Сонымен қазақ еліндегі дін, діл, тіл дауының арты жер дауымен, шаруашылық, өндірістің дағдарысымен, қияметтік жағдайдың түрлі белгілері түсіп, мезгілсіз ажал, апаттарға да бойымыз үйренгені сонша, аз ғана уақытқа тыныштық орнаса болды, енді мұндай қиын-қыстау жағдай болмайтындай, құдайдан уәде алғандай дүние-байлықтың уайымына қайта кірісіп жатамыз. Алматыдағы нөсердің бұрынғы замандарда болмағанын, табиғаттың мұндай құбылыстарында білім тұрғысында европа немесе өзге құрлықтардан ауып келген желдің салдарынан деген пәтуа шығарып; «Е, қалыпты жағдай ғой» деп бұл құдайдың ісі еместігіне де көңіл тоқтата саламыз.
Хақиқатқа жүгінсек; айдан айға, күннен күнге халықтың рухани азғындық батпағына батып, сасық иістермен, жаман қылықты көлеңкелермен яғни уақыттың бейнеленген ұсақ бөлшектерімен (рухани көлеңке, қара қуатты өрістермен), әлемдік уақыттың қара түнектік күшін арттыруға жаппай жарысқа түсуімізге де, әлемдік уақыт қозғалыстың теңдігін сақтауға жаратушы тарапынан түскен нұр қуатының біреулерге оң, біреулерге теріс әсерімен табиғаттымыздың да құбылысымен белгілі болып жатқаны да хақ.
Алматыдағы болып жатқан сынақтардың да себебі арсыздықпен, рухани құлдырауға ел басшыларының «оңай жүйе», құдайсыз мәңгілік ел құру және дәстүр деген аталарымыздың бізге қалдырған өмір сүру тәжірибесін бұрмалаумен, ойын-сауыққа тек сенімге негізделген масһабтық дін ұстанымға бейімдеп, құранға қарсылық жасаумен де байланысты екені хақиқат. Ата дәстүрін, бабалар аманатын, пайғамбарымыздың сүннет өсиеттеріне ашық қарсы және қазақ ел билігінің дінсіз саясатты ұстанатынын ел басымыздың Петербург қаласында әлемнің тілшілерінің алдында берген сұқбатында; «Біз гендірлік теңдікті қолдаушы елміз, қалыптастырып та үлгірдік, енді жоғарғы ел басшы болуға әйелдерді де дайындап үлгірдік..» деген ұғымдағы сөзінде; «Құдайды, құранды, пайғамбарды мойындамайтын, аталар дәстүрін ұстанбайтын елге айналдық...» деген әлемге ашық жолдауы екені де хақ.
Олай болса Раббымыздан келген хабарды; «Ел басымыз қазақ елінің ата дәстүрін, ана тілін, дін-ділін, жете, саналық екі күнін өз орнына қойып меңгеретіндей шешім шығармаса, онда 10 айда (2017 ақпан айында) қылтамақ ауруымен ажалы келеді» деген біздер арқылы берілген ескертуді де мойындамайтыны, жалпы құдайдың жобасына, аян, уахиына түсіретін аят шындығына сенбейтіні де мәлім болды. Әрине өкінішті, себебі құдайдың өзінің түсірген ескертулерін, шындығын шынға хақиқатқа айналдыруға да құдіреті жететіні де хақ. Біз үшін қазіргі ел билеушілердің, зиялы қауым өкілдерінің өз қателіктерін мойындап, соңынан ерген ұрпақтарын, нәсілін, тағдырларына жүктелетін қарғыс пен жоғалудан сақтап қалғаны да дұрыс болар еді.
Ел басшыларымыздың осындай әлемдік «Армагеддондық» (тажалдық) саясатты ұстануына және біртұтас пайғамбарымыздың сүннетімен құдайдың жол-жобасымен ғана құранды меңгеру жолын, тура жолдың үлгісі болған қазақ дәстүрін, исламдық сүннеттік тұрғыда төрттен бірі болатын масһабтық шариғаттық дін ісін ғана алып, ислам дінінің замандық бірлігін қалыптастыруға ашық қарсылық жасаумен де, діндегі бүлікке үлес қосып жатқанымыз да хақ. Сондықтан діндегі ішкі жаулармен, яғни қазақтың өз ағайындарымен, ұрпағымен бітіспес соғыстың басында да ел билігі мен муфтияттың және оның атқарушылары білімді, дінші қауымның өзі екені де сөзсіз.
Раббымыздың ескертуімен жарты жыл бұрын маусым айында қазақтың ағайындары арасында алауыздықтың басталуын да ескерткен еді. Оған мән беріп, сынақтың алдын алу үшін, құдайдың өзінен ақыл сұрауға талпынған бірде-бір зиялы, ел билеуші табылмады да. Қазіргі таңда сырттай бәрін заңмен күзетіп, бақылап тәртіп орнаттық дегенмен, рухани тұрғыда алауыздықтың күннен күнге өршіп, біртұтас ұлттың өзара қырқысуы да, сөз майданы болып жатқаны да жасырын емес. Ібілістің «мәңгілік тозақтық ел жобасы» деген де осы болар шамасы. Мәңгілік жоғалатын немесе жаннаттық болатын ел боламыз ба, оны ел басы жолдауында түсіндере алған да жоқ. Әлем тарихында дүние байлықпен мәңгілік ел іргесін қалаған әзірге ел болған жоқ екені де хақ.
Құранда жеке-жеке мәңгілік жанды иемденуге ғана; «Алла жолында мал-жаныңмен соғысыңдар» деген жаратушы иеміз. Бұл сөздің ұғымын бағзы замандағы арап сөзінің ұғым аясынан шығармай және «жиһад жасау» деген тікелей түсінікпен, ал шынында бұл қазақ дәстүрінде әулиелікпен, тылсыммен көмес, метафизикалық тұрғыда, қара қуаттарды жүктеп алып, жағып тазарта білумен, әлемдік жүйеге қуат қосып құлшылығы, тақуалығы, білім, ілімді иманмен негіздеп, жүректен жүрекке бере білу арқылы соғыса білу екенін және мәңгілік екі дүние елшісі ұжданды меңгерумен байланысты екенін түсінетін пенде де аз ғана. Ел басымыз бүкіл қазақты қандай жолмен мәңгі ел, түгелдей ұжданды қылуға Құдаймен шарт жасасқандай, біздер үшін түсініксіз мүлде.
Мәңгілік елдің діңгегі діні болуы да керек. Бірақ біздердің дін басшыларымыз, хазірет имамдар, философтарымыз ұжданды меңгеру құлшылығы түгіл қарапайым тұрғыда жан, рух, рұх, рұқ, ұрық және иман мен сенімнің ерекшелігі мен өлшемін мүлде білмейтіндері де хақ. Олай болса елімізде азаматтық ғылым мектебі мүлде қаланбаған, мәңгілік ел философиясы да ойдан шығарылған деп түсінген дұрыс. Әрине мұндай жағдайда ел басшымыздың кез келген елдің, ой жорумен дүниемен байланған саясатының ықпалында кетуі де заңдылық.
Дін тұрғысында әрбір заманға сай сенім мен иманның бірлігінен белгілі бір нанымның дін білімнің қалыптасып отыруы және оған қарсы ібілістік білімнің де жетіліп отыруы заңдылық. Сондықтанда сенімділік тұрғысындағы білімді тазартушы, замандық білімге өркениетке ібілістік қарсылық күштерге қарсы тұруға, дінсіз таза ақылдан, шындықтан қуат алатын, елшілік істерді жалғастыра білетін, әрбір заманның өз әулиелерін, ғұлама даналарын дайындап отыру құдайдың жол-жобасы екені де хақ. Бұл жолға алдымен қазақ елінің философтары, дін басшылары, ел билеуші, ақын, жазушы үлкендері түсіп үлгісін жастарға көрсете білуі де керек.
Енді қарапайым тұрғыда әрбір мәңгілік елдің тұрғындары меңгеруге тиісті сенім мен иманның ерекшелігі мен қызметін түсіндірсек; Бүгінгі заманның жетістігі жер бетінде жол тауып белгілі бағыттағы межеге адаспай жету үшін «навигатор», жол көрсетуші құрылғыны пайдаланамыз. Енді бұл аспаптың жыл сайын картасы қайта жасалып, жаңадан жолдардың, ғимараттардың, қалалардың құрылысын, өзгерісін қамтып, қайта жоспарланып отыруы да шартты. Болмаса адасумен немесе бағыттан бұрылып басқа жолға өзге ғимараттарға кіріп кету қаупі де зор. Енді бұл жүйенің екі түрлі басқару тетігі бірі картасы болып, жер бетіндегі сенімнің білімі болса, оның көктен «спутниктер» арқылы жоғарыдан басқарылатын «курсор», жол бағытын көрсетуші серігі бар. Және дыбыспен де алдағы кедергілерді бұрылыстарды ескертіп отырады.
Иман дегеніміздің өзі осындай әрбір пендесіне жер бетіндегі сенім картасына байланысты жол көрсетуші жұлдыздардан сәуле болып саналады. Тек қана сенімділік білімде адамзаттың рухани өмірінде бұл күрделі көмес, метафизикалық тұрғыда; тағдырына, амалына, ұлтына, руына, меңгерген біліміне, өнеріне, атқаратын қызмет дәрежесіне байланысты да сенім картасының да ерекшелігі болады. Ол картасының негізі де үнемі екі аралық қуаттардың көбейіп артуымен, ібілістің де түрлі адамзатты азғындыққа түсіретін сарайларын салуымен және әлемнің көкжиегінің кеңуімен байланысты исламның сенім білімнің аясы да кеңіп, өзгеріп түрлі жолдан тосушы, адастырушы қарсылықтары да көбейіп отыруы хақ. Мұндай жағдайда мыңдаған жыл бұрынғы сенімнің картасын жаңғыртқан масһабты немесе жүз жыл бұрынғы кез келген дін ұстанымын, білімін сол қалпында Раббымызға қауыштыратын жол картасы қылып алғанмен, оған бүгінгі күнгі жарық қуаты болған, иманның жалғанып жол көрсетуші бола алмайтынын да білген жөн. Себебі онан бері жаннаттың да сарайларын көбейткен, оларға баратын даналық пен ғылымның іздерін салған және ол іздерде де түрлі қарсылыққа, жалғандыққа бағыттаушы белгілердің пайда болғаны да сөзсіз. Әлемнің жаратылысы үнемі өзгерісте кеңіп, көбейіп отыратынын да ескерген жөн.
Олай болса, қазақтың дәстүрімен шариғатты меңгеріп барып, тарихтың талай шырғалаңына түскен ата-баба аруағының жадымен жалғанудың әрбір пендесіне Құдайдан ғана жол-жоба алып, құпия түрде сол сызбамен (картамен) белгілі межеге жетумен, ұлтымызға және адамзатқа ортақ ғылымның ақ бастауына жалғанумен ғана үлкен сара жолға яғни мағрипат тұрғысындағы тура жолға құдайдың өзінің сызған метафизикалық, жарықтар жүйесіне жалғанамыз. Оған дейінде біз мың жылдар өткен масһабтық картаны ғана емес, кешегі жүз жыл бұрынғы біздің бабаларымыз меңгерген картаның сызбасына, кітабына жалғануымыз да шартты екені хақ. Ал мұндай екі аралық жіпті үзіп, тек масһабпен ғана құдайлық жүйені меңгеру керек дегенмен, ұлттық тұрғыда, жер отанмен байланысты жанның қалауы да болып, екі аралық жүйені тегін меңгеруді Раббымыздың хикметіне жолығуды іздеп, оны таба алмағанда кез келген сыртқы қаралық күштердің ықпалында кетуі де заңдылық.
Енді қазіргі таңда қазақ еліндегі болып жатқан рухани дағдарысқа жастарды кіналап, шалыс басқандарын аяусыз жазалап, әділеттілік орнаттық дегенмен, оған негізгі себепші әке-шеше, қоғам, орта, ел билеудің саясаты және оны қолдаушы үлкендер, зиялы қауым және ел басшымыздың ұстанған ел биліктің дінсіз, құдайсыз саясаты екенін де ұмытпаған жөн. Сондықтан да мұның түйінін шеше алмағандықтан, қысқа жіптің күрмеуге келмейтіні сияқты, дін жібімізді Алланың шашынан, иіріп берген жібінен, сызып берген жол–жобасы иманы мен сенім картасынан ажыратып үзіп алғандықтан, қазақ елінде Құдайдың азабымен түсіріп жатқан апаттары еселеп арта береді, демек экономикалық дағдарыс та тереңдеп, әлем алдында қарызға да белшемізден бата беруіміз хақ.
Мұнан ел басымыздың нұрлы жолы да, ұлт жобасы, жүз қадамы, жерді сатып байлық табуы да т.б. дүние табуға ғана негізделгені да алып шыға алмайтыны да хақ. Ашық дәлелдердің де көрініс беріп жатқаны сөзсіз. Бұл жағдайдан жалпы халық болып жұмылып, жер отанымызды, көк пен жер арасын тазартумен, жеке-жеке дінсіз таза ақылға жалғанып, дінімізді тазартумен байланысты; жандық, рұқтық қуаттарды меңгеріп, көбейтіп әлемдік уақыт жүйесіне қуат қосумен ғана жер анамыздың рұқының ризашылығына бөленумен, құдайдан көктен түсіріп жерден өндіретін несібесін арттыруға, өмір сүруге, дүние тіршілігіне қолайлы ауа-райын қалыптастырумен ғана бейбітшілік өмірге аяқ басамыз.
Ал енді рухани жағдайымызды жетілдіреміз деп үгітпен, насихатпен барлық қазақты намазға жығып масһабты ғана ұстаныңдар деп мешіттерге қамап қойғанмен, қара күш әскерлеріне ешқандай тосқауыл да бола алмайды. Құдайдың түсіріп жатқан апаттарын тоқтатып, елге тыныштық әпермек түгіл, бір нөсер жаңбырды немесе борасын қарды діншілердің барлығы жабылып дұға жасап құдайдан нығметін сұрап ала да алмайды. Қазақтың егемен болдық деген 25-жылдық тәжірибесінде мұндай бірде-бір хикметті жағдай болған жоқ, енді масһаб, тарихатшы, салафиттер тұрғысынан болуы да мүмкін емес. Себебі олардың Раббысының хикметіне, жаратушы нығметіне жолығулары дүние байлықпен немесе ертегіге айналдырып алып, өлгеннен кейінгі екі аралық тарихи мезгілді уақытты, аруақтарын меңгермей аттап өтіп, тікелей жаннатқа ене салу деген жалғандық екені де есті пендеге түсінікті екені сөзсіз.
Мұнан қазақ дәстүрімен, көмес жағдайда мал-жанымен соғысумен ғана болашақта әлемге үлгі салатын ел боламыз. Бірақ қазақ дәстүрінің сопылық үлгісінің, ата жолының бедел алуына, халық арасына кең өріс алып, зерттеліп, қателіктерін сынап, түзеп, өркендеуіне кедергіні қоюға ел басшыларымыз өздері басында жүретіндері де жалған емес. Себебі осы уақытқа дейінгі қалыптастырған жалған әулиелік, даналықтарын заңның күшімен қорғап, бағып, дүние қызығымен алдап, әлемдік тұңғиықтың шеңберінен шығармауға тырысып бағады. Бұған білімді, зиялы, өнерлі аталған кітапта жазылғанға ғана сеніп, ал ата-бабалар жадына, жобасына жалғанып, жұлдыздардан, иманнан хабар алуға қарсы, еліміздің барлық дің ақпараттық жүйемен ақын, жазушы, тілші, дінші, философ, ғалым, дәрігер деген топтықтар да жанталасып бағатыны да хақ. Қазірдің өзінде кітап арқалаған есектердің дінде ақыл айтып, жалаңбас, жалаңаш жете, сана, бой өрісін жетілдірмей-ақ, бес жалғандықпен меңгерген білімдерін таза ақылға балап, ғұлама, сопы аталып елді соңынан ертуге жанталастың басталып кеткені де белгілі.
Бірақта құдайдың хақиқатты ашықтауы, жерге жұлдыздардан түсетін «бізі»-мен, жерден шығатын нұры да ай сайын күшейе берумен, халықтың арасында рухани оянатындар да арта бермек. Көз іліктілер, (аян, уахи алатындар) көбейе береді, ата жол білімін де түсініп оқитындар жан, рұқының жағдайын ажыратып жетеліктің қалыптасуы да бұқара халық арасында бой көтереді. Мұндай жағдай 3 жыл бойы жалғасты түрде жетілумен, 2019 жылдары орта деңгейге жетіп, бүгінгі күнгі ел биліктің саясатын ашық сынап, жаппай халық арасында наразылық басталады.
Сонымен бірге бүгінгі таңда аз болса да өз білімін жетілдіріп, ата-баба жадына жалғанып, сенім картасының жобасын сыза алғандар, көз қырағылар да жетістікке жетіп, рухани тұрғыда қазақ әулиелігінің үлгісі де танымал бола бастайды. Халықтың арасында түрлі сынақтардың, апаттардың әсерінен бүгінгі таңдағы жер дауы, бүлікшілердің бас көтеруі сияқты аяқ астынан рухани дүрбелеңге түсуі де жиілей береді. Ата жолын, дәстүрін аз да болса ұстанып, азғырудан аман жүрген пенделерге құдайдың ерекше хикметтерінің түсіп, білінумен; «Жерден жеті қоян тапқандай» қуанышты ерекше жағдайға тап болатындар, яғни бес парыздан жоғары тұрған жетінің жетістігіне ілінетіндер саны да арта береді.
Қанша тиым салып қудалағанмен, ібілістің ұрпақтарының азғыруынан аман қалған аз ғана ата жолында тақуалығын бұзбай, көмес-метафизикалық жағдайда (аян, түс көру арқылы) мал-жанымен соғысып жүрген ұл-қыздырымыздың, үлкендеріміздің де тілегі, зияраттары қабыл болып, көнекөз қариялардың рұқтарының жаппай оянуы басталып, қазақ елінде, бұқара халық арасында қазіргі таңдағы масһабшы, тарихатшы, ғалым діншілерге ашық наразылықтардың бұқара халықтың арасынан бой көтеріп, ал аруаққа қарсы болуға азғырғандарды қудалау, айыптау сияқты қозғалыс басталады.... (жалғасы бар. Маусым айы 2016 жыл)