Аса қамқор, ерекше мейрімді Алланың атымен бастаймын!
Ақ сөйле тілім, ақ сөйле! Жүрекпен тергеп нақ сөйле! Жамандықты қашырып айт! Жақсылығын асырып айт! Тексіздікті белінен басып айт! Тектілікті тереңнен тартып асылын айт! Жау жағадан алғанда иттердің етектен тарқанынын айт. Елдігін сатқан жастардың тасырын айт! Діншілердің момын қазақты бөлшектеп іріткіге түсіргенін айт. Талай белгісіз жатқан шежіренің ғасырын айт! Европашыл әкімдердің жасығын айт! Байлықтан басқаны ойламайтын ғалым мен молдалардың арам ниет ауздарының сасығын айт! Қаситті кітаптардың ғылымын айт! Әулие бабалардың тура жолды салған қасиеті қастерлі білімі мен ілімін айт! Аманатты айт! Жасырмай жасық болмай ашығын айт!
Басылым міндеті; Құранның бүткіл белгілі әлі адамзатқа белгісіз ғылымдардың негізі болып табылатынын дәлелдеу. Әлемде болған және болуға тиісті оқиғалардың бәрі құранға байланысты ғана туындайтынын көрсету. Әлемдегі түсірілген кітаптардың бәрі құран арқылы расталып қорғалатындығын білдіру. Болашақтағы болатын қиямет оқиғалары мен кәзіргі таңда болып жатқан оқиғалар, апаттар, аурулар тек құран үгітін толық меңгеру арқылы ғана әлем халқы қайғы қасіретсіз өсіп өнуге мүмкіндік туатынын жариялау.
Басылым мүддесі; Қазақ елінің дін тану және меңгеру барысында әлемдер алдыңда ең биік шыңына жетіп пайғамбарларды өмірге әкелуші бірден-бір халық болып және тілді тазартып, сөзді таратушы әулиелер мекені екенін нақты тарихи деректермен және Адам ата тікелей ұрпағы болып, құпия кітаптардың сақтаушы ел екендігіне әлемдер халқының көзін жеткізу. Шежіренің әдейі бұрмаланған жоғалтқан бөлімдерін құпия сақталған қазыналар арқылы әлем ғалымдарының алдында нақты деректерді көрсету.
Басылым мақсаты Қазақ жерінде егемендік алғаннан бері діннің бұрмаланып, нәтижесінде әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптастырылған аталар жолының басты қағидалары төрт кітаптың қаймағы намаздарын, орындалу амалдарының бөлшектеліп және қосымша құраннан түсірілген заманына сай дінді қалыптастыруға берілген «өліктермен сөйлесу», «өлілер кітабын» теріске шығарып, елді қиямет оқиғасына әкеліп тіреген жалғаншыларды, құранды зиянға алушыларды әшкерелеп, тарихты өз ізіне жалғастырып, тура жолды қайта қалыптастыру болып табылады. Әлемдер халқының бірлігін, тілдердің теңдігін, алдағы тосып тұрған апаттар, аурулар, сынақтардан құтқару амалдарын көрсету. Елге тұлға ғылымға, ілімге тұтқа болатын заманға сай ұрпақтарды тәрбилеу жолдарын көрсетіп, пайғамбарымыз бастап кеткен, Ясауи бабамыздың қалыптастырған жан ғылымын қайта жалғастыру. Әлемде болып жатқан індет аурулардың алдын алу, сақтану шараларымен бірге жаңадан емдеу құпияларын көрсету. Шипагерлік ілімінің медтинаның атасы болып және дамытушы бағдар беруші болып, құран арқылы ғана Алладан түсіріліп тұратынын әлемдер халқының көзін жеткізу.