Адам атамызды рұқтан жаратып, бірақ қай нәрсені де жұп парымен жараттым деген уәдесі бойынша талай заман өтіп, Адамдықтың өлшемін жоғалтқанда үлгі болсын деп Ғиса пайғамбарымызды керісінше Мәрийем анамыздан жаратқанды. Және Адамдықтың үлгісі көмескіленгенде, Ғиса пайғамбар көктен түсіп, адамзаттың ішінен өтіп, кім мұны қабылдай білсе, сол адамдық қасиетті меңгереді, яғни Ғиса қиямет мезгілінің белгісі деген. Сонымен адамдықтың шынайы үлгісі, қасиетті, рұқты меңгерумізді: «Шын мәнінде сендерге Раббыларыңнан мұғжизамен келдім. Сендерге құстың мүсіні сияқты жасап, оны үрлеймін. Сонда Алланың бұйрығы бойынша құс болады. ( ҚҰС ТІЛІН МЕҢГЕРУ) Және Алланың бұйрығынша, анадан тума соқырды, аламесті жазып, өлікті тірілтемін (ЕМШІЛІК, ЕЛШІЛІК, АҚ БАҚСЫЛЫҚ ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) әрі үйлеріңде не жеп нені қойғандарыңды хабар беремін. (КӨРІПКЕЛДІК ҚАСИЕТТІ МЕҢГЕРУ) Расында бұл жағдайда сендер үшін әрине үгіт бар. Егер иман келтірген болсаңдар» (3-49).
Ал енді бұл жағдайды, қасиеттерді меңгеру АДАМДЫҚ емес дегендер имансыз екені де хақиқат. Енді қазақта мұндай толық иманды АДАМДАРДЫ дайындайтын тарихатты меңгеріп топ басшылары пірлер болу керек дейді. Ал онда олардың өздерінің Адамдық-иман жағдайлары, көрсететін кереметі, мұғжизалары қандай екен? Раббымыздан сұрап алған деректер бойынша;
Тарихатта болу; АҚАРЫСТЫҚ белгі болып; 7 түрлі қасиетті меңгерумен, Шежіреден хабар алумен, Табаны таза болуымен жерге жалғану хикметі болуы шарт. Және Төрт көзі (төрт жақтық көлеңкелері, көздері) түгел болуды білдіреді. Бірақ қазақ дәстүрі Ясауи бабамыздың салып кеткен ілім жолы бойынша тарихатпен ғана шектелмеуі керек. Тарихатты толық меңгеріп Адамдықтың жоғарғы 70 бұтақты имандылық дәрежесін; МАҒРИПАТТА БОЛУ деп атайды. Мағрипат; Сан ғылымын меңгерумен, жетесіздіктен мүлде ада болумен саналық қасиетті толық меңгеру құлшылығымен байланысты. Сана қасиеттілігі арқылы; Жетелік жоғарғы сатыға шығып, тұңғиыққа бойлаумен, дарабоздық қасиетті меңгерумен, киіктің жылдамдығын, ойдың ұшқырлығын меңгеру арқылы; Мағрипат ДАРБАЗА-дан өту деп аталған.
Ал енді мағрипатпен де қазақ дәстүрі тоқтап қалмайды да әрі қарай АҚИҚАТ деген белесі бар. Ақиқаттың белгісін тарихаттың Пірлері, масһабтың дін ғұламалары, философтар, ел билеушілер дін ісінің басшылары, қазақ ойшыл үлкендері жазушы, ақындар айтып берсін. Біздер ата жолдықтар тыңдап көрейік. Ақиқаттық танымның үлгісін сипаттайтын білімінсіз, дін тазасын меңгеріп ғибратты ісін қайталайтын әулиелер мектебінсіз әділеттілік орнатуға бола ма? (тамыз 2016 жыл)
Жер - ұлттың денсаулығының, ақ жаулық байлығының кепілі. Жерді ауыртса жер нәсілі азып, өнбей ұлт жоғалады. Жер нәсілін көбейту табиғаттың өзін-өзі емдеп тыныс алуына кедергі болмаумен байланысты. Әрбір жерден өскен біз үшін арам шөп болса, ол нәсілдік қуатты тазартушы жердің туған баласы деп білген жөн. Ал жерін тек дүние байлығы құралы ретінде таныған елдердің бәрі жаны жоғалып семіздікпен дерттеніп жатқанына қарамай Ел басшымыз соларды үлгі қылады. Демек ИМАНЫ әлсіз. Иман бар жерде санадан хабар келеді. Санадан хабар алғандар қуануы керек. Жерді қорғауды, ластамауды, дем алдырып тоздырмай арттағы ұрпақтарға өткізуді міндетті түрде уайым қылулары да керек. (Ойға түрткі ақылға дем тарауында бұл жағдайдың ғылымдық сырын баяндап жатырмыз).