Қияметтік мезгілдің хақиқатын халыққа түсінікті болуы үшін кейінгі үш жыл бойы жарты жыл сайын, алдын-ала қазақ еліне және әлемдегі болатын сынақтарды Раббымыздың жариялаумен келеміз. Әрине бұл деректердің қазіргі таңда 70-80 пайыздық тұрғыда нақты белгісі түсіп, ескертілген және тосыннан да ескертусіз апатты жағдайлардың орындалып жатқаны да хақ. Сонымен бірге төтенше оқиғалардың, апаттардың, ауа-райлық құбылыстардың да мемлекеттің қазынасына, жеке-жеке пенделердің де басына үлкен шығындар келтіріп жатқанын күнделікті естіп, көріп куә болып отырмыз да.
Кейбір алдын-ала ескертілген деректерді терістеп немесе оған қарсы ел биліктің амал қылуымен бірге, ақпараттық жүйелері арқылы құдайдың бұл хақиқат белгілерін табиғаттың әрекетінен деп, білім тұрғысында түсіндіріп халықты жұбатумен құдайдың азабын, өлімді еске алып қорқудан, рухани ұйқысынан оянуына кедергі болуға жанталасып жатқандары да жалған емес. Бұл әрекетті ібілістің ұрпағы болудан деп түсіну керек. Енді масһабтық уағызшылар, саләф, уахаб т.б. исламды топтардың Құдайдың жобасын, көрсететін аян, уахиларын мойындамауға және дінде ізденген қауымды, жастарды мұндай көріпкелдіктің жалған, серік қосу болып, Құдайдың пендесіне мұндай хабарды беруі мүмкін емес деген пәтуа беретіндері де хақ. Ал, Құдайдың әр пендесіне жеке-жеке таза ақылдан беретін аяттарын, масһабтық ғалым, имамдардың теріске шығарып, тек қана өздерінің кітап білімімен, тәпсірлерге сүйенген пәтуаларын - ғұламалық деп қабылдауға, құдай орына қойып, халықты тек намаз оқып, мешітке тығылуға шақырып жатқандары да сөзсіз.
Сондықтан да екі аралық топтың өкілдері болған, қазақтың дәстүрін жақтаушы әрі масһабты қазақтың тура жолы болғанын, яғни Имам Ағзам таза ақыл беруші құдайдың өзі болатынын білім тұрғысында дәлелдеп жанталасып жүргендер жындық, кісілік тұрғысында кітап арқалаған есектер болып табылады. Бұларға дем беруші және есектік топтықтар болған ғалымдар, дәрігерлер қауымы, философтар, тарихшы, шежірешілер болып кітапқа жазылған білімнен дерек көздерін ғана таза шындық ғылым деп, ал құдайдан, таза ақылдан шындық алуға, ғылымды болуға жалғанудың қазақ дәстүрлік әулиелік, тақуалық негіздерін жалғанға шығарушылар болып саналады. Тура жолдың қағидалары амалдары болып түсірілген кітаптың төртеу екенін және төртінші Құран арқылы үш кітаптық намаз орындауларын бірлеп, толық намазды тура жол атайтынын қазақ еліне ұмыттырып үлгіргендері де хақ.
Алайда Мен-жанымызбен бірге біздің нәсілдік белгіміз де өзге ұлттардан келіп; «Баланың өзін тусам да мінезін (жындық нәсілін) туғаным жоқ» деген аналармыз. Қазақ еліндегі тұрғындарының бір ұлттың түрлі діндік ерекшеліктерге бөлініп немесе әлемнің бар салтын оңай меңгеріп, арсыздығына да құштар болып алуы да, жанмен бірге енген нәсілдік белгілердің әрекетінен деп білген жөн. Ел билеушілердің: «Діннен бөлек» деген ұстаныммен дүниелік істерден басқаны мойындауға құлықсыз, ел басшымыздан бастап жетесіз болып алғандары да алты жанның ұлттық ділінен, аруақтық аманаттарынан ажырап қалуынан деп түсінген жөн. Және болашақ ұрпақтарымызды да үш тілді-үш мінезді қылып тәрбиелеумен алты жанын өсірмеуге, болашақта кез келген діннің, білімнің соңына түсіп алып қазақтық болмысын, тегін жоғалтуға да ібілістің «арманын» орындауға күресіп жатқандары да хақ. Әрине мұндай жағдайда белгілі жындық топқа ақылдың негізделуі болып, халықты да рухани негізделуге саясат ұстануы да заңдылық. Сондықтан мұндай ел билеушілер өздерін жетілген, халықты ақылсыз деп түсінеді де құдайшылдықты жек көреді және мұндай салтты ұстаушыларды қорқынышпен қабылдайды.
Ал енді масһаб діншілері арапшыл, қызылбас елінің салтына, тәпсірлік біліміне құштар болуы да, жындық нәсілдерінің әрекетінен, ата дәстүрінен бас тартып жындылықтарынан тазарып, кісілігін жетілдіре алмауынан деп түсіну керек. Мұндай топтардың бірін дұрыстап, бірлерін терістеп, өздерін білімділігімен текті, зиялы атайтын қауымдықтар; ақын, жазушы, ел билеуші, тілшілер, саясатшылар болып, белгілі бір атақ шенді иемденгендер арасынан да шығып, сөз жүзінде Абай-Шәкәрімдер ізін қостаушы болып, бірақ іс жүзінде қазақ әулиелерінің ар білімінен, тақуалық ісінен бас тартқан жалаңбас, жалаң қол, ал әйелдер тобы жаулық түгіл етекті де парыз санамайтындар, жаны қазақ болғанымен, нәсілдік тұрғыда шайтаннан пайда болған қара жындармен жүктеліп алғандар, білімнің соңына түсіп, кітабын арқалап жүріп ақылға айналдырып, ібілістің атқарушысына, ұрпағына айналғандар деп түсіну керек.
Сондықтан жындылықтың барлық тобына да жалғанып алғандардың сана түгіл жетесі қалыптаспаған ұждансыздар, ұлттық тектілік екі күнін жоғалтып алғандар екендері де хақ. Енді ел билеушілердің сөз жүзінде ұлт дәстүрін, ата заңымыздың қорғаушысы болғанмен, ал іс, заң жүзінде қазақ дәстүрінің ашық жауы екені де «гендірлік саясат», орамалға, бас киімге тиым салу, үш тілділік, ата жолын секта азғындық деп тиым салуы т.б. әлемнің бар азғындық салтын салтқа айналдыруға және айналдырып та үлгірумен де өздерінің ібілістің ұрпағына айналып, сезімдік ақылмен ғана ойланып, ой жорып, ібілістің ұрпағы болып алғандығымен де ерекшеленеді. Қазақтың бүгінгі ұлттық арманы, жобасы қиялға, дүние байлықты еселеп табу арқылы болашақта бірден керемет ұлт болып кетуге, құдайдың бермесін тартып алуға негізделіп алғаны да сөзсіз.
Бұл істердің басында ел басшымыздың өзі тұрып, әулиелік, көріпкелдіктің теріс жағын жетік меңгеруі де, дүние байлықтың соңына байланып, рухани әлеуметтіліктің даму жолын, қазақтың тектілік ерекшелік даму жолын көрсетпеуге, іс басындағылардың талаптарын шеберлікпен дүние ісіне байлап қоюға да машықтанып алғаны сөзсіз. Ақпараттық министрлік құрып, оған өз пәрменімен басшы сайлап, «Енді халықтың ғана мүддесін қорғаңдар, заң да шығарып береміз» деген саясаты да осы мақсатқа көпшілік болған дінсіздерді, дүние тіршілікпен ғана пайымдайтындарды, білімділерді аз ғана топ ұлттың болашағын ойлағандарға қарсы қоюдың амалы екені де хақ. Мұндай көпшілік білімді, дінші тобырдың кезінде Сократқа у бергізіп, Ғисаны ағашқа керуге, Мұхаммед пайғамбарды түйенің боғымен көмуге себеп болып; «..Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Біреуден тарай ма?..» деген Абай даналығын да растап жатқан өз ұлты, ұрпақтары болғанына куә боласыз егер жетеңіз ояу болса. Сонымен ата жолдық болған көпшіліктің қарсылығына ұшыраған біз сияқты аздаған топқа қарсы, бұндай аруақтардың оқуымен жазылып жатқан деректерді әлсіретуге, танылмауына тағы да бір ақпараттық жүйенің құрылғаны да сөзсіз.
Осындай қазақ ұлтының мемлекет құрылымының ірге тасы болуына, ата-бабамыздан бері жалғасты келе жатқан жандық, тектік қуаттық жүйенің, яғни Алла тағала тарапынан иіріп берілген шежірелік жіптің үзіліп, орнына әлемнің барлық 72 нәсілдік топтардың қалыптасып, ұлттың мүлде азғындап жойылуына ел басшымыздың өзі де ашық жәрдем берумен айналысып отыр десек жалған емес. Халықтық тұрғыда қазақ мемлекеті болып аталғанымызбен, рухани тұрғыда алты ауыз сезімдік, жандық өнімін өсіре алмайтын, рухани дербестікпен егемен ел, қазақ ұлты болып қалыптаса алмағанымыз да хақ. Ұлттың егемендігін, рухани тұтастығын қалыптастыруда зиялы, білімді қауым мен ел биліктің тарапынан тек қана білім тұрғысынан жасалып жатқан ізгі шараларды мүлде жоққа шығара алмаймыз, бірақ оның ата-баба аманаттарына жалғану үлгісін, тақуалық әулиелігін меңгере алмағандықтан теңізге тамызған тамшыдай ғана әсері де болмай жатқаны сөзсіз.
Ұлттық мүддеміздің ел билеушілердің әлемнің барлық елінен жинап алған заңдарының жүйесінде ғана қалып, бұл шептен шығармауға ел басшыларымыздың, зиялы деген қауымның өздері де мүдделі. Сондықтан құдайына емес, заңға, ел билеушілердің жетесіз ақылына бағынып әрекет қылатын ислам әлеміндегі көпшілік болған «...қабірдегілерін тастап қойған надан ел болуға...» (60-13) аятқа қарсылыққа негізделген масһаб ұстанымы да өте қолайлы. «Өлі көп пе тірі көп пе?» деген сауалға, құранда «Өлі мен тірі тең емес» деген жауап бар. Өлімсіз, өлілердің, ақирет өмірдегі ата-аналарымыздың яғни құдайдың әскері орындаушысы аруақтарының бірлігін қалыптастыратын жандық, жындық нәсілдік, қауымдық тұрғыдағы аманаттарына жалғанып, жүктерін, көлеңкелерін тазартып меңгермей, біздің өміріміздің де ешқандай мәні де рухани өркениеті де қалыптасуы мүмкін емес. Құдайға жақын да болуымыз мүмкін емес. Себебі біздерді жаратушы иемізге таза ақылға жалғайтын иман атты қуаттың ата-аналарымыздың аруақтары арқылы ғана жетіліп, көбеюімен ғана біздерге алатын жадылық қуаттың, алты ақылдың негізі болып және оны тек қана ақирет өміріндегі Алла достары арқылы ғана саудаласып алатынымызды да естен шығармаған жөн.
Бұрынғы замандарда да қиямет оқиғалары өлі мен тірінің арасындағы жалғанған жанның күміс жібін үзумен, жалпы халықтың шайтанның жамағатына айналумен ғана себеп болғаны да құран аяттары киелі кітаптар әулиелер насихатынан білуге болады. Құранда да жанның ұйқы кезінде өліммен кездесуімен есеп беріп, тазарып, ақпараттармен жүктеліп қайта оралатынын ескертеді. Оның да тұрақты кезеңді саны болып; «Мың өліп, мың тірілу» деген даналарымыз. Бұл деректердің кейбір құпия сырларын; Ата жолы жазбаларында ішкі әлемдік жаратылыстың 6 күн жарықтың сипаттан жаратылғаны және қозғалыстың тегі; жанның да алты түрлі себептік байланысын дәлелдеп көрсеттік. Қазақта; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деп ескерткенді. Біздің алты ақылдық қуатымыз алты күн жарықпен, алты сипатты жаратылыстың негізімен және жеті күндік, жарықтық (ойдың үні) жалпы әлеммен байланыстық сипатта 13 санды сөздің жоғарғы қуатын меңгеру болып нәтижеленеді. Алты күн ақылымыздың бесеуі сезімдік жүйемен, дүние тіршілігімен байланысты болып, алтыншы ақыл (орын, дене) даналықты меңгерумен әлемнің жеті үніне жалғанып, жетінші өріс сана қуаты ақылы ғана ойшылдықты меңгере аламыз.
Енді егеменді ел болдық деген 25 жылдық кезеңге көз жүгіртіп ойланатын болсақ, қазақ елі жылдан-жылға, айдан-айға рухани құлдырауға ұшырап бара жатқанына да дәлелдер жеткілікті. Ел басымыздан бастап барлық зиялы қауым өкілдерді халықты бақытты қылуға тек қана ақша, байлық, өндірісті дамытумен ғана жетеміз деп, көзбояушылықпен айналысқанымен, шын жүзінде халықтың зұлымдыққа түсіп қызыл қырғынға ұшырап жатқанын да білген жөн. Кешегі Ақтөбедегі жағдай қорқынышты болып, халықта үрей тудырғанымен, ал жандық жоғалудан онан мыңдаған есе шығынға ұшырап жатқанымызды білуден қалдық. Енді рухани өлі екенімізге дәлел; ел биліктің ай сайын берген уәдесіне, жылтыр сөздеріне құдайдай сеніп, бірақ іс жүзінде қайда барып тірелгенімізді де аңғарудан қалдық.
Алайды бұл қасіретімізді дүние тіршілік тұрғысынан ғана бейімдеп түсіндірмесек, рухани әлеуметтік, жандық ғылым, ар білімі тұрғысында әулие, қажы саналған, масһабтың дін тұрғысында жетістігінің (сұлтандығы) ең жоғарғы дәрежені меңгерген ел басшымыздың өзіне де түсіндіре алмаймыз. Себебі Құдайшыл болу Раббысынан аян, уахи алумен мемлекет тағдырын, халықтың болашағын болжайтын хандық, сұлтандық дәстүр түгіл, өз басына жоба алуға дін хазіретіміз, дін басшылары мен ұлт көсемдерінің де сана түгіл жетелері жетілмей қалған. Неге десеңіз ел басшымыздан бастап дін масһабын ұстанып, бес парызын орындап қажы аталып жүргендерді көшеде таяқ лақтырсаң болды, бірінші олардың жалаңбастарына тиетіндері де хақ. Олай болса, яғни тура жолда болса, Құдайдың сүйікті қалаулы тақуа құлы ретінде соңғы болған Ақтөбедегі жағдайдың неге алдын алып, ит сияқты атып тастауға жеткізбей зұлымдықтан өз туыстарын, ұрпақтарын құтқармады? Сол сияқты шет елге қашып жатқандар мен болашақ қанқұмарлыққа «намазхандықты» меңгерумен дайындалып жатқандарды да қайда жасырамыз? Ел басшымыздың қажылығынан не пайда, егер өзі басқарған елінің осындай зұлымдыққа түсіп жатқанын Раббымыздан біліп отырмаса? Тура жолда болған діні бар елді Құдайымыз азап, апат жіберсе онда әділдігі, хақиқаты не болмақ?
Шынында масһаб немесе басқалай тарихаттарды құрып, тура жолда болғандар қазақтың үш байлығын меңгерген, жеке бастары болса да бақытты ма? Егер тура жол болса, таза ақылға жалғанған, өзінің тағдырын тазарта білген, сондықтан өз ұлты түгіл өзге діндерге, ұлттарға да үлгі болып, исламға топ-тобымен әлем халқын да тартуы керек еді. Әлемнің халқы түгіл бір қазаннан ас ішіп, жер суы ортақ орыс ұлтының 10 пайызы болса да масһабшы, тарихатшы пірге қол беріп, қажы аталып бақытты болуға неге құштар емес? Тура жол барлық діндердің бірлігінен, адамзатқа ортақ дінсіз ақылға жалғанумен ғана пайда болмай ма? Ал ата жолында жеті құпия сандықтың Ақ ұлдың кезінде екеуі ғана ашылса да; неге ұйғыр, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, тәжік, орыс, кәріс, неміс, негір т.б. ұлт өкілдері аққу, сұңқар болуға құштар болып, қазақ әулиелерін өз атасындай құрмет тұтып, дәретін, шариғатын ұстанып, исламның бес парызын түгелдеп жүргендерді «секта», адасушылар деп қудалағанымызға қалай жауап беру керек. Егер ата жолына келіп қазақ дәстүріне мойынсұнғандай өзге ұлт өкілдерінің 10 пайызы ғана масһабшы болса, онда әлем алдында ел басшымыздың өзі қайта-қайта мақтанар еді. Бірақ ата жолындағы ашық дәлелдерді, халықтың аз болса да шипа тауып, құдайдың хикметіне, рахметіне жолығып, күнәларынан ақталып, қатарға қосылып жатқандарды көріп, байқап, зерттеп, қателігін түзер жол сілтеуге неге қазақ басшылары құлықсыз, көкіректері соқыр ма? Қазақтың әулиелері аттарының әлемге тарап, ордалар ашылып, ал көрші орыс елінен әлі кезге дейін қазақ жеріне зияраттауға неге келіп жатыр? Мұндай ашық дәлелдерге ел басшыларға жетенің де керегі жоқ, түсініп пайымдауға.
Сан жағынан алғанда масһабшы, аруағына қарсы діншілерден ондаған есе халықтың өкілін ақымақ деп, ал аз ғана ел билеушілердің аяқ астынан билікке, таққа отыра салысымен керемет саналы дана болып, өзін құдайдай қылып алуына не себеп? Ел басшымыз халыққа жылда жолдау айтып, уәдесін үйіп-төгіп бергенімен, оның жартысы да орындалмаса да, сонда да сене беруден неге жалықпаймыз? Ел басшымызды бес парыз намазын тастамайды дейді, әрі қажы болып та саналады екен, олай болса масһабпен тура жолдамын деп санайды өзін. Онда неге Құдайдан тура жолынан, таза ақылдан аян, уахи алып, қазақ елін қияметтік заманнан шығынсыз алып шығып, әлемнің рухани көш басшысына айналмаймыз? Ал біздерге берген уахи бойынша ел басшымызға құдайдың қаһары түсіп жазаланатынын неге ескертеді?
Сонымен масһабымыз тура жол екен, оған қоса тағы да тарихаттар да бар екен. Және өзін текті қазақпыз, атамызға ұқсасақ болды «ов, евасыз» орыссыз жеке ұлт болып, ал тағдырлық жазудағы күнәмізді құдай бәрін кешіріп бақытты қылады деген білімділерді де қосып, Алланың үкімін, құранның аятын, тура жолдың хақиқатын; «Құраннан мүміндерге, шипа және рахмет түсіреміз. Ол, залымдардың зиянын тым арттыра түседі.» (17-82) деген қияметтік заманның белгісін қалай меңгеруді халыққа түсіндіріп көріңіздер. Құдайға сенсек, онда құран арқылы барлық ауруға шипа тауып; аурухана салуға, ағзаларды ауыстыруға жарысудан тиылудан, аурусыз, салауатты бақытты елге айналуды қалай масһабпен меңгере аламыз?
Ал енді рахметінің Абай атамыз сипаттаған Алла тағаланың 10 есіміне хикметіне жалғанған ел басшылар, хазірет, имамдар, ақын, жазушы, ақсақалдардың 10 саулық байлығы болып, ұжданды аталып, жүректен жүрекке (метафизикалық тұрғыда) иман қуатын бере алатын қасиеттері де болар еді. Мұндай жағдайда 10 мың ғана текті қазақ болса, Алла жолында мал-жанымен, қажылығымен соғысып, Раббысына жолығуды іздеген пендесіне жанымен білімін, кітабын жалғап, тектілікті көбейтумен 100 мыңға айналып; қазақ жастарының бүгінгі таңдағыдай азбауына, зұлымдыққа түспеуіне, өз-өзіне қол салмауына да тиым болар еді. Кванттық тұрғыдағы «жиһад»-Алла жолында соғысуды, ақпараттық алмасуды меңгеруді ата жолындағы аққу, сұңқар аталғандардың өздері де тақуалығын, әулиелігін дұрыс меңгере алмай, бұқара халықтың адасуға, бірін-бірі адастырып қара түнектік күштерге қызмет қылуға да себеп болып отырғандар кімдер болуы керек? Еліміздің білімді қауымы, дін жүйесі, шығармашылық өкілдеріне бұқара халықтың тағдыры, аманаттары қалай жауапсыз, сұраусыз қалған?
Ел басшыларымыздың өздері жетесін іздеп, ақталып, аян, уахиына жалғанып, ата-баба аруақтарынан таза ақпаратқа, ақылға жалғануды меңгергенде мұндай тектілік әулиелікті меңгеруге талаптанып, адамдыққа жарысатын елге әлдеқашан айналар да едік. Тура жолға метафизикалық, кванттық тұрғыда жанымен жалғана білген пендесінде ғана иманы толық болып және он саулық байлығы болмауы да мүмкін емес, он саулық байлық ақ жаулықсыз, денсаулықсыз төбеден 9 кісінің Алланың рахметіне қосылып ене салуы да мүмкін емес. Ал енді ойланып көріңіз де жоғарыдағы аяттың жұбына және парына ақылыңызды тоқтатып жан-жағыңызға, қазақтың бүгінгі рухани жағдайына баға беріп көріңіз тектілігіңіз болса. Аятта; «Әркім өз жөн көргенін істейді. Сонда Раббың, кімнің тура жолда екенін жақсы біледі де.» (17-84) Олай болса кімнің тура жолда екенін Раббымыз ғана білетін болса, ал енді Раббысына жолыққандар тақуа әулие болуы керек.
Ал Раббылық білімді, сары түсті ғылымды меңгеруді; «Мұхаммед олар сенен жан туралы сұрайды: «Ол, Раббымның әмірінен (уахимен беріледі). Сендерге аз мәлімет берілді» де.» (17-85) Демек қазақ даналығының жан ғылымының негізі (қазіргі таңдағы сары түсті төтенше жағдаймен, заңның күшін халыққа күштеп түсіндіру емес) Ясауи бабамыздың Сәни дәптері болып табылады да, бұл нұрландырушы кітапқа жалғанып заман білімімен сөз ғылымын жетілдірген Абай-Шәкәрім даналығын меңгергендер тура жолға жалғануға (нұрлы жолға), ұжданды болуға мүмкіндік алмақ. Тура жолға, таза ақылға, сан ғылымына жалғанбай; дінді, қазақтың тегін түзеп, бақытты қыламын дегендер ұлт жобасын жасап, үш тілмен ғылымды қылушылар, дүние шаруашылығын нұрлы жол атап құдай ісін мазаққа алушылар мен масһабпен басқалай дін топтарымен жаннатқа жоба жасаушылар да, керісінше ібілістің ұрпақтары екендері де хақ.
Өз жаныңыздың, ақылыңыздың қызметшілерін, жыныңыздың жағдайын, шайтандық қуатыңыздың тазалығын Раббымыздан жоба алып, жорып амал қылмай тектімін, тура жолдамын, нұрлы жолды меңгеру деген сандырақ деп түсіну керек болар. Әрине бұл жазбаларымыздың бәрі тастан шыққан жаңғырық болып, ел билеушілеріміз өздерінің «жер тәңірлік нұрлы жол» істерін жалғастырып, заңға шоқынуды талап етіп, дүние ісімен алдап, халықты сендіретін керемет жобалар дайындап жатқандары да сөзсіз. Ақтөбедегі жағдайға байланысты, масһаб арқылы құтқарылатындарына және жерді сатып бай болу жолын меңгеруге де заңдарын, қарарларын бекітіп болсын, оған жыл аяғына дейін Құдайымыздың қандай азап, апатпен жауап беретінін біз де жариялармыз. Жалпы бүгінгі ел билігіміздің ұстанған саясаты мен халықтың дінсіздік, арсыздығына қияметтік сынақ белгілерін «Қияметтік сынақтардың белгілері» деген тақырыптан таныс болыңыздар. (жалғасы бар. Маусым айы 2016 жыл).