Елбасымыздың жолдауымен Құдайдың осы уақытқа дейінгі білдірген хабарларына мойынсұнбайтынын, ел билік өзінің бағытынан қайтпайтынын ашық жариялады. Яғни үш тілмен ғылымды болу, дінсіз билік саясатын жалғастыру, гендірлік арсыздық салт арқылы рухани жаңғырумен денсаулық, ақ жаулық, он саулық байлықтың негізіндегі ата дәстүрін толық меңгеруден бас тарту. Сонымен бірге жалған пайғамбарлықпен латын таңбасын рухани жаңғырудың негізіне алу, ана тілінің діл білімінің өркениетін қалыптастыруға деген немқұрайлық ата жолының сотталуын негізді деп түсінумен де байланысты болмақ. Ар-ұятсыз, кеңселік тұрғыда, елді саяхаттауға шақыру арқылы киелі орындарды кез келген дәретсіз пенделерді аралатып, ластау саясатын ашық жүргізумен де байланысты болмақ.
Және осы уақытқа дейін біздер арқылы Раббымыздың қияметтік сағаттың ескертулерін, Құдайдың үкімдеріне мойынсұнуда ел билігі ашық бас тарту саясатын жалғастыратынын да білдіргені деп түсіндік. Сондықтанда Астана қаласына қазақ жерін басып өтіп дауылдың соғуымен айрықша қиратумен белгі түсті. Бұған да ел билік табиғаттың қалыпты «аномальдық» жағдайы деп түсінгендігі бірде бір ел билеушінің тәубеге келгендей сөзі де болған жоқ.
Енді бүгінен бастап 19 күн өткенде қазақ елінің барлық тұрғындарына да ортақ үлкен сынақ болады деген хабар келді Раббымыздан. Осылай ел билеушілер мен білімді қауым, діншілермен Құдай арасындағы текетірес басталып өзінің шарықтау кезеңіне де жететін күн жақын қалды. Бұл екі арада ақ пен қараның, құдайшыл мен құдайсыздардың ажырауы да айқын білініп кім жақсылыққа жетті кім азапқа түсті деген уақиғалар халық арасында ашық көрінісін бере бастайды да...
(Қаңтар 2018 жыл)