Құран аяттары мен пайғамбарымыздың астары терең қасиетті хадистерін жалпы халықты былай қойғанда, арап тілін жетік білетін мамандардың өзі жігін ажыратып, пәтуа (шешім) шығаратын адам алдында мыңдаған хадистерді саралап, барлық Құран аяттарына мұқият көз жүгіртіп шығуы тиіс. Мұнымен қоса сол мәселедегі өз сахабаларының (әулие-әмбилердің) айтқан сөздері мен берген пәтуаларын (бәйіттерін) әрі кейінгі келген ғұламалар (Ясауи, Әл-Фараби, Абай, Шәкәрім т.б.) көзқарастарын білуі қажет. Бұларды кез келген қарапайым адам ара жігін ажыратып шариғи (дәстүрлік) үкім шығара алмайды. (Әбсаттар Дербісалы пәтуасынан).
Енді пайғамбарымыздан; «Расында сендер өздеріңнен алдыңғылардың (ата-бабаларыңның) әдет-ғұрпына сүйем бе сүйем бе, кез бе кез (қалай орындаса дәл солай) ілесіңдер»-деді (1378, 3456 хадис). Тіптен бұрынғы аталары яһуди немесе христиан болса да тұрмыстық ерекшелігін сақтауды бұйырған. Ал әдет-ғұрып болса; «Ғаламның барлық ғажайыптарын тану қажеттілігінен, өмір мен өлім мәселесінен, тосыннан келетін қасіреттер мен жамандықтардан сақтану мен өзін қоршаған табиғат анаға деген мұқтаждықтар мен өлген ата-баба рұхын қастерлеуден және құдайдың көрсеткен құдіреттеріне бағыну шараларынан әр халықтың өзіне тән наным сенімі мен ұрпақ өндіру, ден саулықты сақтау тәсілдерінен туындайды… ..Ел мен жер аспан арасындағы тұтастықты бұзып, іс-әрекеттердің бұзылуы әр түрлі елдерге еліктеуден және ар таразысынан өткізбей алынған өзге жұрттың әдеттері мен тіпті озық технологиялық, шаруашылық ықпалдары, сол өмір сүріп отырған аспан мәдениеті мен жер өңдеу өркениетіне әсерін тигізіп және жаратылыстағы көрінбейтін жаратылыс егелерінің қақтығысын туғызып, бұл күштер бір-біріне соқтығысып, сонымен қатар олардың салдары сол жерде өмір сүріп отырған елдің, ұлттың қайғы-қасіретіне әкеліп соқтырады.
Жаратушыдан тарих деген шежіреге берілген дін заңы - әрбір тұрғынның Ар заңы. Арың – адалдап жиған иманыңның шамасы болса, Уақ – нәсілдік, тілдік сыртқы көрініс, дүниеде барың. Тағдырыңның уақыты; мезет, мінез көрсеткіші. Кезінде «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұран «Зәкүн» шығып талай жоспарды орындау мақсатында талай Мырқымбайлардың сауын сиырымен қоса соттаған «зәкүншіл» қазақтар тіптен орысқа жағамын деп «Өзің комсомолсың, неге талқан жейсің?» деп талай «Мырқымбайларды» атып та тастаған екен. Сондай «зәкүнді» орындау үшін «Әкесін де талға байлап сабайтын» қазақтар өмір сүріп жатыр арамызда десе сенбес едіңіз.,,, ….Болды, бітті, заң шықты. Мырқымбай қазақ енді аруағыңмен қоса өзің сотталдың. Араптар алдында үкіметті ұятқа қалдырдың! Енді келесі кезек «мошенниктер» әулие басындағы шырақшылар болар. Оған дәлел Қарасай аудандық сотының шешімі. «О запрещении деятельности движении «Аля-Аят» и «Ата жол» «Пропагандистское и распространение деятельности движения «Ата жол (Ак жол) способствует выпуску в Казакстане одноименного журнала «Ата жолы» поставленного на учет Министерством культуры информации РК (свидетельство № 6305ж). Вместе с тем, ущерб здоровью граждан в значительной степени наносит и пропаганда вышеуказанной движении их последователями, имеющими лицензии или удостоверения на право занятия народной медициной (целительством). Данный факт свидетельствует о негативной сущности запрещенных судами движении «Ала-Аят» и «Ата жол» (Ақ жол), а также об исключении участия граждан в их деятельности и предусмотренной законом ответственности» Заман жаршысы №14 (7818) 4 сәуір 2009 ж. «Негативной» қазақша «қара бұлтты» өз басына бала-шағаларынан аулақ, тағы көпке топырақ шашып Ғиса пайғамбарға түскен, Дәуіт, Сүлеймен пайғамбарлар көрсеткен, Мұса пайғамбар мен Мұхамбет пайғамбарларымыздың көрсетіп, өсиет қылып қалдырған ізгі істер «хаж» амалдарын былай қойғанда құран аятына қарсы, әлемдегі тура жолды орындаған әулие -әмбилерімізбен бірге Ясауи бабамыздың еңбегімен қосып, ісін де соттап үкім шығарып қойыпты. Тіптен дін тарихы тек араптар үшін ғана жазылып, діннің даму өркендеу заңдылығы, жан ғылымы болмау керек. Жаңа қазақтардың европалық пәлсапалық ұстанымы; Тек сыртыңды түзеп, әлемді өзіңе қаратуға тиіссің. Сондай мақтаншақ «жынды» елдерге Құранда; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына (тек дүниемен өлшеп адасқандарға ерекше құбылыстармен, белгілермен) әмір етеміз. Сонда олар оған (Алла жолында мал жұмсауға, аят үкімдерін орындауға) қарсы келеді. Сондықтан оларға (дінге, түсірген хикметке қарсы болушыларға) деген сөз ( аят, уақи, бата) шындыққа айналады. (Ауру, азап, сынақ, апаттар)» (Ісра-16) деген Құран үкімінен хабар бере отырып; «Ата жолыңды» соттағаның өзің нәр алатын тамырыңды «хажды» кесіп, ұрпағыңның, әулетіңнің құдайдың қарғысына ұшырағаны деп, ал «Ақ жолыңды» соттағаның Құдайдың құдіретіне, аяттарға, ашық дәлелдерге күмән келтіріп, өзіңді, ұрпағыңды, болашақ әулетіңе қарғысты сынақтардың келіп түсуі – діннің негізгі қағидасы….. Есеп күнінің ашық дәлелі болып; Ата жолы «Ақ жол» болып қазақтың тағдыры өткен тарихқа жалғанып, өліктер сөйлеп жатыр!
Алла бір істің болуын қаласа тек «Бол» дейді! «Бол» қазақтың ғана емес, әлемдер дінінің іздеген болашақтың бағдары болып, негізі батамен қаланып жатыр. Ғиса пайғамбар көктен түсті, қазақ жеріне! Оған қасиетті Құран аяттары атымен ант етуге болады! Тек Құранды әулие бабаларымыз қалай оқығанын ұмытып қалғанбыз. Құран түсінігі, насихаты шексіз, үнемі заманына қарай өзгеріске де ұшырап отырады. Мың жылдың арғы жағындағы түсінікті үгітке айналдырып, жаттап алып, ортадағы даму заңдылығын дін тарихын алып тастап, надандық дәуірлерге қайта жалғау – рұхтың дамуын тежеу және дамушы Ұрыққа (жан заңдылығы) жасалған үлкен қастандық.
Бұл өмір діндарлар түсіндіргендей «Жалған-өтірік» емес. Тағдырыңды өткен тарихыңа жалға да, бабалар салған ізбен көкке болашағыңа жалған! Ол үшін ата-анаңның батасын, ақылын ал! Батамен ғана ел көгерер, Құрметті заңгерлер мен Алланың кеңшілігінен аян мен түстен мақұрым қалған дінді арапша танытушылар;
Біріншіден; Халық алдында ат төбеліндей ғана заңгерлер мен діндарлар, астарыңдағы тағың да, қолдарыңдағы дүниелерің мен бала-шағаңның азығы да, сол жылқы түгіндей сіздердің «діни сауатсыз» деп атайтын қара халықтың дәстүрін, ұрығын сақтауға тырысып азғырған шет жұрттың алдауына көнбей, бәрібір сал-дәстүрін сақтауға тырысып, зияраттап Алла алдынан тілеп алып, тапқан несібелерінен тамған маңдайының тері мен қолдарының кірі екенін ұмытпаған абзал.
Екіншіден; сол қара халықтың ғасырлар бойы ішіп келе жатқан құдығына түкіргендерің үшін ғана жүз мыңдаған қарсылық қол жинап, әлемнің діндері алдында ар сотына тарта алатын, ежелден аруағын қорлатпайтын, өліспей беріспейтін «Малым жанымның садақасы, жаным арымның садақасы» деген салты бар және сіздер ойлағандай шетінен діни сауатсыз емес екенін естеріңізге салған жөн болар! «Уәли дегенді халықтың ішінен ізде!» -деп ескерткен пайғамбарымыз. Көп қорқытып қана қоймайды, терең де батыра алады…. Себебі аятта; «Әй мүміндер! Кітап берілгендердің бір бөліміне (тек Меккелік араптарға) бой ұсынсаңдар, сендерді иман келтіргеннен кейін қарсылыққа қайтарады. (Діннің басталу негізіне кері қайту)» (3-100). «Сендерге Алланың аяттары оқылуда (Бата, аян, түс), әрі іштеріңде (өз елдеріңнің, өзіңнің ішінде, дәстүріңде) Алланың елшісі бола тұра қалайша қарсы келесіңдер?( Ясауи баба дін ұстанымы) Және кім Аллаға жабысса (аян, уақи, бата алу), сонда ол тура жолға түсірілді.» (3-101).
Бұл біздің мемлекет басқарып жүрген азаматтарымыздың діннен мақұрым екендігімен, мешіттерді, дінді басқарып отырған азаматтардың ашық түсірілген дәлелдерді мойындамай түс көруден тыйылып, Алланың беретін аянынан - жіптен ажырап, «Ала жіпті аттап», «Ат аттап, сүйек сындырып» дінді қысқартып мемлекеттік дәрежедегі «Секта (Ат кесу)» -ге айналып, дінді бөлшектеу көрінісі деп түсінеді халық. «Тарихыңа тас емес, құм ғана шашсаң, болашағың саған тас ататынын» ұмытпайық ағайын!… Тағы «жаным арымның садақасы» деп аруағына тигенді «арыма, намысыма тиді» деп көп болып түкіріп қарғап, сол көлге тұншықтыра да білетін әдетіміз тағы бар. Көптің тілегі – көл де болар, қарғаса айықпас дерт – шөл де болар; «Ештен кеш жақсы», қазақ қана емес әлем алдында масқараға ұшырамай тұрып қателіктеріңізді түзеп, құдайға жалбарынып, аруақтардан кешірім сұрағандарыңыз абзал болар!
Дінді қысқартушы «арапшыл» мен құран аяттарына қарсы заңды ойлап табушы «заңшылдар мен ойшылдар»! Қолдан жасаған заңыңмен дәстүрлі дініңді күзеп, қаныңа тартпаған топтың мүддесін түзеп, Құдайдың қарғысына, халықтың наразылығы мен аруақтың назына қалғанша, сөз түзелсе қаның да, дінің де түзеліп, елдің де, заңның да қорғаны, ғылым мен шабыттың да бұлағына айналатынын түсіндірейік халыққа.
«Жаңбырменен жер, батаменен ғана ел көгерер» . Ел қадірі мен (аруақ), сөз қадірін (астарлы құпия сөз) сіздер білмегенмен, сөз аңдыған қуанып отырған сырттан жау бар екенін ескеріп және қазақтың болашағы, батаменен өсіп келе жатқан Абай, Шәкәрімдер алдында осы қателіктердің тарих таразысы болатынын ұмытпайық ағайын! Қазақ халқы ғана емес, әлем жұрты алдында киелі кітаптардың атымен ант етемін! Ақиқаттың әлемдер алдында айқындалып, бабалар еңбегінің әлем білмеген ғылыми құпиясын жариялайтын, асыл шапандарын торқалап қайта жабатын уақыт жақындап қалды. Болашақта сол ақиқатқа тура қарай алатындай лайық болайық! Даулассақ та жауласпайық, атқа мінген, таққа мінген ағайындар!
Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Қарасай ауданы Алғабас ауылы Бейбітшілік №6. 2009 жыл Сәуір айы.