Қиямет мезгілі жалпы әлемге тән болып; Түрлі тосын хикметті оқиғалар, апаттар, рухани, саяси, шаруашылық дағдарыстармен адамзатқа ескерту болып түсіріледі. Ал енді қияметтік сын сағаты амал жоқ рухани өзгерістерді бірге алып келетін жақсылық пен жаманшылық, яғни ақ пен қараның өзара арпалысы болып белгілі бір елдерге, мемлекеттерге тән құбылыс болмақ.
Осындай аумалы төкпелі замандық оқиғалар қазақ елінде ашық белгілері түсіп, ел билеушілердің саясаты мен дінші, білімді қауымдықтардың амалдарына қарай түсіріп тұратын елдің, жеке пенделердің де тағдырына жақсылық, жамандығымен әсер беретін құбылыстар болмақ. Сонымен қазақ елін жылдың алғашқы жарты жылдығында қандай өзгерістер күтіп тұрғанын Раббымыздан сұрап баяндап көрейік.
Қаңтар айы; Басында жаңбыр, арты қарға ұласатын құбылмалы болмақ. Шығыста қар көп жауады, қалың болады. Дегенменде қыстың қаһары анық сезіледі. Петропавл өңірінде ерекше суықтық бұрқасын болады. Тайғақ мұзды күндер көп болады. Солтүстікте көліктің ауытқулары жиілейді. Оңтүстікте жерде қар жатса да шуақты күндер көп болады. Айдың жартысынан бастап күн суытады. Алматы қаласында жер асты дүмпуі болады. Сонымен бірге әлемді өзіне қаратар жайттар болады. Қазақ еліне елім,деп келгендер шошына қарайтын болады.
Әр обылыста жаршылар пайда болады. Көп кісілер арыздарын қайтарып алады. 4 төрге шығады. Есектің құлағы бітеу болады. Жыл санауы ұйғарылады. Халық тізбекке алынады. Әуре-сарсаң көбейеді. Жеті ата аруақтары өз әулетін қыспаққа ала бастайды. Мұның ашық белгісі омыртқа ауруы көбейеді. Күдікшілдер күшейеді. Көк қағаздың құны түседі. Байлыққа құныққандардың дәмеленуі зораяды.
Ақпан айы; Үскірік болып соғатын суық жел тұрады. Көк тайғақ көп болады. Апаттар көп болады. Сықырлаған суықпен, қар қылаңдап халықты тазартар күн туар. Бауыр, өкпе, тыныс жолдарына т.б. ағзаларға дем келер. Құдайдың жаңғыртуы басталады. Ән - жүйеге шабыт салар. Толқу сезім келер. Серілер жарыққа шығар. Қайшы бойынан ағарар күн туар. Бойы тіктелер пенделер көбейер. Бойды шарпыр үн келер. Сыр серілері кезегімен үн ұштатар. Тұрмағанбет, Бұқар жырау, Базар жырау, Балым жырау, Серім жыраулар шілдеде нықталар үн қосар. 7 жыл күткен сары майдай сақталған шабыт қосқан майыстырады. Сөз мақал мәтіні талайды шалқайтар. Қарқара төрінде жақсылар нықталар күн басталар. 100-ге келген қариялар 100 салады. Үшемдер дүниеге келеді. Омар сұлтанға, Барақ сұлтан сәлем береді.
Қора малға толар, алды жанға толар кезеңге аяқ басар ізгілер. Керісінше жамандардың есту қабілеті төмендейді. Өз ара текетірестер көбейеді. Бет, сүйек аурулары көбейеді, асқынады. Арпалыс күшейеді. Тамыр ауруларынан өлім көбейеді. Рухани жұтаңдыққа түскендердің шарықтау кезеңі туады. Без-бүйректік белең алады. Бірсыпыра халықтың жағдайы жақсарса, бірсыпырасының жағдайлары мүшкілге айналады....(айдың алғашқы күндерінде барлық қазақ еліне сынақ түсіп қаралықтардың шабуылы болады, талайлардың жүрегіне жындар кіреді.
Пайғамбарымыз; «Адам баласы ертең не болатынын білмейді..» деген өсиетіне сүйенген діншілер болашақты болжау Аллаға серік қосу дейді. Бірақ бұл заманда іштегі баланың да жынысын, ауа райының алдағы күндері, бір ай ішіндегі болатын өзгерісін т.б. жағдайларды да түрлі құрылғылар шығарып, анықтай алатын дәрежеге жеткен жалған емес және мұны енді Алла тағаланың ғылымынан емес деген де надандық болмақ.
Білім-өнердің өркениеті Алла тағаланың жер бетіне түсірген ғылымының білімі болып және оның қарсылығы да бірге дамып отыруы шартты жағдай. Сонымен бағзы замандарда тек қана әулиелерге, ерекше қасиеттілерге тән көріпкелдік, болжампаздықты бүгінде кез келген жас баланың да құрылғы, саймандар арқылы меңгере алатыны да жалған емес. Ал бірақ қаншама білімді-өнерлі болғанмен бір жыл ішінде қандай рухани өзгерістер мен табиғат райының құбылысын, адамзатқа түсетін нығметтері мен сынақтарды ешқандай да құрылғымен бүкіл әлем ғалымдары жиналып та анықтай алуы мүмкін емес. Демек мұны жындар әлемі де меңгере алмағаны, ол тек қана Алла тағаланың өзінен, біздерге арамыздан таңдап қасиеттілерге беретін хабарларынан деп түсінген иманға лайық болмақ.
Сонымен енді 4-5 жылдан бері әрбір жарты жылда қазақ жерінде болатын рухани өзгерістер мен қуаттардың жаңғыруын жариялап келеміз. Биылғы жарты жылға да алдын ала жарияланды, ол бейнежазбалармен берілді, енді сайттардың бетінде екі айлық шамаға бөліп жариялап отыруды жөн көрдік. Олай болса, алдыңғы екі айымызда біздерді қандай өзгерістер күтіп тұрғанын;
Наурыз айы; Көктем ызғарымен созылмалы болады. Табиғи өзгерістер ерекшелігі байқалады. Халық ішінде де рухани өзгеріске бағыт басталады. Кешегі батпан жүктер түсіп артта қалар. Халық ымыраға келе бастайды. Жаңа тойлар өткізумен, думандар да жаңғыруға ұшырайды. Сонымен де қоса топалаңның да кезеңі жүреді. Тораңғыл жамылатындар көбейеді. Көпшілік дін дәстүрінен алшақтағандарға іс түседі. Туралық тураланады. Тереңсайдың түбінен пәлекет шығады. Жарық дүние есігін қағар күн туар. Қазандар толысып, ағайын тумалардың бір-біріне қарым-қатынасы өзгерер. Көпір салынар, кешегі тылсымның сынағы шешіліп, байланған арқан үзілер. Ағарып ақтаңдатқан күн туар, көп қиындық көрген пенделер басына.
Ал қақайғанға жүрек тұсынан садақ оғы тиіп, тылсымнан есік тарс жабылар. Кекірейгендерге кеңге жайылар жазылар. Қазан түбіне қаспақ қатып, батаға тоймай жүрер пенде көбейер. Жарық жұлдызды күндер көбейіп, тілек тілейтіндер қатары артар. Бұл айда қақтығыс та болады. Үш жүзге көсем келеді, аман-есен келеді. Қуаныш та көп болады. 40 қажы дүниеге келеді. Бекет әулиеге ас береді, орамалға түйеді. Кие түседі.
Сәуір айы; Қыс бұл айда өзінің белгісін еске салып тұрады. Бірақ ауа-райы көктемге бейім өзгеріске енеді. Жаңбыр жиі жауады. Су тасқыны көп болады. Судың толастауынан хабар алғыштар ақиқат хабардан үзіледі. Жетісу жерінде сілкініс болады. Сынақ түседі Жетісуға. Сын сағаты сынға ала бастайды. Бұлттар қозғалысымен әлем теңселіп, теңгеріліп тәліммен теңеседі. Шет жақта алапат желмен аластар шыбын жанды пенделерді.
Сықси көздерге алапат келер. Судың көп туындауынан құны болмайды. Жетімдердің жан айқайы үдейді. Арқасы барлар аласапыранға түседі. Ақылмен басқарылмаған кеме құлайды. Алла берер тартуы да бар. Тарылғанға тақым қысар. Тобықтыны торуылдар. Теріскейдің де теңелері бар. Кәсіптен бірнеше басшылар кетер. Рақымберді атаға (шығыста) құран бағышталар. Сәуірде сынымен Жарқынбек оралар. Домалақ ана қол жаяды. Жақсылар көбейеді. Ақшам түскенде жын болады.
Жетісу төрінен көтерілер пенделер болады, абай болу керек. 30 әулиеге шақ түседі. 99 шырақ жанады. Ойпаттар өзгереді. Айнала қорған болады. 7 айда жетістік бар. Ақтоған әулиеге жол сапармен шешілер. Қалпе бақсы бабалар бас көтерер. Кешегі жол байлау салған пенделер қудаланар күн туар. Жақсылыққа табан басар күн шуақты күн түсер. (Ақпан 2018 жыл)
Мамыр; Жылы кезең басталады. Бірақ арасында суық өзін еске салып тұрады. Табиғи құбылыстар басталады. Су апаты астан-кестен келер. Тосын уақиғаға толы жер асты дүмпуі де ықтимал болмақ. Қызғалдақ жер бетінде әсемдігімен көрініс береді. Мамыражай кезең маң-маң басар. Екінің бірі есепке ілінеді. Жөнсіз елірмелік көбейеді. Тұтқиылдан қауіп алатындар көбейеді. Ара-жігі ажырайтындар көбейеді. Айқас кезеңі басталады. Шашты жауып, етек-жеңді ұзартпаудың салдарынан қысқа етектілерге кесірлік, жесірлік келеді. Бақтан тайдырар шумақ өлең жырлары туындайды. Мамырға ескіліктің кілті түседі. Бауырға ем түседі. Есіктер ашылып, тесіктер бітеледі. Шалқып тасып жүргендерге тиым салына бастайды. Қарғыс шешіліп, шағымдар азаяды. Үкіметтен көзқарастары өзгере қарайтын пенделердің жүрегінен әруақ оқ атып жүрекке жылу кірер. Сынақтан өтпеген ел билеушілер сабалақ жүндей үркіп жүрекке үрей кірері. Басар жер таулары тарылып, бір-бірін улауға шығар. Құрметті қасіретке айналдырар. Айша ана туы биіктер. Туға қарамай мән де бермей өзара тартыс басталар. Кешегі бір-біріне сый беріп сыйласқан сығыр көздер бірін-бірі түтеп жер. Ел аузындағылар арпалысқа түсер. Шырылдаған жан-ұя кешегі сайраннан тыйылып қыспақ жаулар. Түмен баба құдірет көрсетер. Қырғи болып түлкінің көзін шұқыр. Қас батырлар қолға алар жайттар өтер. Оттың басы қоңыр болады. Сүйектерге алтын түседі. Мамырда зияраттап топ-топ пенделер келер. Хабарда отырар пенделер де бас қосып іс оңға басар. Тағдыр тауқыметін көргендер оңалар. Жақсылықтың жарығына ұмтылар пенделер көбейер. Қасиеті мықтылар дәріс алар. Ашық ақиқат бастау дәрісімен ақпараттар көбейер. Мен-мен басқан, көлбең басқан көк етектілер де жетер, абай сал шайпау сөздермен. Қуанышты хабар жетер күндер көбейер.
Маусым айы; Жер қызып өзінің бабына енеді. Бір толқын самал жел есіп тұрады. Жанға да жайлылық сезілер. Шарықтау кезеңі. Шымбайға бататындар шыңғырады. 2 санының сынағы түседі. Аяғын тең баспағандардың аяғы теңеледі. Тентірегендер телміреді. Жұлдызды сағатынан хабар түседі. 2 жаудың арасын жауластыратындар көбейеді. Айша ана халықты есепке тартады. Жүрекке ота жасататындар көбейеді. Ыстық алқымды бунайтын пенделер көбейеді. Шыбын жанды пенделер шырыл қағар. Табанға ине кіргендей тітіркену басталар. Ластанған лай суды балық та ішпес Балқашта. Орманға барса талайлар орманнан адасар, жоғалар жәйттар болар. Балалар мінетін шеңбер үзіліп түсіп, апатқа ұшырар періштелер бар. Ата-ана қарғысы көбейеді. Білім шыңдалады. Тағдырға таңба түседі. Түстер оңалады. Жүрек жарылардай қуанышты хабарлар да халыққа жетер. Ағарғаннан қуат келеді. Көктен келер ақпарат шалқасын берер. Бес жұлдыздан әуен, үн келеді. Тұрар ата қайта оралады. Есеп қисап шешіледі. Әруақ әрбір пендесін қолға алар шақ жетер. Дүние дөңгелеп парсыға кетеді. Мамай батыр келеді. Жол салынады. Өгізге күн туады. Күн күркіреуі жиілер. Артынан жарқыраған күн туар. Тартыстан бәйге бар. Қорқыт ата қоңыраулатып күтіп алар көптен күткен пендесін!