Жақсылық пен жамандықты жаратқан Құдай. Жаман қылған Құдай емес. Ал сонда жақсы болудың Құдайға керегі болмас деген надандық. Енді жақсының бәрін Құдай қылды десек, онда әділетсіздік пайда болады. Себебі бүгінгі заманның қазақтың жақсылары құдайын танымайды, барлығының сипатын меңгеруді де білмейді де, тіптен молдалар да. Ел билеуші, білімді қауымдар жақсылары, ел байлары өзара партияға, ұжымдарға бөлініп алып өздерін Құдайдай қылуға яғни жұртты құдайсыз, дінсіз, ар-ұятсыз жақсы қылуға құштар. Демек жалпы бүгінгі таңда қазақтың тұрмысында құдайшылдық жоқ.
Бұған негізгі дәлеліміз; Ел билеушілеріміздің дінсіз, құдайсыз саясат ұстанып, өздерінің бұндай жақсы қасиетін, құдайшылдығын зайырлық деп атайды. Бірақ бұл Құдайға ашық жала қоюмен құдайдың барлығын бүркемелеу ғана. Сондықтан көп құдайшылық, көп тәңіршілдік қазақ елінің салты болып алғаны хақ. Қазақтың көп білімдісі орыстан бөлек тұрып, ныспыңды қазақшаласаң текті, жақсы боласың, тәңірге осы әрекетпен жағасың, қуатына жалғанасың деген пәтуаны беріп, өздерін құдайға айналдырып алғанды. Бірақ онан рұқтары қуаттанып, жаны көбейіп, өмірлері аяқ астынан жақсарып, бақытты болып кеткен пендені өз басым көре алмадым.
Әкемнің, атамның есімім өзіме ат қылып тіркеп, желтоқсанда орыстарды сабап, Жаңөзенде халықтың мүлкін қиратып, халықтың бірлігін құдайшылдықты көксегендірді «орысқұл, арапқұл» деп мұқатып, өзін жоғарлатып, сонан Құдай қалап бақытты болдым деген кімдер бар? Керісінше олардың тағдырына лағнет жазамын, тозаққа салып азап беремін деген құдайдан ашық хабар келді де. Сондықтан мұндай көп тәңірлік тәсілдермен жақсы болудың артында Құдайдың қарғысы да тұрғаны сөзсіз. Мұны өздері де түсініп тәубесіне келу үшінде талай ондаған жылдар керек болар. «Елу жылда ел жаңа» дегенде осындайдан болар.
Жалпы Құдайдың барлығы, растығы құдайшыл әр пенденің бойынан, іс-әрекетінен білінуі керек. Адамзаттың құдайшылдығы қандай дінде, ұлт және біздің ел билеушілеріміз сияқты «зайырлы мемлекет» саясатын ұстансын мейлі, бірақ арсыздықты қолдауға емес, адамдық зайырлық қасиетті сақтауға негізделу керек. Жалпы адамзатқа жеті жамандық, жеті жақсылық болып тағдырында жаратылыстан жазу болып беріледі екен. Сонымен әрбір пенденің құдайшыл болуына жүрегін қатайтатын қарсылықтар; 1. Жауыздық; 2. Жарға бағынбаушылық; 3.Жасықтық; 4.Жеке көздік; 5. Жақсыдан жирену; 6. Жабырқаушылық; 7. Жүптеу-жасқаншақтық белгілері болмақ.
Енді ел билеушілеріміз бен білімді қауымның ұстанған саясатынан; Жарға бағынбаушылық; Жеке көздік; Жақсыдан жирену (ар-ұяттылық сақтау); Жүптеу-жасқаншақтық яғни әлемнің ұстанған дүниелік, арсыздық саясатына қарсы болудан жасқану. Ал «зайырлы мемлекет», ныспыңды қазақшалап текті болу, орыс ұлтын жек көргізу, желтоқсан, жаңаөзен сияқты көзқарастар; Жеке көздік жүрекке қарсылық салып қатайтатын, жақсылықтарды меңгеруге кедергі құдайсыздыққа жатады.
Сол сияқты ел билігінің «Нұрлы отан, нұрлы жер, нұрлы жол, мәңгілік ел, үш тілмен ғылымды болу т.б.» саяси бағыт-бағдарлары да құдайдың жол-жобасын алу арқылы емес, ой жорыған жеке көздіктен туындағаны да сөзсіз. Ал «гендірлік теңдік» деген салтпен зайырлық мүлде қарама-қарсы ұғым болып, мұны екіжүзділіктен де төмен тұрған сайқал саясат, жүректен мейірімді шығарып тасқа айналдыруға негізделген деп атауға әбден болады. Енді дін муфтиятымыздың ғалымдары, еліміздегі барлық саладағы діншілеріміздің пайғамбарлық мінезді дәріптеуші яғни үлгісін көрсетуші құдайшыл болып аталуы да заңды. Себебі олар тура жолда құдайдың жолына жалғанғанбыз деп халықты да сендіруден жалықпайды.
Олай болса құдайшылдықтың адамзатқа нәсіліне, кәсібіне, ұлтына, ұстанған дін ерекшелік тобына да қарамай ортақ ұстанымы болуға тиісті және мұны інжілде құдай патшалығында өмір сүру десе қазақта «Құдайсыз қурай сынбайды» дегенді. Барлық ісін, тіршілігін Құдайдың қалауымен сәйкесті өмір сүрудің ерекшелігін; 1.Ізгілік ой ойлау; 2.Жетімдерге қамқормен қарау; 3. Үлкен кішіге ілтипаттылық; 4. Сергелдеңге түспеу; 5. Көзін арамнан тия білу; 6. Қос тілді араластырмау; 7. Жердің қасиетін түсіне білу (жер ана рұқына табанымен жалғанып хабар алумен байланысты) болмақ. Бұл жеті қасиеттілікпен толық мұсылман болумен, ар-ұятты, ынсапты болу деп атау керек. Және мұндай жағдайда жанды таза ұстап, рұқтық қуаттармен ғана жалғану болмақ. Ал, жанды көбейтетін, мәңгілік жанды өсіру үшін қазақ дәстүрінің сопылық тұрғыдағы намаздарын орындау керек болады. Сондықтан да масһабтық тұрғыдағы шариғаттың бекіген дін ісімен, бес парызбен байланысты қағида шарттары немесе қандайда бір дін топттарының, тарихаттардың, осы жеті қасиеттілікті жақсылықты меңгерумен ғана құлшылықтарының нәтижесі болуы керек. Мұны негізінде орта топтық исламдық ұстаныммен байланысты деп түсіну керек. Ал енді қазақ дәстүріне сай құдайшылдықтың сопылық тұрғыда; Ар-ұятты, Ар-ынсапты, Ар-ұжданды болып жан ғылымын меңгеруге жалғануға, аспан мүліктерімен жалғанып, мәңгілік жан ұждандылықты меңгеруге әрбір ата жолына келген пенденің жоғарғы жеті қасиеттілікті меңгерумен бірге бойынан көрініп тұруға тиісті жақсылығын, игілік, ізгілікті белгісін, құдай патшалығында жүруінің ерекшелігін;
1.Жеті ру белгісін алумен, ауызбірлікті сақтаушылық; 2. Жетелік ақылдың толымдылығы сөз өнерін білу; аталы сөзге, сынға тоқтаушылық. 3. Жасампаздық; ата-баба тектілігіне сай дарындылық, қасиеттілік; 4. Әр нәрсенің байыбына бару; сабырлық, имандылық; 5. Тоғышарлықтан ада болу; сұрамшақтық, тіленшекті жек көру, қанағатшылық, шүкірлік; 6.Алла хикметімен жүздесу; Ата-баба мирас кітаптарына жалғанып, аян, уахи, Құдайдан жол-жоба алушылық; 7. Жанға дауа табу; жер ана, көк жұлдыздарына жалғанып, жеті жанды толық меңгерушілік болады.
Әрине бұл жеті жақсылықты меңгеру арқылы ата-бабаларымыздың мирас қалдырған кітаптарына, тектіліктеріне жалғанып нағыз құдайшыл болу, шынайы Аллаға құлшылық қылудың сыры тек қана қазақ дәстүрімен ғана мүмкін болуы да хақ. Ал масһабтық немесе тарихаттық тұрғыдағы дін топтарымен алдыңғы құдайшылдық негізінің бес тармағын ғана меңгеруге болатыны да жасырын емес. Себебі; Қол тілді араластырмай сөйлейтін діншіні табу мүмкін емес. Білімді қауым, ел билеушілер арасынан мұндайлар болғанымен, ана тілінің сөздің ойын сақтап қатесіз сөйлеу үшін де жетесі толық болуы шарт. Ал ондай жетелікті меңгеру үшін де тақуалық бой өрісінің толықтығы, табанның тазалығы, ата дәстүріне сай киімінің де қасиетін, салттарын сақтау керек. Ал оны бүгінгі «гендірлік теңдік, европалық этика» деген арсыздық салтқа байланған саясат ұстанымында мүлде мүмкін де емес. Ал онда; Жердің қасиетін түсінудің қазақ елінде мүлде жоғалғанына әулие-әмбилердің киелі орындардың кез келген арсыз пенденің қызықтап серуендейтін, жеке меншікке пайда табу орнына айналуымен де көрінісін тапқаны да сөзсіз. Мұндай жағдайда жер ана рұқынан хабарсыз, құдайсыз биліктегілердің жерді табыс көзіне, тек қана дүние байлығымен өлшеп, сатылатын мүлікке айналдырып алуынан да, Құдайсыз ел биліктің бейнесін ашық білдіріп тұрғаны да хақ.
Енді мұндай құдайсыздыққа құдайдан жауап болатын, түбінде мұндай құдайсыздар жинаған дүние байлығына мирасы, артында қалатын ұрпағы да қалмай тегі жоғала бастайды. Құдайшылдықтың белгісі қазақ дәстүрінде әулие-әмбилерміздің қалдырған үлгісімен өз тағдырын тазартып басқаруға жетумен, ағайындарға, әлемге, пайғамбарымызға қуат қосумен байланысты болуы да керек. Ал мұндай әлемдік жүйеге қуат қоса білген құлдардың тобы құдай патшалығында өмір сүріп, құдайдың хабарын жеткізуші болуы да хақ.
Сонымен бірге желді, табиғат, жаратылыс қуаттарын құран арқылы басқаруға, яғни Құдайдан сұрап елге, жерге берекетін сұрауға, халықтың бейбіт тоқшылықта өмір сүруіне жағдай жасауға қызмет қылады. Бірақ ол үшінде халықтың да жоғарғы бірінші сипаттағы жеті қасиеттілікті меңгеру жолына шығуы шарт. Әрине мұны қазақ еліне насихаттап амалын орындау жолына тұрғызуға көп құдайшыл, құдайсыздар жол бермесі де хақ. Ел биліктің де мұндай жағдайда өздерінің жалған құдайлық беделдерінен айрылу қаупі болғандықтан, оған қарсылықпен өліспей беріспейтіні де сөзсіз. Олай болса «Қиямет мезгіліндегі рухани сынақтар» деген жазбадан алдағы жарты жылдағы Құдайдың барлығы қалай жария болуын оқып танысыңыздар... (жалғасы бар. Желтоқсан 2016 жыл)