Қияметтік мезгілінің негізгі 10 түрлі белгісін Мұхаммед пайғамбарымыз ашық ескертіп өткені дін шариғаттан хабары бар кез келген пендеге мәлім жағдай. Қияметтік мезгілдің басталу белгісі болып; «Қияметпен мен бірге жіберілдім» деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын қимылдатып көрсеткені жайында деректер бар. Олай болса сұқ саусақ-жол бағыт сілтеуші, ортаншы саусақ әрбір пенденің тағдырлық жобасымен байланысты. Мұхаммед пайғамбарымыздың құранға куәлік болып, адамзаттың және исламдық дін ұстанымда құранды теріске алып, діннің азғындап, бүлік басталғанда құранның хақиқаты болып, пайғамбарымыздың мәңгілік екі аралық дәнекер тұрғысындағы тылсымнан беретін уахи хабарын, яғни елшілік істерін жалғастыратын топтың пайда болуымен және түрлі хикметті белгілердің басталуымен белгілі болмақ.
Аятта; «Құранның мүлде шын екендігі айқындалғанға дейін әлемдегі және өздеріңдегі белгілерімізді жедел көрсетеміз. Расында Раббыңның әр нәрсеге куә екендігі саған жеткілікті емес пе? (53) Абайлаңдар! Расында олар Раббыларына жолығудан күдіктенуде. Көңіл бөліңдер. Әрине Алла әр нәрсені толық меңгеруші» (41-54). Алланың барлық жаратылысты толық меңгеруші, басқарушылық «Бір» сипаты Раббымыз болып, барлық нәрсенің Раббысы - киесі, аспан мүлкімен және жер ана рұқымен, жердегі Алланың сүйікті құлдары болған әулие-әмбилердің жерленген киелі орындары-ойпаттарымен біртұтас жандық тұрғыда ғылымымен, кереметімен жалғанып тұруын білдіреді. Ал әлемдік мұндай белгілермен жалғаушы әр ұлттың әулие-әмбилері, рұқтық жүйесі, жобасы болып оның әр пендеде аруақтық аманаты тәнде де жеті белгісі (чакра) міндетті болады.
Қазақ елінде Раббымыздың барлық негізгі белгілері түскен, ақиретпен кез келген пендеге тікелей байланысқа түсуге мүмкіндік ашылған және адамзаттың ақпараттық тұрғыда келесі дамушы кезеңге өтуге, жол-жабасын алып пайғамбарымыздың шапағатына жалғануға, құдай патшалығына енуге ашық есік ашылғаны да хақ. Бірақ кезінде кеңестік саясатпен тәрбиеленіп, егемендік алғаннан кейін әлемнің бар салтын, білімін меңгерумен, олардың дамыған өнеркәсіптік, шаруашылық жүйесін меңгеруді бірінші орынға қойып әдеттенген ел билеуші, зиялы атты қауымдар өкілі ұлтымыздың әлеуметтік рухани жағдайын мүлде ұмытып, әлеуметтілікті тұрмыстық деп түсінуге елді де мәжбүрлеп, халықтың жаппай ұятсыздық, арсыздықтың батпағына батуына жол ашып, ақылымыздың шектеліп, сана түгіл ел басқарушыларда жетесінің де қалмағанын аңғарудан қалдық.
Сондықтан ібілістің жобасына түгелдей жалғанған ел билеуші мен зиялы қауымның ата жолының қаншама қудаланып сотталса да аз ғана тобының құдай патшалығына жалғанып, елімізге келетін сынақтарды алдын-ала хабарлап, сақтануды ескерткенімізбен, мұны ұғатын ел басшымыз да, ел билеушілер де, ғалымдар да табылмай жатқаны хақ. Қазіргі таңда әлеуметтік тұрғыда; жындылық пен шайтандыққа негізделген ел билеушілеріміздің саясатымен өнеркәсіпті, шаруашылықты дамыту арқылы дүние байлығын арттырумен, халықтың бәрін жеңіл тұрмыспен, дүниемен қамтамасыз ету арқылы ғана бақытты қоғам құрып, арманымызға жетеміз дегенмен, айдан-айға халықтың рухани тұрғыда қайғы-қасіретпен, тосыннан келетін өлімдермен, апаттармен азапталып жатқанына назар аудармауды, ақпараттық жүйеден тек дүниенің бүгінгі қызығы мен ертеңгі күннің кереметтігін ойлауды дәріптеуден жалығар емес.
Ал ұлтымыздың біртұтас халқымыздың ертеңі, бүгінгі күнгі рухани жағдайымызбен ұяттылық, арлылық, адамдығымызға ғана тәуелді болатынын жан, рұқ, өмір қуаттары дегенді көбейтумен, әлемдік біртұтас тылсымдық жүйеге қуат қоса білумен ғана болашағымыз, ұрпақтық тегіміз тұрақты мәңгі болуын әулие атаған ел басшымыздың да хабары жоқ екендігіне, дәлелді өз аузынан да күнде естуге болады. Былтырғы жылы жарты жыл бұрын су апаты, от апаты және теңгенің құнсызданып, егіннің қардың, жауынның астында қалуымен, мемлекетіміздің ортақ қазанының ортаятынын, оған алдын ала қам жасауды ескерткенмен, ел басшымыздың өзі мұнан заңның күшімен, жинаған алатын қазынаның көптігімен, халықтың түк те қиындыққа түсірмейтінін, теңгені құнсыздандыруға жол бермейтініне ашық уәде беріп сендіргенімен ақырында бәрі керісінше, құдайдың дегені болды.
Адамдықтан алшақтап, жындылық-мастыққа түскен қауымның өткендегі ата-бабаларымыздың кереметтігімен мақтанып және болашақта солар сияқты керемет болуымен ғана өмір сүріп, бүгінгі жағдайына баға беруге шынымен ақыл, даналық, ар тұрғысында ұқсай алдық па деп ойлануға да ақылы жетпейді. Яғни болашақты көріпкелдікпен болжауға жолы жабылады да түрлі армандарды, ой жорыған қойылымдарды әдетке айналдырады, сонымен жаны күйіп, түрлі дүниелік кереметтерге сеніп «жанкүйерлікпен» ауырады. Осындай ауру қалса да әдет қалмайды дегендей, қойылым «спектакльдердің» бірі алдағы парламенттік сайлау арқылы, партия топтарын көбейтіп, өзара қырылысып қана әділетті заңдар шығарып, құдайдың мұндай ашық хикметті белгілеріне тосқауыл қойып, мол қазына байлық жинаудың көзін тауып, мәңгілік ел болудың қиялы тағы да халықты біраз уақытқа тербетіп, жұбатып, армандап жата тұруға, рухани ұйықтатуға да себеп болатыны да хақ.
Ел басшымыздың халықтың рухани жағдайымен байланысты ақыл-ойы да негізделіп, дүниеден басқаны ойлауға да мүмкіндігі жоқ екені сөзсіз. Себебі халықтың өкілі зиялы, білімді, дінші қауымның да саясаты арқылы да әлемдік тұрғыда түнектік «Армагеддондық, яғни «Дажалдық» тұрғыдағы ібілістің жобасын орындауға, оның ұрпақтарына айналып алғаны да, бүкіл ақпараттық жүйелерден таратылып жатқан хабарлар мен дүниелік мақтан, ойын-сауықтардың көрінісінен, қияметтік жағдайдың пайғамбарымыз ескерткен арсыздықтың, жындылықтың барлық белгілерін табуға болатынына да дәлел болады.
Қазіргі таңда қандайда бір адамдықты, жетелік, саналықты қалыптастыруға негізделген істердің тек қана армен, ұятпен ғана дәстүр болып аталатын жоғарғы ел басшымыздың өзі де білмейді, егер білсе ата заңымызда бұл ескерілер еді. Сондықтан қысқарта айтқанда ата-жолы, ата дәстүрін қалайда бүгінгі таңдағы әлемдік салттың ішінде жоғалып кетуге, ақылмен қабылдауға арналған сөз ұғымдарын мүлде керісінше түсініп, дүниелік істерге байлауға күш жүгерін аямай жұмсауға, барлық ақпараттық жүйені қызметке қойып қалайда құдайдың патшалығының қазақ елінен басталып, әлемге үлгі болуына ашық тосқауыл қойып жатқан ел басшыларына қияметтік белгі болып, қандай сынақ түседі деп сұраңыз.
Осыдан үш жыл бұрын ел басымызға қазақ дәстүрін қолға алмаса; өкпеден атылып өлетінін аруақтары да аянмен ескерткен еді. Сонан аз да болса да білім тұрғысында ата-бабамыздың тарихын зерттеуге қолдау беріп, ал өлілердің ризалығын алу ғұрпымызды ойын-сауық қойылымға айналдырып, ата жолын соттаған заңның күшін жойып, секта деп қудалануына жол бергеніне халықтан, ата-баба аруағынан кешірім сұрау түгіл, бұл ісін әрі жалғастырмақ ниетінен қайту ойында жоқ екені белгілі болды. Мен Раббымыздың бұл жағдайдың енді қандай сынақтарды туындатады деп сауал қойғанымда; «Үш жүзден шыққан киелі аруақтардың назасын келтіреді бүкіл ел билеуші зиялы атты қауымға. Өзінің жеке басында мойнымен байланған аруақтарынан үзілу қаупі тұр» деген жауап келді тылсымнан.
Ел басымыздың әке-шешесінің Райымбек батырдың зияратының басынан құдайдан тілеу тілеп, өмірге келген рұқының Райымбек батыр аруағымен жалғанып тұруы да хақ. Демек бұл жіптің үзілуінен, күзетшілік «арыстан» киесінен айырылып, шайтанның шабуылына ұшырап, мінезі жіңішкеріп; Абай атамыздың «Етекбасты еркекті көп көрдім» деген сипатына ұшырайтыны да хақ. Олай болса, әлемдік түнек күштерінің ықпалы да қазақ елінің саясатында берік орын ала беруі де жалғаса бермек. Ал енді ел билеушілер «ішті, жеді, бар байлықты сатты, шет елдіктер егеленіп мұнан қазақ құриды..» деп байбаламдап жүргендер, саясатшыларымыз керісінше ібілістің ұрпағы болып, мұндай рухани қасіретке, құдайдың ашық белгілеріне ел билеушілерінің мойнын бұрғызбай, тек қана дүние ісімен, заңмен шұғылдануына байлап берушілер болып табылатынын да жетелік ақылмен пайымдап көріңіздер.