Ақтөбе қаласындағы болған дінші жастардың бүлігі қазақ еліндегі қияметтік мезгілдің ашық белгісінің бірі десек жалған емес. Ал қияметтік жағдайға себепті белгілі бір теріс пиғылды топтардың әрекетінен емес, сол қоғамның барлық құрылымынан, ел басқару жүйесінен, саясатының бағытынан, дін ұстанымынан және қалыптасқан білім жүйесінен іздеген дұрыс болар.
Енді әлемдегі барлық осындай ұқсас бүліктердің бәрі негізінде рухани ниеттен яғни құраннан туындап отырғаны да хақ. Барлық діндердің кітаптарының жинағы құран болып табылады деп түсінген абзал. Құран әлем тарихының шежіресі яғни әлемдегі барлық негізгі оқиғалардың адамзаттың қылықтарының, өмір сүру әрекеттерінің баяндары мен себептері, оған Алланың берген жауабы рахметі немесе азабы мен лағнеті туралы үгіт, әрі болашақтағы адамзаттың тағдырына берілген насихаты болып саналады. Құранның бейнеленген уақиға, тағдырға айналған кітаптары болып, әр ұлттың тарихы шежіресі болып саналады.
Сондықтанда әрбір ұлттың өз рухани кітаптарын меңгермей, ата-бабаларының өсиеттері мен аманаттарын орындамай құранды меңгеріп, дін ұстанымына айналдырудан, тек қана зұлымдықтың туындауы да хақ. Және заманға сай білімді ақылға айналдарып алып, ата-бабалармыздың меңгерген діндік жады арқылы тазарта алмағанда да құдайлық таза ақылға, әр пендесіне жеке-жеке көрсететін аяндық жобаға жалғанбағанда да құранды теріске алып зұлымдыққа түсуге себепші болмақ.
Сонымен Ақтөбе қаласындағы дінші жастардың қолына қару алып, өз туысқандарын, дін қандастарына қарсы соғыс ашуына да себепші болған шет мемлекеттерден яғни Пакистан, Түркия, Арап елдерінен дәріс алып, қазақ елін халифаттық басқаруға көшіруге іштен дайындап, сырттан айдап салғандардың әрекетімен болғаны да хақ. Бұндай арбауға түскен қазақ жастарының арап елдеріндей саяси режим орнатпақ болып, ілім мен білімнен хабары жоқ жындылық топтарға ақылдары негізделіп алуына; салафилік ағымның кесірі деп баға беріп те қойдық.
Шынында қазақ дәстүріне, жалпы бүгінгі қазақтың арсыздық салтына, ел билеушілердің дінсіздік саясатына ашық қарсылық білдіруші де салафизм екені рас. Бірақ бұл топтарға қосылу үшінде рухани тұрғыда әрбір пенденің, әсіресе ақылы толмаған жастардың өз жанына жалғанған аруақтық, тағдырлық аманатынан және жерден табандары мүлде ажырауы да керек. Ол үшін ата-ананың тәрбиесі, рухани жағдайы қоғамдағы саяси ахуалдың да діншілердің, ғалымдардың, ел басқарушылардың белгілі бір қоғам қайраткерлерінің жастардың еліктеуіне сай үлгілері, пәтуалары, ұстанымдары да басты себеп екені хақ.
Мұндай жағдайда біріншіден; ел билеуші мен үлкендердің қазақ дәстүрінен мүлде үлгісі түгіл, қарапайым масһабтық тұрғыда дін ұстаным шариғаты да жоқтығы, рухани кемелденуге бет бұрған жастардың өз ата–баба аманатынан аруағынан ажырауға ғана себепші болатыны да сөзсіз. Екіншіден қазақ еліндегі дін білімнің басында тұрған масһабшы имамдардың өзі жартылай сәләфтық бағытта болып, екі жүзділікпен қазақ дәстүрінің қайнар көзін, әулие-әмбилерінің аруағы арқылы ақталу жолын «серік қосу, шерік қосу» деп атап, кітап жазып үгіттеп, мұны ел биліктің ашық заңмен қолдауы, ата жолын қудалауы қазақ ұлтының азғындық жолға түсуіне де басты себепші болып тұрғаны да хақ.
Қандайда бір дін жолына түскен жастардың да, үлкендердің да Алланың хикметіне немесе Раббына жолығуға деген құштарлық сезімі оянуы да заңды құбылыс. Ал оған тек қана өлілер арқылы, ақиретпен кездесу, ақиреттік аруақтық білімді меңгерумен жол-жобасына жалғану арқылы ғана мүмкін болмақ. Және бұл жолда белгілі бір жетекші ұстаз болмаса ібілістің қақпанына түсіп, азғындық жолға немесе тура жолдың қисығына түсу де заңдылық. Сопылық ұстаныммен қазақ дәстүрі болып қалыптасуы да исламның биік дәрежесі болуы да сөзсіз. Сондықтан да орта топтық саясатты ұстанған масһабшылардың өздері шариғат базарынан жолға шыққпай, бұндай тылсым есіктеріне кірмей, оған өзгелерді де кіргізбеумен, шариғаттық тұрғыда ғана дінді үйретіп, таза ақылға жалғанудың жолын кесіп, бұған көнгендер ақылын қазыққа байлап кітап арқалған есекке айналып, тек қана белгілі бір пәтуамен, дін ғалымдары аталғандардың айтқанымен ғана өмір сүруді әдетке, дін салтына айналдырады.
Ал қазақ халқының рухани сұранысы өте жоғарғы сопылық деңгейге көтерілген әулиелердің нәсілімен, кітабымен, шежіре тарихымен жалғанып тұрғандықтан, қалайда Алланың хикметіне жолығу деген құштарлық әрбір шайтанның (бес сезімнің) ықпалынан сәл босаған, дінге мойынсұнған, намаз оқуға бет бұрған қазақ ұлтының жанында белгісі тағдырмен жазылып қойылғанды. Сондықтанда қазақ ұлтына рұқ, жанның құрылымынан, «атрибуттарынан» Ясауи, Абай-Шәкәрім сияқты даналарының насихаттарынан терең білім алмай, тек қана тәпсірлік біліммен адастыру да оңай және тағдырлық, аруақтық аманатынан айыру да оңай екені сөзсіз.
Мұндай жағдайда қазақ елінің дін ғалымдары, ел билеушілері, зиялы қауым аталған топтары да ібілістің ықпалынан (бес сезімнен) босай алмай, керісінше тек қана дүние байлықпен, жеңіл тұрмыспен ұлттың әлеуметін арттырып, мәңгілік ел қыламыз, ал дін деген, ар, ұяттылық, құдай алдында жауапкершілік тек мешіттермен ғана шектелу керек деген ұстанмен қазақ елінің басына ауыр жағдайдың, қияметтік сағаттың орнауына ел басымызбен бірге зиялы қауым және білімді қауым болып бәріміз тікелей ықпал жасағанымыз да болашақта ашық мәлім болатыны да хақ.
Енді ел билеушілер мен өздерін текті зиялы аталғандарымыз заңға сүйеніп, сақал қойғандар мен дінде сәл қисық басқандарды қудалап, түрмеге қамап, халықтың дін арқылы рухани ізденуге деген ықыласын да тежеп, елде біраз уақытқа дейін тыныштық орнатып, әлем алдында «терроризмді» жеңген ел болып, өзімізді үлгі қылуға мақтана да жарысуымыз да сөзсіз. Әрине бұл жағдайдың ібілістің тарапынан болып; қалайда қазақ еліндегі жасырын, әлі әлем таба алмай жүрген адамзаттың құндылық сапасын арттырып, әлемде әділдіктің үлгісін қалыптастыруға тиісті ата дәстүрімен құранның аяттарының әулие аруақтары арқылы таза ақыл болып қайта оқылуына, білім мен ілім тұрғысында кітап тұрғысында жазылған ақпараттардың ақ қарасын ажыратып, тазартып қазақ халқының рухани биікке шығуына әулиелік жолды кесуімен байланысты екені де хақ.
Мұндай жағдайда кез келген қазақ баласының тылсыммен байланысы болып, көріпкелдігі, алды-артты болжауымен жетелік, саналық ақылы артып жақсы – жаманды ажыратуға таза ақылдан қуат алуы қазіргі таңдағы дінші, ғалым, теолог, ел билеуші, атақты ақын, жазушы үлкендерімізге және дін бұзарлар мен парақорларға да өте тиімсіз екені де хақ. Сондықтан да ел билеушілердің өздерінің осы уақытқа дейінгі ұстанған саясатын, шығарған заңдарының әділділдігін заң күшін арттырып қорғаумен айналысуы да сөзсіз. Әрине салафизм сияқты дін топтарының қазақ елінде енді біраз уақытқа дейін бас көтере қоюы да екі талай. Бірақ халықтың рухани ұйқыда жетелігі ашылмай тұрған заманда жасырын тұрған қазақ дәстүрін жамылып, шын жүзінде салафтық әрекетке бой ұрындыруға дайындаушы, себепші болатын дінде масһабтық ұстанымдар мен дінге ашық қарсылықпен кез келген лауазымды, дәрежелі орынға сайланып, халыққа ақыл айтушылар және ана тілін, ділін әлсіретуге бағытталған үш тілділік, гендірлік, мәңгі ел болу, ұлт арманы деген сияқты ар-ұяттылықты терістеп, тек дүние байлықпен, білімді болуымен ібілістің ықпалына негізделген саясаттың да өз мақсатын арттыра беруіне қолайлықты ел басымыздың өзі қолдайтыны да жалған емес.
Қазіргі таңда мұндай қазақ дәстүрінің рухани құндылығын жоғалтуға ақпараттық жүйедегі барлық тілші, жазушылардың өзі ат салысып кез келген ойын-сауықтың, жиналыстың, замандық әдеттердің «дәстүрлі» аталып, оған ұятсыз жалаңаш әнші, биші «жұлдыз» аталғандардың «дәстүрлі» үлгі болуымен де, жалпы дәстүр ұғымын теріс түсінуге ғана жәрдем беріп жатқандары да жалған емес. Сонымен бірге ұлттық мұндай құндылықтың шын жүзіндегі мәнін түсінбеуге, халықтың мәңгүрттенуіне тарихшы, философ, психолог, теолог, дәрігер т.б. ғылымды аталғандардың да қағаз бетінде жазылған деректерді таза ақылға санап, ал таза ақылдан, құдайдан жоба алуға жалғанбай, жалғануға жол бермей лауазымды қызметтері арқылы өздерін, тарихтағы таңдап алған жақсыларын, кісілерін жаңылыспаған құдайдай көруге ықпал жасауымен де белгілі.
Сондықтанда ібілістің ұрпақтары қалайда қазақ дәстүрінің құндылығын өздері меңгеруден бас тартқаны былай қойғанда, меңгеруге тырысқан біздер сияқтылдарды, әулие-әмбилер тарапынан құдайдан ашық беріліп, жазылып жатқан хабарларды халық арасына таратуға шектеп, жолды кесіп, ары түгіл жанынан, рұқынан хабары білім жоқ пенделердің лауызымды орындарда, билікте, ақпараттық жүйелерді басқарып отырумен, астыртын қарсылықтарын заңға айналдырып алумен де айналысып отырғандары, бұдан бас тартып арлану ойларына кіріп те шықпайтыны сөзсіз. Басында жаулығы - жаны өлі, етегі жоқ - төменгі сана, ділі жоғалып, шайтаннан болған жынды қатындардың елге ар, ұят, дәстүр туралы ақыл айтып, ұлттың үлгісі ақын, жазушы немесе лауазымды қызметтерді меңгеріп жүруінің өзі бұл рухани қияметтік жағдайымызға ашық дәлел бола алады.
Олай болса, ата дәстүрінің жанашыр оқырман қауым қазақ енді ешқашан түзелмейді, іс басындағыларды еріксіз түрде орындарынан аластап басқа қауымды қалыптастыру керек деп пайымдауы сөзсіз. Бірақ құдайдың қазақ халқының басына жазған тағдыры болып, оны Раббымыздың еріксіз түрде әрбір пендесіне және осы қауым өкілдеріне де орындатуда да шебер екені де хақ. Сондықтан алдағы болатын тарихи оқиғалардың қияметтік рухани сынақтар арқылы қалай бейнелену мүмкіндігін Раббымыздың ескертуімен, хабарлармен баяндап көрейік... (жалғасы бар Маусым айы 2016 жыл)