Ата жолы кітапханасы

I. Құдайшылдық негіздері мен құдайға теңдес қылмау туралы

«Біреудің бұрынғы сыйынғандарын қайталап отыру соған құлдыққа түсу. Өзіңнен бұрынғы сыйынуыңды құдайдың еркіне қалдыр, ал өзің қайтадан және басқа жайлы сыйын! Ақылдың айқындығы мен жанның саулығы жайлы, сонан кейін ғана деннің саулығы. Құдайдан қашанда батыл сұра; сен басқаның ештеңесін сұрамайсың. Ал халық үшін Құдайға әлденені сұрап сыйынуға тура келгенде жұрттың бәрі еститіндей әрі түсінетіндей етіп сыйынсаң ғана барлық тілектерден еркін болатыныңды біл».

***

«Ешкім сендерді амалын тауып алдап кетпесін. Себебі иеміз келер алдында адамдар Құдайдан безіп, Оған қарсы шығады және әділетсіздіктің қолдаушысы, кейін мүлде құритын кісі пайда болады. Ол Құдайға және Оның ұлылығын білдіретін нәрсеге (рух заңдылығы, аруаққа) бар нәрсеге қарсы (әулие-әмбилерге) тұрып, өзін олардан жоғары қояды, тіпті Құдайдың киелі үйінде (мешіт, шіркеу) отырып алып, «мен құдаймын» (пірмін, ғалыммын) деп жариялайды. Ол кейін құритындардың бәрін күллі жамандақтармен тура жолдан адастырады. Себебі олар өздерін құтқаратын шындықты (аянды, уахи-батаны) жақсы көрмей, жүрегіне жолатпады.

Сондықтан Құдай оларды өтірікке иланып, түзу жолдан оп-оңай адасатын қылып қояды. Сонымен шындыққа (аруаққа, батаға, уахиға) сенбей, әділетсіздікке құмартқандардың бәрі сотталатын болады.».

***

«Кейбіреулердің басқа ілімдерді үйретулеріне және аңыздармен, ұлан-ғайыр шежірелермен шұғылдануына тиым сал. Бұлар сенім арқылы (аруақ) білінетін Құдайдың ісіне қызмет етудің орнына көп дау-жанжал тудырады. Осы бұйрықтың мақсаты - пәк жүрек, таза ар-ұждан мен шынайы сенімнен бастау алатын сүйіспеншілікті ояту. Кейбір адамдар бұлардан бас тартып, көп мылжыңдыққа түсіп кетеді, адасып кетті. Олар Тәурат (Құран) заңының (шариғаттың, мазһабтың) ұстаздары болғылары келеді, бірақ өз сөздерін де, табандылықпен пайымдап жүрген ілімдерін де өздері дұрыстап түсінбейді.» (Пауылдан хат; Елші істері)

***

Абай атамыз; «...Дініміздің бір жасырын тұрған жалғаны жоқ болса, ақылды, оны ойлама дегенімізге пенде бола ма? Ақыл тоқтамаған соң діннің өзі неден болады? Жоқ, сен жақсылық, жаманшылықты жаратқан - Құдай, бірақ қылдырған Құдай емес, ауруды да жаратқан – Құдай, ауыртқан Құдай емес, байлықты, кедейлікті жаратқан-Құдай, бай қылған, кедей қылған Құдай емес деп, нанып ұқсаң болар, әйтпесе-жоқ.».

Енді қазақтың бүгінгі таңдағы дін, ел саясатымызды Абай атамызбен ақыл тоқтатып бағып көрсек. Дін масһабымыз да ақылдың қызметін қажет етпейді де Ханафи масһабында еш жасырын жалғаны жоқ, тура жол деп түсіндерді. Олай болса бұл дін Құдайдың өзінен таза ақылдан болғаны. Олай болса Ханафи масһабы дін аталудан шығып Құдай болуы керек.  Ал жақсылық пен жаманшылықтың бәрін құдай жаратқанмен жақсы, жаман болуды құдай қылмайды әркім ақылмен өзі таңдайды. Мұндай жағдайда тарихатшымыз пірге қол бердік, барлық жақсылықтың бәрі піріміз арқылы болып жатыр дегендердің жамандыққа түсіп жатқандары да жеткілікті. Оны да пірлерінен алған ақылдан деп ойлау керек емес пе?

Демек жақсылықтың да ақылмен байланысты шамасы болып, ақылмен өлшенген жақсылықта жасырын жамандықтың болу да хақ. Біздердің ғылымсыз Құдайды тануымыз мүмкін емес, ғылымынан ғана ақылымыз жетіліп әр заманның жақсы жаманын ажырата білуге біліміміз де рұқтан қуаттанған ақыл арқылы ғана жетілмек. Енді денсаулықты беретін Құдай екен де, ал ауыртқан Құдай емес деп біліуміз керек. Себебі тәні саудың жаны сау, жаны саудың рұқы таза қуатты болмақ. Рұқымыздың таза қуаты болмауынан тән де, жан да ауырады екен.

Олай болса, денсаулық сақтау, жан сақтау министрлігін құрып, халықты ауыртпай, мәңгілік өмір сүргіземіз, жанды қыламыз деген де жалған, Құдайға қарсылық, дінсіздік те болмақ. Ал енді бай болуды, кедей болуды да Құдай қылмайды, әркім еңбегіне, біліміне қарай немесе жұртты қанап, алдап, тартып алып та құдайсыз бай бола бермек. Мұны кез келген заман өмір тәжірибесінен білуге болады. Ал мұндай жағдайда Құдайдан несібе сұрап, қалай кедейліктен құтылуға болады деген сауалға да ақыл мен ғылымды болумен және денсаулық, ақ жаулық арқылы жетуге болатынын қазақтың дәстүрінде, ата жолында үлгісі жеткілікті де.

Қарапайым мысалмен Құдай ешкімді себепсіз жақсы қылмайды, әркім істеген ізгілік, игілігіне қарай құдайдан дәрежелеп көбейтіп алуы керек. Ал ізгілік пен игіліксіз жақсылыққа жеттім дегендер жалған және ол Құдайдың әділеттілігіне лайық емес. Сонымен бірге құдайдың беретін жақсылығы ақиретпен байланысты болып; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген аталарымыз. Олай болса, Құдайдың қалауымен дәулетті болған пенделердің де иманы сол дәрежесіне лайық болып, тақуалығына, әулиелігіне қарай дүние байларынан ерекшелігі болуы тиісті. Жан байлығы да сәйкесті болмақ.

Сонымен біздің негізгі тақырыбымыз қазіргі таңдағы діндегі бар жақсылық масһабты меңгерумен байланысты деп, мұны мешіт имамдарының, дін ғалымдарының арқасында деп түсіндіреді. Олай болса, жасырын болып жатқан дінмен байланысты барлық арсыздықтар, бүліктер де солардың арқасында болуы керек. Олай емес деп бұған қарсы болсаңыз, онда олардың тек қана адамдық жақсылық пен нығметін дәрежелеп көбейтуші құдай, тәңір болғаны. Егер Құдай бола алмаса онда ақылмен өлшеніп, жанға байлығы мен әулиелік тақуалықтары да сәйкесті болмақ. Ал мұндай ғылымға, Құдайға сүйенбеген қандайда бір дүниелік жақсылықтың ішінде жасырын жамандықтары бар. Ондай әулиеліктері бар ма? Әрине жоқ екені де сөзсіз.

Сондықтан мұны жасыру үшін олар ақылды төмен қойып тәпсірлік білімді ғана мойындаумен өздері де шайтан жамағаты болып алғандарын білмейді де. Енді қазақ мемлекетінің бүгінгі таңдағы дүниелік, шаруашылық тұрғысында жеткен барлық жетістіктерді ел басшысы Нұрсұлтанның арқасында деп мадақтаудан жалықпаймыз. Ел басымыз Құдай еместігі рас болса, онда еліміздігі барлық жасырын, көрнеу жаманшылық та ел басының арқасында болмай ма? Ал шынында ол ешкімге жаман бол деп айтып жүрген жоқ қой. Бірақ, енді есті адам баласына ақыл мен ғылымға, құдайшылыққа тосу болған жерде онда жамандықты да ел билігінің қолдан көбейту саясатын ұстанатыны да заңды емес пе? Ал енді жақсылықтарды әуелі құдайдан, сосын пәленшекелердің арқасында деген ұғымды қолдансақ, онда құдайшылдықты тілмен айтып, бейнелеп, ал іспен қылмағасын мұның өзі екі жүзділік, жасырын тұрған жамандықтарды көбейтуге қолдау беру емес пе? Ал дін масһабшы, діншілеріміз және ел билеуші, білімді қауымның өкілдері ата дәстүрін ұстануға, құдайшылдыққа қарсы бола тұра, құдайшылмыз деп айта ала ма?

Құдайшылмыз дегендерге құдайшылдығыңды көрсете ғой онда десек, оның әуелі қандай екенін де білімді, ел билеуші, философ, ғалым ағайындардың өзі де білмейді десек қалай болады? Мәжілісте әйелдерімізге, қыздарымызға ата дәстүрін ұстанып орамал тартуға тиым салғанға көптеген қазақтық халқы қуаныштарын да жасыра алмағаны белгілі болды. Осы мысалдың өзі бүгінгі ел билеушілердің және қазақ халқының арсыздығына да кепілдікке жетпейді ме? Демек еліміздегі болып жатқан жамандықтардың де негізгі себепшілері ел билеушілердің арқасында болып жатқаны  да хақ.

Қазақтың құдайшылдық мінезінің қандай болуы керегінің, қандай қарсылықтардан арылудың жағдайын Абай атамыз 45 санды сөзімен баяндап насихаттапты.

Ал енді Құдай кімдерді жақсы қылған, оны қалай танимыз? Құдайшылдықты қалай ажыратамыз?

Біреудің көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсеқызар нәпсіге ерме!

Әйел жақсы болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей, көңіл берме!

Адамды жер бетінің халифасы қылдым деген. Ал мына бес күн жалғанда өмір сүрушілер емес, Алланың ақиреттегі мәңгі тірі сүйікті құлдары қанатты періштелері. Құранда Ғиса пайғамбарға еге болуға, өзінің рұқынан жаралуына Шарларын салуға таласты деген. Сонда әулие-әмбилер рұқынан жаралған болсақ, олар «БІЗДЕР» -жаратқан, яғни Ол Алла жаратқан, Алла бастапқы жаратушы емес пе? Жаратылғандар адамзат арқылы пайда болатын, өзара қосылып көбейетін  жын, шайтандар ғой. Сонда жаратқанға, яғни қанды, текті жаратушыларға құлшылық қылыңдар деген емес пе?