Бұл сайтта Елбиліктің бүгінгі саясаты, ел басында отырған шенділерге аманаттар, кітаптан көшірілген салт-дәстүрлер жарияланған
Бұл сайтта Тоқберген Байтасовтың аруақтар аманатымен жазып жатқан кітаптары, мақалалары және зікір өлеңдері жарияланған.
Бұл сайтта Ата жолында ізденушілердің пайымдаулары мен көрген хиқметтері жарияланған
Тылсым тапсырмасымен бүгінге дейін хатқа түсірілген 11 атаумен, 33 кітап болып басылып шығатын кітаптар жүйесі тұр. Бұл кітаптарда ата-бабаларымыз меңгерген жаратылыс ілімі мен құпия сырлар баяндалады. Математикалық, астрономиялық есептер мен геометриялық сызбалар, әлі де айтуға болмайтын, бүгінгі Ғылым әлі жете қоймаған құпия ақпараттар тұр.
Жалпы аманат бойынша 49 кітап жазылып, сол кітаптармен тылсымның 1001 есігі ашылады екен. Кітаптар ілім арқылы Құран үнімен жазылғандықтан белгілі бір тазалықты, тақуалықты талап етеді.
landing.books_not_translated
Бұған дейінгі тылсым төрінен жеткен бата-ақпараттарды зерттеп, зерделесек Ата жолының тарихы – тылсымдағы Аруақтардығң ұрпағы үшін шырылдап, Алладан араша сұрай біріге артындағы ұрпақтарын жетелеуге рұқсат алуы 1986 жылдан бастау алады. Тылсымдағы Аруақтың, яғни Рухтың қозғалуы жер бетіндегі ұрпақтарына әсер етіп, сол жылғы қантөгістің орын себебін де туындатады. Сол оқиғаның орын алуы Аруақтардың Алланың алдында жауапкер болып, сыни кезеңнен өтуге тура келеді...
Жер бетінда бүгінгі Ата жолының өркен жайуы Ақ Ұл - Қыдырәлі Тарыбаев Момбай ұлының атымен тікелей байланысты. Бала кезінен жетім өскен Қыдырәліні түрлі аяндармен тылсымдағы Аруақтар жетелей бастайды. Медицина таба алмайтын аурулармен ауырып, сенделтіп Әулие кезуге мәжбүрлейді. Орысша білім алған, елге сыйлы қызметі де бар Қыдырәлінің әр ұйықтағанда түсінде көретіні көретіні Бес ата – Түктібай, Сүйінбай, Сарыбай Жамбыл және Қайназар аталар. Олардың айтатыны: Қазақ халқының басына Бақ қонады, сол Бақ сен арқылы тарайды – Жол болады, деп бүгінгі Ата жолының келуін меңзейді. Сонымен, Ата жолының жер бетіндегі қозғалысы 1995-96 жылдардан бастау алады. Бұл жөнінде арнайы зерттеулер жүргізіп, том-том кітаптар жазылар кез алда...