Қиямет деп адамзаттың үйренген қалыптасқан жағдайын Алла үкімімен күрт өзгертуді, басқа бір тосын күтпеген жағдайға өтуді айтады. Өткен кітапта мезгілдік түрлер және сипат есебін келтіргенмін. Әлқисса пайғамбарымыздың кезінде бір кәпірлермен соғыс үстінде Әзіреті Әлі қалқанын түсіріп алып, көзіне түскен темір есікті жұлып алып қорғанған екен жауларынан. Содан соғыс жеңіспен біткеннен кейін, пайғамбарымыз орнына салып қоюды бұйырады сахабаларға. Әлгі есікті жеті, сегіз адам зорға көтеріп орнына қойған екен. Сонда пайғамбарымыз тұрып Әзіреті Әлиге «Рүстем Дастандай іс қылдың» деген екен. Ішінен өзіне-өзі риза болып мақтан кірген ол; «Олар да мен сияқты болған шығар» деп ойға кетіпті. Пайғамбарымыз ойын түсініп, бас шайқап кете беріпті. Әзіреті Әлі түнде түс көріп түсінде қызық бір іс көріпті. Ертесіне сол түсті жорытпақ болып пайғамбарымызға келіпті. Әңгімесін бастатпай-ақ, пайғамбарымыз былай депті; «Түс көрдің, ұзаққа сапар шегіп, түсіңде бір иттің ішінде күшіктері сыртқа шықпай жатып үріп жатыр екен соған таң қалдың. Болашақ менің үмбеттерімде жас балалары өмірді көріп білмей жатып, халыққа ақыл айтатын болады» деген екен. «Сонан кейін алдыңнан кесіп өтіп бара жатқан жыланға таяғыңды тосып едің, таяғыңа оралды, сөйлеп едің қолыңа оралды, айқайладың, мойныңа оралды, амал жоқтан жалындың, сонда ғана жөніне кетті» депті. «Ия солай болды» депті Әзіреті Әлі. «Ол сол заманның әйелдері сондай болады, еркектің жолын кесіп, сөйлесе қолынан қағар, ұрысса мойынға оралар тек жалынып теңдігін, еркіндігін беріп құтыларсың. Сонан кейін бір үйді көрдің, әсемдеп бірінің үстіне бірін қабаттап салыпты, бұл қандай әсем сарай деп ішіне кіріп, сасық иістен шыдамай, қашып шығып құлазыған тамды көрдің, сонан шыққан жұпар иіске таң қалып амалсыздан дем алып тынығуға аялдадың» депті пайғамбарымыз. Солай болған депті сахаба. «Сол менің үметтерімнің тұратын жайлары сондай болар, бірақ дүние соңында жолынан адасар, үйлерінде құран оқылып, Алланы еске алмай сасып ескіден әдеттерінен жаңылысады, ал жұпар иіс тек ескі бейітте аталарында ғана қалар. Сонан кейін әсем бақшада сайрап тұрған бұлбұлға қызығып алдында тұрған асына нәжіске таң қалып; «Япырым-ау бұлбұл да боқ жейді екен-ау дедің». Сол заманның молдалары сөзі керемет, бірақ ісі, қылығы мұсылманнан бөлек болар. Сонан кейін бір ақсақалды шалды көрдің, торсығы жерге түсіп кетіп, өңгеріп жіберуге өтініш айтты. Сен көмектеспек болып, үш рет ұмтылып көтермек болдың, бірақ көтере алмадың, ол шал саған миығынан күліп таяғының ұшымен сен көтере алмаған торсықты алдына өңгеріп жүріп кеткен жоқ па?» деп сұрапты пайғамбарымыз. «Ия сондай ұятқа қалдым» деген екен Әзіреті Әлі. «Ендеше сол Алланың атын аңызға айналдырып қалдырған Рүстем Дастанның өзі болар. Кешегі ойыңа Алладан келген жауап, қанша күшті, үстем, артық бола бер өз замандас қатарыңнан, бірақ бұрынғы өткен бабаларға бәрібір жете алмайсың» деп жауап беріпті пайғамбар.
Енді ойланайық, иманды пенде барлық жақсылықты адамнан демей Алла тағаладан деп қабылдау шарт болса, болып жатқан жақсылықтарды теріске шығарып, діннен аталарымыз қателесіпті деп, өзімізді білімді керемет санап, өзге елдің амалына жүгіну надандыққа жатпайды ма екен? Әлде құран аяттарындағы жан есебінің құпия сырларын тылсымнан жалғасын көріп, білмегендіктен емес пе екен?
Қарасай ауданы Алғабас ауылы. ( Кітап болып басылған уақыты 2007 жыл сәуір айы. «Tandem-2» баспасынан басылды)
Басылымға андатпа-түйін сөз. Бұл басылым кітапшаның алдында «Ақиқат бастауы» атты кітаптың екі бөлімі жарық көріп және көптеген басылым беттерінде жарияланбаса да баспасөз және телехабар тарату ақпарат орындарына, құзырлы мекемелерге, жеке-жеке дін қызметкерлеріне, мүфтият ғалымдарына таныстырылып, табысталып отырғанмен ешқандай жауап та, басқалай пікірге шақырған әрекеттер де, бұл қалай деген сұрақтар да болған емес. Діншілердің, әкім қаралардың және ғалым, философ, психолог атты мамандардың бейтараптығынан онан бері көптеген ата салт-дәстүріне, ұлттық дін ұстанымызға заң жүзінде де ақпараттық сөз майданында ашықтай шабуыл ұйымдастырылып, жеңістерін тойлап та үлгірді. Бірақ құдаймен соғысып опа тапқан адамзат тарихында болған емес, керісінше санасы уланған, жалған рухани қарсы күштердің ықпалына түсіп, дінді ертегіге айналдырған тәпсір, үгіттердің буына мас болған халқымыз енді қара күштердің қақпанына түсіп, еліміздегі болып жатқан келеңсіз оқиғалар мен рухани қақтығыстардың нәтижесі айтпаса да түсінікті. Соған байланысты үкімет басшылары есін жиып «дәстүрлі дінді» қолдау көрсетуге талпыныс жасап жатыр. Әрине ештен кеш жақсы дегендей, игі шара болғанмен әуелі сөз түзелмей елді, қалай заңмен дінді түзеуге болады? Әрбір танымал нәрсенің өлшемі мен тілін білмей әрекетке барса «боғы шығады». Діннің тілі мен шамасын философиямен, псхологиямен (жан сыры) өлшемесе құр шектегеннен пайда жоқ, тек кері ғана әсері бар. Философясы мен ісі жақын жүрген бір-ақ адам бар қазақ елінде, ол – ел басы.
Бірақ өкінішке орай ел басымызға діннің тура жолынан, ғылымынан ақыл беретін психология ғалымы да, философтарымыз да өз сөздерін өздері түсінбейтін, өздерін жаманмен салыстырған жақсылар қатарында. Аталарымыз итті де қарсы оған үріп емес, сүйекпен ұрып үйреткен. Әрбір жандының, қылықтың философиясы мен жан сыры мен қалай тезге салуды кезінде бабаларымыз әлемге үйреткен. Діннің шектеулісін ғана біліп, үнемі толықтырылып отыратын шектеусіз сырын, үнін, барымызды, рухани жетістігімізді жоғалтып, таразы басына қоятын сөзінің салмағы жоқ тек діннің дәстүрлік сипаты деп, онда да жаратқаннан әулие бабаларымыздың алғанын емес, араптардан қалғанын яғни дінінің мұсылмандық қарызын жоғалтқан 4-парыздық (қаж парыз емес) рәсімдік сипатын және муфтияттың ұсынған Ханафи әулие үлгісі «фиқһ» ғалымын дайындаудан қазақ елінде дінде қандай жетістік, қандай өнегелі әулие шықты? Дайындаған ғалымдарының ойлары кеміс, шешендіктері теріс, ғалымдықтарының малға шапқан қасқырлығы мен елдің рухын ұрлаған түлкілігі ғана. Масхабты, шариғатты ғана дін қылып онда салтымыз, ғұрпымызды және тозған білім мен өзге жұрттан алған әдетімізді не істейміз? Діннің бір тармағын алып оны мемлекеттен, ғылымнан бөліп қалған бөлігін дін емес деп, аманатарымыздан қашып, құдайдан жасырынып, өзімізді өзіміз заңмен шектеп алдарқатқаннан не шығады? Ғасыр бойы жиналған аманаттардан, күнәдан қалай ақталып, рухани жүгімізді кім түсіреді? Сыртымызды әдемілеп намаз оқып, қажға барғаннан жүгіміз түсіп, ақыл-ойымыз, рухымыз, санамыз, ішіміз түзеліп жүрегіміз тазарып кетеді ме? Жас балаға бәрін тиым салып, орнына мынаны жаса деген дұрыс әрекетті көрсетпесе онан қандай тәрбие, рухани жетіледі? Сол сияқты рухани құндылық жолына ізденіске кірген халық та жас бала сияқты.
Әлемде діннің кейбір кесірлеріне тиым, шектеу бар, бірақ орнына ұсынған шектеусіздік жолы, рухани таза ақпарат болмағасын керісінше ондай заңдар күнәні өсіруге, надандардың жасырған, тиым салған нәрселеріне құштарлықтарын арттырып, қатарларын көбейтуге ғана жәрдем беріп жатыр. Қазақ ел басшылары, ғалымдар да осы сүрлеудің үстінде тұр. Оған себеп ата жолын өздеріміздің ата заңымызбен үкім шығарып соттап, енді қателіктерін мойындауға тәкаппарлықтары мен білімсіздіктері, ойшылдықтары, ақирет, тылсым, жан сырынан білімсіздіктері мен өздерін төменмен, қарапайым халықпен, шет елдің толық рухани жетілмеген ойшылдығымен салыстырып алған дәрежелері мен үлкендіктері жібермей тұр. Онда құдайдың қаһары да әлемге төніп тұрған қара бұлттың қазақ жеріне де жуық арада жарығын, шуағын түсірмесі айқын. Бұдан қандай қорытынды шығаруға болады? Ол тек Момбай Ұлы Қыдырәлі бастап ірге тасын қалап кеткен рухтың, Құдай патшалығының елімізге түскен үкімін, аруақтар батасымен ғана әрекет етуді әрбір пенде тек рухтың, таза ақылдың жетегімен күнәдан ақталу жолын көлемді түрде насихаттап жалғастыру. Бірақ ата жолы неге осындай күйге түскенін, себебін және осындай сынақтарға себепші болған жалған аққу, сұңқар, сарбаздардың кім екенін, жалпы дін шариғатын яғни ұлттық ата заңымыздың салттық амалдарын өзге ислам елдерінен ерекшелігі бар, жан өсуін, рухани кемелденуді қалыптастыратын діни дәстүрлік тазару ұстанымдарды берік ұстанбаудан ұлтына сай салттық, ғұрыптық ар-ұяттан аттап, к..тін көрсеткен, тәнін ашып, арын саудаға салған қылықтармен ұлы керуеннің көшін алға жылжыту мүлде мүмкін емес екенін әрбір саналы, ұлтына жан ашыр, еліне қамқор болғысы келген адам баласы білуге тиісті ақпараттық майданды өз ішімізде ашу керек. «Сын түзелмей мін түзелмес!». Туралық болған жерде туысқандыққа жол бермей, арамыздағы қаптап жүрген жалған ұстаз, әдепсіз, ар-ұятсыз, мақтанқұмар, даңғой, білімсіз, шариғатқа теріс қылық жасайтын қуыс кеуде аққу, сұңқарларды көпшілік алдында әшкерелеп, кімнің кім екенін халыққа үлгілі, ізгілікті, әдепті іс-қимылдармен дінді ұстану жолдарымен ата жолының құндылығын ізгі амалдармен көрсете білуіміз керек.
Жалпы ата жолының болашақта нақты діннің ең тазасы және бүкіл діндердің біріктіруші үлгісі болуға өзінің қазақи әдебі, парасаттылығы, мәдениетімен, сөзімен үлгі болатын аққу, сұңқарларды қалыптастыру керек. Дін білімін, құранның тек ата жолына белгілі болған құпия сырлары мен ата-баба аманаттары мен еңбектерін ақпарат жүзінде қазақ еліне ғана емес әлемдерге талқыға ұсынатын кез де жеткен сияқты. Оған ата жолының тәжірибе сынақтарынан өткен ұландары мен білімді, көргенді әйелдерімізді, аналарымызды орта топтан сауатты, көргені мен өмірлік тәжірибесі мол ұлт жанды азаматтарды қатарымызға шақырып, діншілермен, ғалымдармен қолда бар мағлұмат, білім, іс тәжірибемізбен таразыға түсіп, көркем сөзбен пікір таласқа және аруақ батасының құдіреттілігін, берілген емшілік, бақсылық хикметтерді де ортаға салатын уақыт келді. Сондықтан үкіметіміз қандай шешім шығарса да сабырлық сақтап, тек өнегелі ізгі іс арқылы ғана ата заңымыздың қайта қаралып, халыққа ата дінімізге, тарихи шежіремізге, құдай патшалығына, аруақ заңдылығына қызмет ететін шешімге келуге, болашаққа пайдалы ұрпақтарымызға үлгі қалдыратын «Жеті жарғысын» шығартуға жол көрсетейік, насихаттайық! Ата жолымыздың негізгі насихаты мен дін ұстанымымыздың бүкіл ойшылдық (философиясы), жан сырының түсініктері Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбектерінде және Інжілде толық қамтылған. Сондықтан Ата жолымыз өмірден өткен даналарымыздың жолы екенін дәлелдейтін білім жолына үлес қосуға ат басын бұрғанымыз абзал. Абай атамыздың әулиелігі де осы ата жолының, қазақтың ата дінінің ой бағатын шопандығының (діннің) болашақта қандай сынаққа түсетінін астарлап мысал келтіріп кеткен; Бұл біздердің бүгінгі күнгі дін басқару ісіндегі ақиқаттың айнасы. Қазақтың дін қойын баққан діншілер мен басшыларының назарына; «Малдарың және жандарың жайында әрине сыналасыңдар; сондай-ақ сендерден бұрынғы кітап берілгендерден және мүшріктерден де көптеген реніш естисіңдер. Егер сабыр етсеңдер әрі сақсынсаңдар; шәксіз бұл маңызды істер» «..оларға ашық дәлелдер келгеннен кейін қарсы шыққан қауымды Алла қалайша тура жолға салады? Алла залым елді тура жолға салмайды.» (3-186,86) деген аяттарды Абай атамыз діннің бірленуін, кітаптың, ақыл-ойдың оқылуын, рухтың жаңаруын ескі әдетінен танбай қудалайтындарды «антұрғандар» деп төмендегідей мысалмен тәпсірлеп кетіпті;
Бір таудағы хайуанды бір арыстан
Билеген патшасы екен әуел бастан.
Әділ атақ алмақшы ниеті бар,
Ешкімді ауыртпастан, жылатпастан.
Онысы рас, басында тәуір болған,
Сөйтсе де кімді бұзбас бақ антұрған.
Алдынан жан шықпаған патшамыздың
Ала қойды көргенде көзі ауырған.
Ала қойда кінә жоқ жүннен басқа,
Қойдан қашып шығыпты патша тасқа.
Көрсе қаза тұрады аза бойы,
Болмады бұған айла ойламасқа.
Тұрды патша қайғырып уайым жеп:
"Ала қойды болады қайткенім еп?"
Аю, түлкі - қасында уәзірлері,
Кеңеседі оларға "қайтемін?"- деп.
Қолбаң етіп, қорс етіп сөйледі аю:
- Батыр патшам, не керек көп ойлану?
Қойды жан деп, есіркеп кім аяйды?
Ақылы - ала қойды қырып салу.
Қабағын түйді арыстан сөзін ұғып:
Өлтірмегім оңай-ақ қойды сығып.
Өз жұртын өзі қырған патша бар ма?
Жаман аттан қорқамын, кетсе шығып.
Бекер қан төктірмеңіз, әділ патшам,
Сөкпеңіз,- деді түлкі,- мен сөз айтсам.
Оңаша бір өзенді қойға беріп,
Қайраңын да семіртіп, кең жайлатсаң.
Жарлықты кешіктірмей тез беріңіз,
Жаманды жақсыменен тең көріңіз.
Ала қой қорыққаннан өзі азаяр,
Қойшылыққа қасқырды жіберіңіз.
Қара деп қатты тапсыр ала қойды-ақ,
Өзгесі өсер, ол кемір, сөзіме бақ
Жақсы сөзбен біреуге тапсырған соң,
Жаман аттан боласыз сіз-дағы аулақ.
"Құп" деді, оны арыстан қабыл көрді,
Қасқырға "жақсы бақ" деп жарлық берді.
Ала түгіл ағынан тыныш бопты,
Түлкінің айтқанындай қылып еді.
Түлкінің айтқаны рас, жұрт - ақылсыз,
Көре салды қасқырдан баяғы арсыз.
Антұрғандық түлкі мен арыстанда,
Ол болмаса, не қылмақ қасқыр жалғыз?
Адам баласына жаратушыдан нәсілдерімізді түрлі-түсті және ұлттық ерекшелігімізді белгілеп уәде алған, ол уәдеміз ана тілі болса және ата аманаты ата салт-дәстүрлік дінімізді құрметтеуді, антымызға қиянат жасамауға жаратушымыз парыз қылып бекіткен. Осы екі рухани құндылығымыздың қазынасын бір-бірімізден күнде сұрап; «Мал-жаның аман ба?» деп амандасқан қазақ едік. Енді ата-бабаларымыздың мыңдаған жылдар жаратқанның сынынан сүрінбей, жоғалтпай, сақтап біздердей бақытты заманның ұрпақтарына өткізген аманатқа кімдер суық қолын созып; «Ат аттаттырып, сүйекке таңба салғызды?». Кімдер адал рухани азығымызды арамға айналдырып, оған ел басшы, ғалымдарға дейін қалай сендіре білді? «Енді бүгін кім жаман? Данышпан емес, кім надан? Қамқор емес, кім жауыз? Жомарт емес, кім сараң? Көсем емес, кім жалтақ? Шешен емес жоқ адам. Бәрі білгіш, бәрі ер, Жеткіздің, Алла тағалам.» (Міржақып Дулатұлы)
«Түнге үйренген жарқанат, Күннің оған сәні жоқ, Қорегі нәжіс құзғынға, Адал астың дәмі жоқ.» (Жамбыл ата). Әрбір істің де сөздің де нәтижеленетін кезі келіп, одан ешқандай адам баласы ақирет, өлімге дейін де жауапсыз өтіп кете алмайды, Таразы тартылды, рухани егінге орақ түсті, жер ана жүгін шығарып әрбір пендесіне періштелер түсетін «шақ» келді!
Інжілден ескерту; «Кім жасауға тиісті жақсылықты біле тұра жасамаса, сол күнәлі! (зияраттау, Алла жолында мал жұмсау, хайыр жасау, емшілік тазарту істері) Сонымен, байлар, құлақ түріп тыңдаңдар! Бастарыңа төніп тұрған қасіреттеріңе бола зар еңіреп жылаңдар! Дүние-мүліктерің шіріп, киімдерің (рухани дене, мал, жан) күйеге жем болды, алтын мен күмістеріңді (жан киімі мен рухтың азығы) тот басты. Солардың тоты сендерге қарсы айғақ болып, тәндеріңді оттай жалмайды. Осы заманның ақыры жақын болса да, өздеріңе қазына жинап келесіңдер! Міне сендер егіндеріңді жинаған жұмысшыларға (аруақтарға) төлемеген тиесілі жалақылар (садақа, құрбандықтар) өздеріңе қарсы айғақ болып шағынып тұр, орақшылардың айқайлаған дауыстары (күн күркіреп, періштелер) әлемді билеген Жаратқан Иенің құлағына жетті. Сендер бұл дүниеде молшылыққа белшеден батып, рахат кешіп келесіңдер. Құритын күндерің жетсе де, бордақылаған малдай семірудесіңдер. Тіпті өздеріңе қарсы шықпаған әділділерді соттап, өлтірдіңдер! Сотталмауларың үшін, бауырларым, бір-біріңнің үстеріңнен шағым айтпаңдар. Үкім шығаратын Иеміздің жуырда қайта оралатынын білесіңдер ғой. Ол есік алдына келіп қалғандай жақын». (Жақып: 5-тарау)
Інжіл философиясы бойынша қиямет мезгілі жер бетінде адамзаттың өздеріне берілген нығмет пен білімнің арқасында, шаруашылық істердің жетіліп білім тозуымен, керісінше рухани жетілу тежеліп, халықтар түрлі азғындық, құдайсыздық теріс қылықтармен, ойын-сауықтармен өздерін мұңсыз көріп, жер бетінің үстем билеушісі болып сезініп, түрлі дінсіздік істерімен азғындыққа түсетін кезеңдері мезгілдері болып, сол уақытта жаратушы тарапынан өз араларында мұғзижа, хикметтермен елшілердің келіп, бірақ ондай халық арасынан дінге шақырған адамдарды мазаққа айналдырып қудалану әрекеттерінен кейін апаттар, сынақтар болып үлкен ескертулермен, азап аурулармен жер бетінде пайда болатын оқиғалар, қорқынышты белгілер арқылы Ғиса пайғамбарымыздың хикметті істерінің рух үстемдігінің қайталанып, адамзаттың екінші бір ақпараттық кезеңге өтуі және діннің үстемдігі мен хикметті рухани даму, құдайлық адамзат санасын оятумен ақыл-ойларын жетілдіру заңдылығы жүретінін ескертеді. Бұндай қиямет мезгілдері жер бетінде дүние жүзілік соғыстар немесе ашаршылық індеттер арқылы да үнемі қайталанып отырса, ал рухани соғыс 400-500 жылдай аралықта үнемі қайталанып отыратынын әлем тарихынан да қазақ елінің бабалар аманаты шежіресінен де көрінісін береді. Қиямет оқиғасының әлемдік деңгейде біртұтас қайталануы әрбір 700-1000 жылдық арасын қамтитын қиямет өзгерісі болып, ол оқиғаның енді біздің өмір сүрген заманымызға келіп тұрғанын Мұхаммед пайғамбарымыздың өсиеттері мен құранның да растайтынын осы шағын кітапшалар арқылы нақты дәлелдермен ғылым, білімін және ислам дінінің нақты бейнесімен ислам әлемінің қалай кері шегініп дін тұтастығын бөлшектеушілерге айналғанына дәлелдер береміз.
2011 жыл Қыркүйек айы.