Алматы қаласының маңында кейінгі кезде неге апаттар мен түрлі қайғылы оқиғалар жиілеп кетті? Бұл жағдайға дін тұрғысынан баға берсек, қандай да қайғылы оқиғалар мен аурулардың тек Құдай тарапынан болып, адам баласының дінге қайшы әрекеттеріне ғана берілетінін мойындауы да сөзсіз және құран, інжіл, тәурат жазбалары да осыны ескертеді. Енді біздің масһаб біліміндегі пәтуа бойынша; Алла тағала пендесімен сөйлеспейді, яғни қандай да бір сұрағына жауап бермейді, жол да көрсетпейді, бәрін алдын ала кітаптармен түсіріп қойған, тек намазыңды оқы, тағдырыңның жағдайын тексерме, не болса да Құдайдан келген деп түсініңдер деген ұстамды ұстауды насихаттайды. Ал бірақ бұл пәтуаның мүлде Құранға да Пайғамбарымыздың өсиеттеріне де қайшы екенін білеміз бе? Қандай да апаттар, аурулар, ерекше құбылыстар мен әрбір пендесіне аянмен, уахимен көрсетіліп ескертетін ғылымды «аномальды» аталған құбылыстарды, құранда Раббымыз «Белгі көрсету, түсіру» де ескертіпті. Аятта; «Барлық мақтау Аллаға лайық. Ол, сендерге белгілерін көрсетеді. Сондай-ақ Раббың істеген істеріңнен хабарсыз емес.» (27-93) деген үкіммен барлық істерге жауап та беріліп, аянмен, уахи, түспен көрсетіп отырылатынын ашық ескертеді. Және ата жолы «секта» «серік қосушы» атаған топтың, өліктерден хабар алуды яғни аруақтары арқылы бата алу, тылсыммен сөйлесуінің хақтығын; «Оларға періштелерді түсірсек те оларға өліктер сөйлессе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақ та олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) деген ескертумен исламда көпшілік болған арап дәстүрін ұстанушы, масһабшылардың бұл мұғжизаға нанбай қарсылық білдіретінін де ескертіпті. Сонымен аруақтар сөйлеуі, тылсымнан пендемен байланысты тұруының хақтығына құранда жүздеген аяттар болғанымен, ел билігінің, оқымысты, білімді қауымның құранды зерттеуден бас тартуын өз мүддесіне пайдаланған дінші ағайындарымыздың ислам дінінің өркениеті болған Ясауи ілімін теріске алып, халқымызды өз дәстүрінен, жер рухынан ажыратып, «Серік, шерік» деген білімін өздері де білмейтін атаулармен тұтастықтағы дінімізді бөлшектеуінің нәтижесінде, елдегі болып жатқан апаттар мен қайғы-қасіреттерінің негізгі себепшісі өздері екені де сөзсіз. Бұл рухани жағдайды дәлелдеп; 8 кітап көлемінде еңбек жазылып, халыққа түрлі жағдаймен таратылып, оқытылып жатқаны да рас. Бірақ халыққа ақыл беруге ел билігіне келгендер «Мемлекет діннен бөлек» деген заңмен, Құдай патшалығының заманға қарай берілетін үкімдерінен ашық бас тартып, ата заңымызды діннен ажыратып және дін ісі мекемесі арқылы дінді Құдайды да басқармақ ниеттерінен осындай халыққа рухани дәрежедегі зұлымдықпен қайғы бұлтын қолдан ұйымдастырғаны деп біліңіз. Енді біз тек Алматы төңірегінің рухани сынақтарының негізгі себебіне тоқталсақ.
Былтырғы жылы мамыр айында аруақтардан Есімов мырзаға хат жазып, Қажы баба туралы ескертуді уахимен білдірген тылсымнан әулие аруақтарынан тапсырма келіп, және соған байланысты да әкімшілік атынан хат та жызылып; 2012 ж. 27 маусым №01вп-1168 санымен тіркелген Б. Макен мырзадан төмендегідей жауап келген. «Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы Сіздің қала әкімі А. Есімовке жазған хатыңызға сәйкес келесіні хабарлайды. Сіздің хатыңызда көтерілген мәселелер назарға алынды. Қоғам өміріндегі маңызды жағдайларға көңіл бөліп, азаматтық танытып отырған Сізге алғысымызды білдіреміз» Б. Макен. Сонымен бұл хат жазба тек алдай салу болып, артынан тамыз айында сынақ болып, Медеу шатқалындағы жағдайды, көптеген жол апаттары, қала ғимараттарының өртенулері мен соңы кешегі Қызыл ту маңындығы ұшақ апаттарымен қайғылы қазамен ескертілді, бірақ мұнымен Құдайдың сынағы аяқталды деуге де болмайды. Сондықтан бұл жағдайды ел басына да қазан айында хат жолдаумен де ескертілген. Енді көкжиекті көріп өскен, қазақ дәстүрінен хабары бар оқырмандар құлағдар болып жүрсін деген мақсатпен осы сайт бетінде қайта жариялауды жөн көрдік.