Ата жолы кітапханасы

Қияметтің таразысы Астана қаласынан басталды

Қазақ еліне келген қияметтің сағатына байланысты Раббымыздан түсіріліп жатқан ескерту белгілері мен онан шығу жолдарын ата жолы жазбаларында он жылдан астам уақыттан бері баяндап келеміз. Және әрбір алты ай сайын алдына-ала қазақ еліндегі болатын апаттар мен азаптарды да аруақтардың ескертуімен жариялап, соңғы кезеңдерде бұл белгілердің шындықтан шынға айналып жатқанына ақыл-есі бүтін ел тұрғындарының көзі жетіп келеді десек жалғандық емес.

Сонымен қияметтік сынақ туралы осыдан 10 күн бұрын жариялағанымызбен, Раббымыздан жаңадан түскен хабарларды да жариялап отыру да міндетті болмақ. Қазіргі таңда Астана қаласының үстінде бұлттармен ерекше құбылыс хикметті белгі пайда болғанына халық куә болып, мұны ауа-райы ықлымдық өзгеріске жорып жатқандар да жеткілікті. Шынында енді қыстың суық, қарлы болмайтынын, керісінше күзге де, көктемге де қысқа да ұқсамайтын құбылмалы жауын-шашынды болып, қыста жаңбыр жауумен де ерекшеленеді де мұндай «тропикалық» құбылыс көктемге дейін жалғасады.

Осындай ауа-райының күрт өзгерісімен бірге жер асты сулары да көтеріліп көктен жаңбыр кейде қар аралас жауып, Астана қаласын топан су басады, ал қанша рет қандай шығынға ұшыратады оны Бір Аллаға ғана аян болмақ. Екі рет осындай топан су апатымен ел билігінің орналасқан ауданында болып ескерту түскенімен, бұған ел басшылары тарапынан жауап болып, құдайлық ескертулерден қорытынды шығаруға деген талпыныс та болмады. Керісінше жерге деген теріс көзқараспен және қазақ дәстүрін сөз жүзінде ғана мойындау ғана болды. Және халықтың арсыздығына қарсылық шаралар қолдану түгіл, үш тілмен ұрпақтарды жансыздандыру саясатын әрі қарай жалғастыруға шешім қабылданды. 

Сонымен бірге жаңадан дін министрлігі ашылып, масһабтық саясатты онан әрі жалғастыруға және мешіттерде де қазақ тілін шектеуге, орыс тілін енгізуге жарлық берілді. Ел басымыздың да тарапынан Раббымыздың ашық белгілеріне қарсылық түрде елді мал табарлық жолмен, дүние байлықпен, жақсы тұрмыспен мәңгілік ел қылу жалған «тәңірлік» саясатын жалғастыруға деген ғана шешімдер қабылданды. Жақында отырған сенаттардың отырысында жазушы, зиялы атты қауымның өкілеттігі атынан Оразалин мырза дінді, құдайды, қазақ дәстүрін мазаққа алған пәтуасын да ашық жариялады. Бұл қазақ жоғарғы ел билігінің құдайсыздығына, құдайдың үкіміне еркіне ашық қарсылығы болып білінгені де хақиқат.

Сонымен бірге ел билігі тарапынан салафилік ағымды жаппай бүлікшілер деп танып, адасқан дін топтарын дін арқылы ғана тәрбиелеу жұмысымен айналыспай тағы да қудалауға, оның арасында Алласын тану жолына түскендерді ел тыныштығының сақшылары (полиция, ұлттық қауіпсіздік) тарапынан заңмен, зорлықпен тыю жолын ұстануды ұйғарғаны және бұған дайындықтың да жүріп жатқаны сөзсіз. Раббымыздың ескертуімен мұндай әрекеттерден кейін жауабының болуы хақ. Бірақ ел басымыздың әлемдік түнек күштерінің елді заңмен күшпен басқару жүйесінің құйтырқы саясатын ұстанумен, қалайда бір діннің ұстанымымен ел билікке келу жолын кесумен айналысады. Қазіргі таңда Муфтияттық, масһабтық дін ұстану ел билік тарапынан құдайға бағыну арқылы емес, керісінше құдайды да басқара білуге негізделгендіктен ел билікке бұл өте қолайлы да.

Сондықтанда халықты айбармен заңға еріксіз бағындырумен айналысудың; қырғыз, Украина, Жаңөзен, желтоқсан деген сияқты дінсіз, ел бірлігіне жік салып, кекшілдікке негізделген топтарды бағындыруға дұрыс болғанмен, бұл саясатты қазақ ата дәстүрін, ар-ұяттылықты, т.б. құдай істерімен амал қылуға да ашық қарсылық жасаумен әлемдік ел басқару жүйесінен шықпауға мәжбүрлеумен де негізделіп алғаны хақ. Сондықтанда ата жолы, зікірші топтар, уахабилер енді салафилер деген сияқты халықты Алласын тануға шақырғандарды соттап, қудалап түрмеге қамап, ал ел биліктің дінсіздігіне ашық қарсылық білдірген жынды мас жастарды «халықты қыруға қару алған» деген жаламен «экстремизмге қарсы күрес» деген қыруар қаржыны желге шашумен де айнасып жатқандары да хақиқат.

Мұның бәрін тізіп, зұлымдығын дәлелдеуді болашақтың ісіне қалдарып, енді Алладан қияметтің таразысы тартылып, жазалауға үкімнің түскенін, оның қалай атқарылатын белгілерін ескертіп кетейік. Тәртіп сақшылары ел үшін де аш қасқырдай құтырып, талай жазықсыз пенделерге жәбір көрсетеді. Соған байланысты халықтың ішінде ел билікке қарсы ашынумен бұзықтар, кек қайтарушылар көбейеді. Ел ішінде осыны пайдаланған бұзықтардың, жындылардың да түрлі қылмыстардың саны күрт артады. Сонымен бірге табиғат апатынан да халық қатты күйзеліске түседі де және рухани оянып, мұның себебін ел биліктің дінге, құдайға ашық қарсылығынан деп білетіндер саны күннен күнге арта береді.

Абыройларының халық алдында жоғалып бара жатқанын, айбарлы саясат жүргізумен түземек болудың соңы жаппай халықтың ел билікке қарсы ашық көтерілуіне соқтырады. Әрине мұны қарсы партиялар, елді дүниемен түземек болғандар «әне ішті, жеді, барлық қайғы экономиканы дұрыс басқармаудан» деген құдайсыз саясатшылардың пайдалануына да жол ашылады. Нәтижесінде халықтың да, құдайдың да лағнетіне ұшыраған шектен шыққан ел сақшылары өздері де азапқа түсіп жоғалады. Муфтият, масһабшы діншілердің халықты ата дәстүрінен шектеп, аруақ тағдырынан ажыратудың қасіреті ашық көрініс береді. Осыған дейін аруағына, ата жолына ашық қарсы болғандардың таңбаланып, енді өз бастарына, жан ұяларына «шеріктер қосылады» яғни жүректеріне жындар еніп мұндай рухани дерттілердің саны күрт артады.

Көшеде бір-бірімен ашық аймаласып жүргендерге немесе өздерін өнер жұлдызы санап ашық сүйісіп, ұятсыздықты, жыныстық қатынасты дәріптеп жүргендерге құдайдың лағнеті түсіп ұрпақтары көгілдірге, мүгедектерге айналады. Өмірге мүгедек балалардың келуі де көбейеді. Жалаңбас жүретін, жалаңаяқ, балтырын ашқан шайтан дамбалды әдетке алған еркектермен және шашын жайған, қиған еркекшора шалбар киген қатын, қыздарға қара түнек жындарының кіруіне ұлықсат түсіп, мұндайлар түрлі ауруларға азаптарға ұшырайды. Сонымен бірге өзіне қол салу, естен тану, ессіздікке түсіп түрлі айуандық әрекетке түсу қылықтар, бұзықтықтар көбейеді.

Мизан таразының тартылып, құдайшылдықпен өмір сүруді дағдыға алған, ата жолында ақталуды меңгергендер арасында ерекше қасиеттілер тыныштықта, бейбіт тіршілікте, бақытты өмір сүретіндер де белгілі болып, халықтың солардың артынан ілесуге де ынтасы артады. Сонымен бірге 132 жалған емші, құдайын тануға деген жетекшілер шығады. Ақ пен қараның арпалысы жүріп, дін басыларының да құдайды танытуға деген жалған саясаты әшкере болып, абыройдан айырылады, халықтың оларға деген сенімі мүлде жоғалады. Ал енді есі дұрыс пендесінің мұндай қияметтің азабына түскен қоғамда өзін бақытты санап өмір сүруі, туысқанын мұндай азаптан арашалауға қолын созбауы да надандық болмақ.

Бірақ ата жолының, ата дәстүрінің мектебін ғылымдық тұрғыда қалыптастырмай тағы да шариғатты да меңгере алмағандардың жетегінде кетуі де сөзсіз. Ендігі жылы көктемге дейін бұл сынақтан халық түгелдей өтіп, ел басымыздың өзі тірі болып қалуы да, ұрпақтарының бұл азаптан аман болуы да екі талай болмақ. Келесі жыл көктемнен бастап қазақ халқына жаңа заманның үкімдері түсіп, халықтың есін жиып, арсыздықтан жаппай арылуға деген қозғалысы басталып, әлемнің де назарын аудартатын ерекше хикметті құбылыстар және рухани дарындылардың шығуы да басталады.

Қазақтың мұндай тектілерінің де күні туады, қазақ дәстүрі қайта көктеп өз жемісін бере бастайды. Сол күнге аман-есен жеткізсін деп тілейік есті, ар-ұятты ағайындарға. Барлық елдіктің кілті әйел, қыздарымызда. Біреуін болса да етегін жаптырып, басына орамал тартқызып құтқарып қалуға, ел биліктің арсыз саясатына ашық қарсы болуға, Алла жолында Ар деген қарумен соғысуға бүгіннен бастап кіріссеңіздер, бұл сыннан да жеңілдікпен өтуге сауап аласыздар. Ал тағдырына, аруағына жалғану ол ата жолы ордалары арқылы ғана атқарылатын өте күрделі жұмыс, құлшылықтың, сәжденің, емшіліктің ісі болмақ. Ал ордалардың қызметшілері аққу, сұңқарлар қандай рухани дәрежесі болуын, алда арнаулы «Аққу, сұңқар және ата жолы» атты тақырыпты жалғастырып баяндай береміз. (қазан айы 2016 жыл)