіндік жүйесі мен заңдылығы барын ежелден аңғарды. Оны өз өзінен емес, санадан тысқары әлдебір құдіреттің еркімен болып жататын құбылыстар деп түсінді. Қауым сол өзгерістерден аман-сау қалу үшін табиғатқа ықпал ете алатын құді­ретті таба білу керек деп санады. Бұл кез келгеннің емес, айрықша қасиетке ие болып жаралған әруақты адамдардың – абыздардың ғана қолынан келеді деп есептелді.

Толық оқу