Өзіңіз хикметіне куә болып және қазақ елін, Алматы қаласын үлкен апаттан сақтап қалған, ел басшыларының шет елге сатып жібергеннен кейін өзіңіздің тікелей араласуыңызбен қайтарып алған; Астана қаласында мұражайда тұрған «Шырағдан» туралы ғалымдар зерттемегенмен осындай дін дәстүрімізде, көптеген әлемге де құпия сырлар қазақ елінде жасырылғанын білсеңіз екен. Қажы бабаны әжуалап, масхаб діншілерінің «серік қосу» (жынды қосу) деп халықты үркіткен мазақтары іске асып, басына белгі түгіл зияраттайтын орын да жоқ болғандықтан аруақтардың білдіруімен; мамыр айында Алматы әкіміне хат жазып, және назарға алынды деген жауап та алдым.
Бірақ ол уәде сол қалпымен қалып, кешегі Алматы қаласындағы өрттер мен өліммен аяқталған сынақтарға әкімшілік тарапынан берілген жалған уәденің бірден-бір себепші болғанымен бірге, ойын-сауыққа жұмсалған шығын мен Алла жолында жұмсалатын садақаға тиым салынып, ондай орындардың мешіттердің қысқаруымен де ара қатынасының теңсіздігінен де пайда болатынын ескергеніңіз жөн.
Бұл бабамыздың жұбайлары; Күлімкөз, Ақ боз аналардың айналма жол бойында, басына белгі де қойылмай, аяқ асты болып ескерусіз жатып, сол тұста болып жатқан жол апаттары да сізге өтірік бізге аян. Және Қажы бабаның Мұхаммед пайғамбарымызға құранды түсіруге, тылсымнан оқуға тұрған «біздер-құл періштелер» қатарынан болып табылатынын шырағдан таңбасы және Құранда сандық белгімен айқын берілгенін және Арыстан, Яссауи бабамыздың да әлемдегі жүздеген әулиелердің де тікелей тылсымнан рухани ұстазы болғанын өз басым аянмен кездесіп, көзім жеткенмен, болашақта ашылатын көптеген мұрағат жазбалар да осы жағдайды растап, Қажы бабаның әлемдегі көптеген әулиелердің де ұстазы, әулиесі болғанын да дәлелденетін күн туып, әлем халқының ағылып кезекке тұратын зиярат орнына айналып, осы кездегі зияраттау түгіл, басына ескерткіш қоюға да жарамаған ел басшыларымызды былай қойғанда, сіздің жинаған абырой, беделіңізге әлем халқының алдында нұқсан келіп, қалған өміріңізде жерге қарап өтуді біз қаламаймыз. Аруақтар да соны ескертеді.
Қазақ жеріне жасалған кресшілер жорығының негізгі себебі де, осы бабамыздың еңбегіне шәкірттеріне де байланысты болып, інжілдің негізгі бар байлығы «Шырағданның» бейнесіне жасырылғанын әлі ешкім зерттеп білген жоқ. Ата жолының да ислам дінінде тек ғұламалар, әулиелер ғана біліп, меңгерген хикметті істері де қазақ елінде жаппай жария болып, діншілердің ашу-ызасын туындатуы да осы шырағдан ғылымынан басталатынын да, христиан жұртының толық меңгере алмай жоғалтып алған негізгі құндылығы екенін, ислам діні мен өзге діндер арасындағы көпір болып табылатынын да ескертеміз.
Мұндай теңдесі жоқ рухани қазынаны жаратқан пендесі арқылы халыққа білдіргеннен кейін мойындамағандарға үлкен сынақ түсетіні де, Алматы халқын жуық арда көптеген шығындардың күтіп тұрғанын, алдын-ала шаралар жасауға болатынын да ескергеніңіз жөн. Белгісі ашық берілді де, енді нені күтіп отырмыз?
Екіншіден, бұл кісінің аталары болған; Алаш, Алтай Жүрсін, Бабыралы Бақанас және Ыбырайым, Ысқақ, Жақып пайғамбарымыздың қазақ еліндегі зияраттарында жасырған көптеген мұрағаттар да бар. Оған өзге елдерден келген, қазып көремекке сұраушылар да бар. Отырар кітапханасы да осы сияқты көптеген тарихта жасырулы қалған бабаларымыздың басы көтеріліп, ұлықсатын алумен құпиясы ашылатынын ескергеніңіз де жөн.
Сонымен бірге, Астана қаласына жақын жерде жатқан Абылайхан атамыздың зияраты да ағаш егушілердің байқамай аяқ асты етіп, енді қалыптасып қалған орман байлығына нұқсан келетін арты өрт, т.б. Астана қаласына тікелей түсетін сынақтарға ұласып кетпеуін де ескергеніңіз жөн. Жер бетінің дүниелік істерінің бәрі әулие-әмбилер, пайғамбарлар, яғни жер бетінің халифалары арқылы атқарылып, әрбір басы көтерілмей жатқан әулие, батыр даналарымыздың, аналарымыздың ұрпақтары бағалай білмей, құрмет көрсетпеген және берген аяндарын іске айналдырмаған жағдайда арты елімізге, шаруашылығымызға келетін апат сынақтармен және өліммен, шаруашылықтардан құрбандық алу арқылы аяқталатыны міндетті Құранмен бекітілген шарты бар екенін де білгендеріңіз жөн.
Ешқандай адам баласын өзіне қашан, қай күні ажалдың түсетінін білмейді. Сондықтан да сіздің қазіргі таңда қазақтың дүние жоғын жоқтап, жыртығын жамап, қарнын қалай жатып жейтін қылып тойдырсам деген ізгі ниетіңізден, ұлттық негіздегі ақирет пайдасын, қайғысын ойлауға мұршаңызды келтірмей, халықтың жер бетіндегі қазанын толтырып, отын жағып бергенімен оның үш тармақты ошағының бір жағының бос қалғанын білмейтін жағдайға жеткеніңізге, Абай атамыз айтқандай екі қуаныш бір жерде тұрмайтын себебінен деп біліңіз.
Сондықтан дүние қуанышын атқаратын уәзірлермен бірге, ақирет қайғысын ескертетін уәзіріңіздің болмай, мемлекет қазанының, басқару ісінің үшінші аяғы болуға тиісті; халықтық мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелерінен, партияларынан тұратын бақылау билігі және діндер бірлестігінің билігі мен ата жолы ұлттық мұра руханиятымыздың, барлық ұйымдарының; ақсақалдар, ардагерлер билерінің кеңесі болып және ішкі саясаты үш биліктік кеңестен тұратын, мұндай әлемдік рухани дағдарыс жағдайында халықтың өзін-өзі басқаратын, заңдардың әділдігін, атқарылуынан тікелей араласа алатын, ата заңның негізі жарғыларының орындалуын, бұзылмауын қадағалайтын және халықтың ортақ ұсынысын да өзіңіз арқылы қабылдата алатын үш тағанды кеңестік жүйенің, яғни мемлекеттің үшінші рухани қазысы болып, тікелей ел басшысына бағынбай, ел қазынасы қазанның қисайып, сақырлап қайнап, суы ақтарылып, халық несібесінің босқа төгіліп жатқанын байқатпай қойған ел басқару ісінде сенген уәзір тажалдардың сіздің қолыңызбен от көсеп жатқанын білсеңіз екен.
Дін ісінің мекемесін құруға қабылдаған шешіміңізді жалпы халық болып құптағанмен, бірақ барлық діндер одағы болып қалыптасуға арналған Құдайдың ісін меңгерген ғылымын білетін мамандар және арнаулы қағида жарғылары да рухани мирас егесі ұлтымыздың пікір-ой, ашық сұхбат, ұсыныстары да жоқ, мұндай біржақты билік және заң күшіне ғана сүйенген әрекеттерден тек рухани сынақтардың ушығуына ғана апарып соқтыратынын ескергендеріңіз де жөн. Мұндай жағдайда Құдай сүйген құлын болашақта міндетті орындалатын Құдайдың үкімі болған; «зволюциялық» рухани ахуалдың мазағына қалдырмай, өз жағына алып кетінін де ашық білдірген аян түсті.
Алдыңызда екі ғана жол (екі үн) тұр. Бірі ата жолымен, аруақтар батасымен әлем руханиятын қалыптастыруға, әлемдегі билік егелерін қиямет мезгілінен аз шығынмен өтуге басшылық жасап, көппен яғни аруақпен, бізбен халықпен бірге болу, екіншісі осы бедел-абыройыңыздың болашақ рухы жоғары қалыптасып келе жатқан жастарымыздың алдында, тарихта да өз бағасымен қалу үшін, ақиретке қарай сапар шегіп, арғы дүниеден әрі қарай жалғастыру.
Дінмұхаммед Қонаев атамыздың да халық шаруашылығын өркендетуге, қалалар салып, халықтың қарнын тойдырып, білім беру саласында да атқарған істері ұшан-теңіз болып, бірақ қазіргі уақытта тек рухани тұрғыдан ғана атқарған істері бағаланып, ал дүниелік істерін жастарымыз мүлде білмейтінінен де үлгі алуға болады. Сондықтан да тарихта халық дүние істерінің қандай да жетістіктерін тез ұмытып, рухани тұрғыдағы ел басқарушы, даналардың еңбегі ғана мәңгі ұлт есінде сақталатынын да ұмытпасаңыздар дейміз.
Ұлтымыздың руханият негізі болған; ата жолының хикметті істері Құдай еркімен қорғалып, сіздер тарапынан жәрдем болмаса да, бәрібір болашақта ашылатын ақиқат белгілері болғанымен, бұл істерде өзіңіздің басшылығыңызбен атқарылып, әлем діндеріндегі де көптеген талас сұрақтарға жауап болып және ел басшының абырой-беделі қазақ ұлтының да, ислам дінінің де абырой-беделі деп түсінгендіктен, әлі де абыройыңыз артып, өзге ел басшыларынан халық, дінмен тұтас болған рухыңыздың да үстем болуға және қазақ елінің аруақтар рухы әлемге танымал болуға қарсылық білдірмессіз деп және ата жолы бауырластары атынан өзіңізге оңаша ескертетін; «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқтық», «Көп қорқытады да, терең батыра алады» деген аталар аманаты тағы да бар екенін білдіреміз. (Қазан айы 2012 жыл)
Ел басының ата жолына пікірі және шынның жүзінде ел тағдыры
«Мен Елбасы болсам да қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, аруағын қастерлеп, Алласына сиынған елдің перзентімін; Аруақтың бар екені рас болса, Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқаның арасында талай төбе дөңбекшіп, талай ісімізге орнынан аунап түсіп, бүгінгі біздің ісімізге ақ батасын беріп жатқан болар деп білемін. Лайым сол бабалардың батасы қабыл болсын дегім келеді...
Біз екі жарым ғасырдан астам Ресейдің боданы болып келдік. Сондықтан мен санадағы кұлдық психологияны өзгерту үшін ата-бабалар аруағына сиындым, солардың қасиетті рухын тірілттім. Бүкіл қазаққа сауын айтып, оларға ас беріп тойларын өткіздік. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді халқымыз. Сол аруақтар риза болсын деп, жатқан жерлерін тауып, басына белгі орнаттық, есімдері ел жадында жүрсін деп олардың атын мектептерге, көшелерге, ауыл-селоларға, аудандарға бердік...Ендеше сол аруақтар бізді қолдамады деп кім айта алады?!»