«Сөз жоқ Құранда иман келтірген ел үшін әрине игілік және үгіт бар» (Рұм-51). «Бұл Құран бүкіл әлемге бір насихат! (87) Әлбетте оның хабарын бір заманнан кейін түсінесіңдер» (Сад-88). Бірінші аятта құран үгітін ақылмен түсінуден ғана иман келетінін және игілікпен дәлелі білінетінін ескерткен. Ал әлем халқы үшін құранның ғылымы және хикметті білімі белгілі бір замандарда ашылатынын ескертеді. Яғни ислам араптарға берілген намаздармен ғана шектелмей басқа әлем елдері үшін ғылым, білімінің ашылуымен құндылығы дәлелденетін заманның келуін ескертеді. Сондықтан да «Кімге ғылым берілсе соған мол игілік берілді деп есептеңдер» деген аятта. Ендеше ғылымға, мол игілікке, санаға жол табу үшін арапша аяттарын есепсіз жаттап алу керек емес, керісінше басқа тілдерге аударып түсініп оқу екен. Онда діншілердің құранды тек арапша біліп қана түсінесің деп ұғып, ұқтыруы надандықты ғана тудырады. Себебі аятта: «Бұл мүлтіксіз бір арапша Құран. Әрине олар сақсынар» (Зүмәр-28) деп жаратушымыз Құранды араптар да толық түсіне алмайтынын, ғылыми құндылығын және сақтануды ескерткен. Яғни ол үшін мүлтіксіз арап тіл ғылымын меңгеру керек. Сонымен бірге әлемдегі бүкіл танымал ғылымнан хабардар болу керек. Сонда да «сақ бол» деп ерекше құпиялығын ескерткен. Жалпы әлемдегі бар құпия тек есеп арқылы ғана шешіледі. Ал құран аяттарын санап үйрену үшін алдымен сөз өнерін, құпияларын, даналықты үйрену керек. Әуелі өз тіліңді терең меңгеріп және бар ғылымнан мағлұмат ала білсең ғана сөз астарына үңіліп түсінуге болады. Енді арапша сөйлесе білген пенденің аяттарды оқи сала түсіндіріп отыратынын қалай түсінуге болады? Әр дін танушыға бұйырмаған жұмыс екенін хадисте де ескерткен пайғамбарымыз. «Адам не мақсатпен жаратылса, соған қабілетті. Алла тағала әрбір адамға өзінше ерекше қабілет дарытады. Баланы тәрбиелегенде осыны ескерген жөн.» (хад-617).
Демек ондай адам ерекше қабілетті болып, сол қабілеттерін меңгеру арқылы Алланың елшісі дәрежесіне ие болып қана, аянмен тапсырма алып міндеттеледі, оған тек Алла ғана таңдап ерекше белгі береді. Енді ондай қазақ баласы қазақ тілінде 2 млн. 500 мың сөз қоры болса, соның жартысын білу қажет тіпті болмағанда. Осындай себептен болар, көптеген арап танушы діншілердің Халифа Алтай атамыздың тәржімесіне тістері батпай, өздері аудармалап жүргендігі. Ғылыми аударманың басты шарты аяттағы сөз орны және аударылған ұғымы шамасынша қарай қатаң сақталса ғана оқушыға ем-шипа болып, сана ашылар. Себебі ойды жетілдіру үшін құран әдеби тілде оңай оқылмау керек, керісінше оқылғанда ойға үнемі салмақ түсу шарт. Және әрбір аяттың сөздік, сандық мәні бар екенін білер ме екен арап танушы діндарлар? АДАМ физикалық тұрғыдан; есту, көру, ойлау қасиеттерінен тұрады. «Мен сендерге есту, көру, ойлау қасиеттерін бердім сонда да түсінбейсіңдер ме?» деп ескерткен аятта. Тек естіп, көріп, ойлансаң «АДА» болып өмірден өтесің, сондықтан «М» ды білу үшін өзіңді және жаратылыс ғылымын түсіне білу керек. Онда да есептей біл, дүние есебін емес, ахирет есебін шеше біл. Сондықтан ана тілін толық меңгеру шарт! «М»ды білмеген дымды білмес атанбас үшін «Кел балалар оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық». Ықылас - ол бойдағы толық дәрет, тілдегі калима, ойда Алла тағала. Осыдан ниет пайда болар. Әрбір әрекеттің өзіндік шарты бар. Бірінші шарт толық дәрет және тәнде артық иістің болмауын қамтамасыз ету. Және сырттан келетін белгісіз ақпараттар, түйсіктік белгілердің жолын кесу үшін дене, бас, аяқ міндетті түрде жабық болып оны күнделікті әдетке айналдыру шарт. Болмаса адам баласының ойлау қабілетіне нұсқан келеді. Сондықтан аятта; «Шын мәнінде ол ардақты Құран.(78) Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды.»(Уақиға-79). Тап-таза болу үшін тек сәжде орындау жеткіліксіз. Жоғарғыдағы 16 шартты толық орындап және толық бойды (сыртқы тән өрісін) қалыптастыра білу керек. Оны жаратушымыз «бой ұсыныңдар!» деп ескерткен. Орындау қағидасы пайғамбарымыздың құлшылық туралы 11 өсиетімен сәйкес келіп 16+11=27 санын берсе, негізінен толық сәжде саны 32 болу шарт. Ал сол қалған құпия 5 құлшылық амалдарымен елшілерін жіберіп, әр топтың өз ерекшелігі, тілдік амалдары, зікірі болу керек. Құран аяттарының насихаттарын меңгеру арқылы орындалады. Құранның да екі белгісі бар; Бірі кітап болып адамзатқа берілсе, екіншісі жоғарғы ақыл кітабы болып көктен үнемі түсіп, аянмен беріліп тұрады. Сол екі араны жалғай білген адам баласы ғана Құран түсінігін және насихатын меңгере алады. Түркі елі бойынша сол сатыны көрсетіп меңгерген Әзіреті сұлтан Ясауи бабамыз. Сондықтан да тән мен жан ғылымын қатар меңгере білген адам баласы ғана тылсым сырына құпиясынан, хикметінен сусындай алары даусыз. Ауыздағы тіске де мұқият болыңыз, жағымсыз иіс ойды бұзар, болмаса емдетіңіз. Құран түсінігі де екіге бөлінеді; Үгіт және насихат. Екеуінің де өзіндік шарты бар. Құран үгітін меңгеру үшін тілдік және кітап оқи білетін қабілетіңіз бен дәрет, калимаңыз болса жеткілікті. Ал Құран насихатын меңгеру құлшылық амалдарын толық орындау және ғылым-білімнің дәрежесімен байланысты болмақ. Жалпы Құран үгітін меңгерудің өзі қазіргі замандағы болып жатқан дін топтары және дін танушылар мен халықтың арасындағы болып жатқан қереғар пікірлерге нүкте қояры ақиқат! Тек арап тілі арқылы ғана Құранды түсінуге болады деген ұғым надандықтың басты белгісі. Ібілістің ойраны, арап тілінің қадір-қасиетін төмендетіп, Құран ғылымын тұмшалап алдыңғы үш қасиетті кітаптың кейпіне түсіруге апарып соқтырады. Оған әсіресе қазақ дін танушылары өз үлестерін ерекше қосып жатқаны сөзсіз шындық. Оған алда әлі ғылыммен нақты дәлелдер келтіреміз. Әзірше шегініс жасай тұрып, енді сіздің біліміңіз күмән тудырып заман қиындығымен орта дәрежелі білімді меңгере алмаған болсаңыз қам жемеңіз, 30 рет Құранның қазақша аудармасын оқып шықсаңыз болды 3 жылда. Онда да тек Халифа Алтай атамыздың тәржімесін, себебі басқа аударма немесе түсініктер сөз есебін және аят ішінде сөз орындарын жоғалтып алған және сөздік қоры аз, демек Құран толық «САНА»-алмайды. Саналмаса өлшенбейді немесе түсінік өлшемі кемиді. Егер сіздің толық орта дәрежелі біліміңіз болса, онда 19 айда 5 рет оқу керек. Бұл сөз есебі оң қолыңызда берілген. 5 саусақта 19 буын періштемен 19 айда қатынасқа түсіп ұйқы кезінде қуат келер. Түсіңіз де түзелер. Ал түс түзелсе іс түзелетіні айдай анық. Жоғарғы дәрежелі иман іздеген адамдарға 12 айда 6 рет оқуға болады. Енді құранды меңгеріп есебін шығарғысы келген қасиетті жандар үшін 5 айда 9 рет оқу керек. Адам баласындағы «жад» және «жете» деген екі ұғым бар. Жад көру, есту қасиеттеріне тәуелді болып білім қорын қалыптастырып қан құрамына байланысты сақталады, ал жете толық естен яғни тәрбие-тәлімнен ана тілінің сақталу қасиетінен хабар береді де тәндік тазалық сипатқа тәуелді болып ішек, сүйек, тері май қабаттарында сақталады. Кейде түсінігі аз пенделерге «Жетесіз» деп «Жетесізге жеті айту керек» деп тәндегі аяқпен, төбемен байланыстағы жеті жел жолын ескерткен. Ес - өріс түрінде пенде баласының сыртында болады да осы екі белгімен байланыста болады. Үш белгінің түйсік, сезім, ақыл қосындысын «Сана» деп атайды. Қазіргі көп қазақ тек жадпен яғни түйсік - біліммен ғана өмір сүреді. Білім қылыққа айналып қанға жазылса сол белгімен ғана өмір сүретіндер тек жазылған заң аясында тіршілік етушілер санатына жатады. Ал жетесіз пенде баласында таза білім қалыптаспайды. Сондықтан ондай аралас білімді пенделер үшін түсінбесе де шыдамдылық танытып тек арасын үзбей қайта-қайта оқи берсе Алла тағала еңбегінің бодауын міндетті түрде берері сөзсіз. Әрине өзіне жеңіл-желпі қарап киім, дәрет ережесін сақтай алмайтын пенделер талаптанбаса да болады, бәрібір түсінік келмейді. Себебі Құран түсінігі тек Алланың кеңшілігінен жоғарғы ақылмен байланысқа түсіп қана келеді. Қасиетті кітап үкіміне жүгінсек мұсылмандықтың екі белгісі бар; «Бет бұру» және «Бой ұсыну». Жаратушыны мойындап өз салт-дәстүрімен өмір сүре білген пендені «ассалаумалейкум деген адамды мұсылман емессің» деме деген ескерту бар аятта. Дұрыс сәлем берген, жетелі пенде баласы негізі ата-анасы мұсылман болса бет бұрған болып есептеледі. Бірақ толық иман келтірген емес, мұсылман болған себебі иманды (таза ақылды) тек Алла тағала береді. Ол үшін бой ұсына білу керек. Сол шарттардың да саны да мәні де «Сәни дәптерде» баяндалған. Осындай шарттарды орындаған жандарда ғана санаға жол ашылып, өздігімен қиын жұмбақ сөз мағынасын ұғатын есте сақтау қабілеті пайда болып ерекше қабілет, қасиет пайда болады. Сонда ғана «М» ды қосып толық АДАМ атанасыз.(Ақиқат бастауы 2-ші бөлімінде оқу, анықтау тәсілдері бар)