Сәйгүлікке деген сүйіспеншілік. Қазақтың қанындағы қасиет

ФотоЖылқы (Eguus Caballus)  — тақ тұяқтылар отрядының бір тұқымдасы. Қазба қалдықтары жылқының біздің заманымыздан бұрынғы 7000 жылдан әріде Азия мен Еуропада қолға үйретілгендігін дәлелдеп отыр. Қазір Қазақстанда жылқының 16 түрі өсіріледі. Қазақ жері – жылқының қолға үйретілген алтын бесігі. Оны Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті энеолит дәуірінде (б.з.б. 4-3 мыңжылдық), Арқайым ескерткіштері орта қола дәуірінде (б.з.б. 2 мыңжылдық), еліміздің барлық аймақтарында кездесетін арий, сақ, ғұн кезеңдерінің ескерткіштері (б.з.б. 1 – мыңжылдық – б.з. 2 ғ.) дәлелдеп қана қоймай, бұл малдың ерекше қастерленгенін, ата-бабаларымыздың әдет-ғұрыптық рәсімдерінің ажырамас бөлігіне айналғанын әлемге танытып берді. Сақтардың балалары мен әйелдеріне дейін атқа мініп, оның үстінде соғысу өнерін шебер меңгергені, тұлпарларымен жүйткітіп шабуы Еуропа, Кіші Азия, Жерорта теңізінің бойындағы, Мысырдағы халықтың зәресін ұшырды. Осы кезде бұл елдерде атпен бірге жаратылған кентаврлар туралы аңыз тарады. Сол заманнан бері жылқы, шашасына шаң жұқпайтын сәйгүліктер – қазақтың жан серігі.

Толық оқу