Бес қатер
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БЕС ҚАТЕРге тоқталып, тілге тиек етті.
Нұрсұлтан Әбішұлының қашанда сергек сенім, үкілі үмітіне «дағдыланып қалған жарғақ құлағымыз» күңіреніп кетті...
«Қалайша? Қандай қатер? Нендей қиындық?» – деп қиналдық...
Сөйтсек, бес қатер мыналар екен:
БІРІНШІ ҚАТЕР – зорлықшыл күштердің күшейіп, лаңкестіктің лаң салуы; ертеңімізге белгiсiздiктiң пайда болуы.
ЕКІНШІ ҚАТЕР – өресіз текетірестерінің тереңдеп, қаржылық қысым көрсету, тауарлық тиым салу секілді кертартпа әрекеттердің жер шарындағы әрбір адамның әл-ауқатына кесірін тигізе бастауы.
ҮШІНШІ ҚАТЕР - ауа-райы күрт бұзылып, әр алуын апаттық мінездер көрсетуінен жүздеген, мыңдаған адамдар құрбан болуда: ұшақтар құлауда, жер сілкінуде, сулар тасуда, борандар соғуда т.с.с.
ТӨРТІНШІ ҚАТЕР - адамзатты алқымынан алған аталған ауыртпалықтарға қарсы шұғыл да шешімді шаралар қолданылмаса, күйзелiстiң салқыны ендеп кіріп, етектен тартуы ықтимал.
БЕСІНШІ ҚАТЕР - жекелеген өкпе-наз бен түсінбеушілікті ысырып қойып, басты мәселе – дағдарыспен күреске белсене айналысуы керек.
Баяғыда Майқы би айтқан екен:
«Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұнқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады» – деп.
Сол айтпақшы, қазақтың оянып қана қоймай, ой алатын, яғни, әрекет қылатын кезі келді, ағайын...
Қажымұқан ҒАБДОЛЛА
Қазақ еліне және әлемге түскен бес қатердің себеп салдары
Ел басымыздың әлемге және қазақ еліне келген бес қатер туралы жолдауы бір жағынан ақылдың негізделуінен шығуға талпыныс, болашақ ел билігінің саясатын реформалау керек деген белгі.
Екінші жағынан; мұндай жағдайда қоғамда үлкен өзара пікір таластар мен тарихтағы жіберген қателіктерді ашық мойындауға түзетуге деген талпынысты туындатады.
Үшінші жағынан; екі жүзділердің ақпараттық тұрғыда қаптап шығуымен кім бұрын шындықпен жүрді, кім қарсы болды, бұл да бір сөз майданы болары хақ.
Төртіншіден; халықтың басына осындай жағдайды туындатуға ашық күресіп жазықсыз қудаланғандарды ақтау керек деген ұғым пайда болып тұр.
Бесіншіден; ата жолдық біздер үшін бүгінгі таңдағы қазақ басына түскен ауыртпалыққа, сынақтарға кім кінәлі, қандай қателіктермен байланысты деген тақырыпты қозғап мұны Құдайдың Өзінен-әулие аруақтарынан сұрап, кімге қандай қылықтарына жауап азаптың түсуі мен құтқару жолын да жариялауға мүмкіндіктің туылған да хақ.
Сафар Шакеев неге жоғалды?
Біздер ата жолдықтар бұндай істерге араласпай, мұндай жағдайлардың аруақтық, тағдырлық жібінен ажыраудан әрбір пендесіне құдайдан берілген сынақ деп қабылдайтын едік. Шынында мұндай жоғалу тағы басқа дүниесін жоғалту деген сынақтардың талай жүзін шешуге аруақтардың жәрдем болатынына да талайлардың көзін жеткізе алдық.
Бұл жағдайда сондай сынақтардың бірі болып, Сафардың жоғалу себебі оның ата-анасының қандай көріпкелдерге барса да дұрыс деректің шықпауы да аруақтық тағдырлық жіптен ажырау себебінен болып тұрғаны хақ. Еркеш мырзаның ата-баба аруағына 34құрбандық қарызы бар. Өзінің жақындарының, таныстарының көре алмастығынан баласын тығып қойып отырғандар бар. Сафар тірі жасырып отыр. Сафардың әкесі бір жетімдерге желеу беріп барлық қарыз құрбандығын өтесе, онда 9 күнде баласынан хабар келеді. Аруақтарынан жеңілдік түседі. Ата жолына да садақа беріп, аруақтарына қатым құран шығартқаны да абзал болады. (27 шілде айы 2016 жыл)